Материал на тему Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін психологиялық ойындар мен жаттығулар

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Материал на тему Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін психологиялық ойындар мен жаттығулар













Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін психологиялық ойындар мен жаттығулар





Шалова Балжан Богембаевна

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебінің педагог-психологы

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын

арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары. Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.

Ойындар мынандай түрлерге бөлінеді:

Дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино» және тағы басқа.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты-балаларға білім-білік, іскерлік, әдет -дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті - балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

Сюжетті-рольді ойындар

Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Мектеп» ойынын ойнағанда мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты ұғады.

Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілетін ойындар мен жаттығулар:

1.Ойын «Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі- оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы

бізбен бірге, олар біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Кәнеки, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады.

2. Ойын «Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты: адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

3. Жаттығу. «Еркін тақырыпта сурет салу».

Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі. Осы уақытта алдарындағы ақ параққа қандай сурет салатындарын ойланады. Белгі берілген кезде суретті бастайды. Келесі белгі соғылған кезде суреттерін оң жағындағы оқушыға береді, сол жағындағы оқушыдан суретін алып жалғастырады.

4. Жаттығу. «Денелік өзара әрекеттесу»

Мақсаты: Топ белсенділігін арттыру. Жағымды көңіл-күй орнату.

Барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Жүргізушіге орындық жетіспеген сияқты шеңбердің ортасында тұрады. Ол жүргізушінің рөлін атқарады. Жүргізуші қалай кіммен орын ауыстыратынын жариялайды. Мысалы: «Кімде қара аяқ киім болса, солар орындарын ауыстыруы керек. Содан кейін қалған адам жүргізуші рөлін атқарады.

5. Жаттығу. «Менің көңіл-күйім»

Мақсаты: оқушының өз көңіл-күйін игеріп, басқаруын дамыту. Алдыңыздағы дөңгелекшеге өзіңіздің бүгінгі көңіл-күйіңізді суреттеп салып беріңіз.

6. Ойын. «Қорапқа түрлі жеміс-жидек сал»

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту. Нұсқау: Жүргізуші «Мен қорапқа алмұрт салдым» -деп айтып, келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. «Мен қорапқа алмұрт пен жүзім салдым». Келесі ойыншыларда осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.

7. Ойын. «Әңгіме құрастыр»

Нұсқау:Әр ойыншы кезекпен 1-1 сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болуы керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.

8. Ойын «Қай сөз артық»

Мақсаты: логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту.

Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балаға доп лақтырып төрт заттың атын айтады, бірақ оның біреуі артық болады. Соның артығын бала анықтауы қажет.

Сөздердің нұсқауы:

  1. Қызанақ, қияр, сәбіз, қоян, шалқан

  2. Алмұрт, алма, қарбыз, доп

  3. Поезд, ұшақ, машина, аю

  4. Үстел, орындық, төсек, шәйнек

  5. Қарға, бүркіт, ара, балға

  6. Шие, жүзім, картоп, троллейбус

  7. Шаңғы, коньки, кеме, шана

  8. Шырша, аққайың,емен, бүлдірген

  9. Шатыр, есік, терезе, орамал

  10. Раушан, қызғалдақ, бәйшешек, картоп

  11. Қасқыр, түлкі, аю, мысық

  12. Қар, аяз, мұз, ыстық

  13. Аяқ, қол, бас, етік

  14. Сүт, шәй, айран, қияр

  15. Карта, тақта, оқушы, кірпі

9. Ойын «Мақтаншақтар»

Мақсаты: ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, ұжымдағы маңыздылығын көтеруге бағытталған.

Мазмұны: Барлық балалар шеңбер жасап отырады. Олардың міндеті

бірде тапсырманы керемет орындағанын айту. Сөйлемді «Бір күні мен... деп бастау қажет. Мысалы: «Бір күні мен мектепте жолдасыма көмектестім» немесе «Бір күні мен үй тапсырмасын жылдам орындадым» Ойлануға 2 минут уақыт беріледі, мұнан кейін балалар шеңбер бойымен қысқа хабарлама жасайды. Барлық балалар өз ойларын айтып болғаннан кейін жетекші сөйлемдерді жинақтауға көмектеседі.

10. Ойын «Төрт құбылыс»

Балаларға ойын ережесі түсіндіріледі. Егер «жер»-деген сөз айтылса, қолдарымызды төмен түсіреміз. Егер «су» -сөзі айтылса қолдарымызды алға созамыз. Егер «ауа» сөзі айтылса қолдарымызды жоғары көтереміз, егер де «от» деген сөзді естісеңіздер, қолдарымызды шынтақ тұсынан айналдырамыз.

11. Ойын «Айна»

Балаларға ойын ережесі түсіндіріледі. Екі бала, біреуі жүргізуші, екінші-қайталаушы. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды және бет-әлпет қозғалыстарын көрсетеді. Екінші бала тура көргендей қайталап беруге тиісті. Сосын екеуі орындарымен ауысады.

12. Жаттығу «Түрлі -түсті доптар»

Мақсаты: оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

13. Ойын «Сиқырлы сөздер»

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші».

14. Жаттығу. «Әрқашан күн сөнбесін !»

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.

15. Жаттығу «Жағымды сөздер».

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

  1. Ойын «Сәлемдесу»

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен…иекпен…өкшемен…арқамен.

  1. Жаттығу«Кім, нені жақсы көреді?»

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.

  1. Жаттығу «Болады, болмайды»

Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

  1. Ойын «Ватмандағы саяхат»

Ойынға ватман мен бояаулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз, әрқайсысымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. Әрқайсысына 10 секундтан уақыт беріледі.Әр түрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояауларды қолдануға рұқсат.

20. Жаттығу «Қане, кел таныс болайық»

Жаттығу танысу үшін жасалынады-әркім кезекпен өз атын атап есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы Серік-сникерс, Айназ-альбени т.б.

21.Жаттығу «Құлақ-мұрын»

Мақсаты: оқушылардың зейінін тұрақтандыру. Барысы: Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «құлақ»,-деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

  1. Жаттығу «Поезд»

Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңіл-күйлерін көтеру.Шеңбер бойымен 1, 2 - ге саналамыз. 1нөмірлер - 1 шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер - 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін жаттығуды жасайды.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Шынында да, ештеңе жоқ ұтылар,

Әр адамның өз несібе, құты бар.

Ең бастысы-дүниеге келгесін

Әр баланың бәріне тең құқы бар.

«Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық.





© 2010-2022