Тренинг сабақ ҰБТ және біз

Тақырыбы: Біз және ҰБТМақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге сенімділікпен дайындалуын, стресс жағдайларын жеңе білулерін қамтамасыз ету. Жүйкелік –психологиялық күштенуден арылуға жағдай жасау және кеңес беру. І. Тренинг шарты 1. Берілген тапсырмадан тыс қалмау;2. Бірін-бірі тыңдау және сыйлау;3. Бір-біріне қолдау көрсету;4.Уақытты тиімді пайдалану;5. Жағымды эмоция тудыру ІІ. Тренинг жоспары: 1.«Мен қалаған есім»2. «Қар қиыршықтары»3. «ҰБТ» -ол ...»4. «...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл орта мектебі



Біз және ҰБТ


Психологиялық тренинг- сабақ


Мектеп психологы: Қ. Шаңбаева




«Бекітемін»

Мектеп басшысы

________ Ә.Ж.Қадым.

Тақырыбы: Біз және ҰБТ

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге сенімділікпен дайындалуын, стресс жағдайларын жеңе білулерін қамтамасыз ету. Жүйкелік -психологиялық күштенуден арылуға жағдай жасау және кеңес беру.

І. Тренинг шарты

1. Берілген тапсырмадан тыс қалмау;

2. Бірін-бірі тыңдау және сыйлау;

3. Бір-біріне қолдау көрсету;

4.Уақытты тиімді пайдалану;

5. Жағымды эмоция тудыру

ІІ. Тренинг жоспары:

1.«Мен қалаған есім»

2. «Қар қиыршықтары»

3. «ҰБТ» -ол ...»

4. «Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар»

5. Тест. Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтау. (М.Е. Литвак)

6. «Ақ парақтың екі бөлігі»

7. Өз қорқынышыңды жеңе аласың ба?

8. «Мен кіммін» әдістемесі

9. ҰБТ психологиялық дайындық ережелері

10. Қорытынды «Майшам»жаттығуы арқылы аяқталмаған сойлем

Психолог сөзі: Құрметті мектебіміздің түлектері бүгінгі тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер.Тренингімізді бастау үшін тренинг-сабағымыздың жоспары және шарттарымен танысып алайық.

1.«Мен қалаған есім» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, тренингке белсенділігін арттыру.

Нұсқау: Оқушылар өздеріңді қалай атағанды ұнатасыңдар? Ата-аналарың, достарың, мұғалімдерің, туыстарың,сыныптастарың?

Релексация: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін өзіңді солай атауын қалайсың ба?

2. «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір

3. «ҰБТ» -ол ...

Мақсаты: Оқушылардың әр нәрсеге соның ішінде ҰБТ -ге жан -жағынан қарай білуге, талдауға, үйрету.

Нұсқау: ҰБТ-дің 5 жағымды және 5 жағымсыз жағын атап, талқылайсыздар

4. Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар

Мақсаты: Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар туралы психологиялық кеңес.

Стресс - адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье 1936 жылы. Стресске орай адам организмінідегі әр - түрлі өзгерістер тән болып саналады. Психологияда стресске ең басты мінездеме ретінде көбіне мазасыздықты айтады.

Бірінші аңыз. Стресс барлығына бірдей. Дұрыс емес! Стресстегі ситуация бір адамға қалыпты ал екінші адам оны сол деңгейде қабылдамауы мүмкін. Мысалы: бір әйел үшін отбасында қонақты қабылдау аса қиын шаршаңқы процесс болса, ал кейбір әйел адам үшін бұл қуаныш болып саналады. Барлығы қабылдауға байланысты болып саналады!

Екінші аңыз. Стресс үнемі зиян. Бұлда шындықтан алшақ болып саналады. Стресс скрипканың әуенін қалыпқа келтіру үшін, қылы қаншалықты қажет болса, біздің өмірімізге де, соншалықты маңызды факторлардың бірі болып саналады. Егер ол әлсіз болса, онда үні жай шығады, ал егер қатты болса, скрипканың даусы нашар шығып, тез арада үзілуге алып келеді. Стресс өмірді құлдыратуы да және мәнді етуі де мүмкін. Барлығы Сіздің қабылдауыңызға байланысты болып келеді.

Үшінші аңыз. Бізді барлық жерде стресс күтеді, онымен еш нәрсе жасауға келмейді. Шындығында бір нәрсе жасауға болады, ол стрессті күлкі ретінде қабылдап, шынайы шешім табуға тырысу болып саналады.

Стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар негіздері

Оқиғалар

Әсер ету шкаласы

Жолдасының қайтуы

100

Ажырасу

73

Жұбайлар арасындағы қашықтық

65

Түрмеде отыру

63

Отбасының жақынының қайтуы

63

Жеке ауру немесе жарақат алу

53

Отбасын құру

50

Қосымша факторлар

Әсер ету шкаласы

Жұмыстан айырылу

47

Жұбайлардың достасуы

45

Зейнеттікке шығу

45

Отбасындағылардың денсаулықтарының күрт нашарлау

44

Жүктілік

40

Жыныстық мәселелер

39

Отбасында жаңа адамның пайда болуы

39

Жұмысты өзгерту

39

Қаржылық мәселелерінің өзгеруі

38

Жақын досының қайтуы

37

Жұмыс бағытын өзгерту

36

Жұбайлардың қарым қатынасың нашарлауы

35

Үлкен қарыз

31

Қарызды өтей алмау

30

Жұмыстағы міндеттіліктердің өзгеруі

29

Қыз немесе ер баланың отбасын тастауы

29

Заң мәселелерінің туындауы

29

Жеке басының жетістіктері

29

Отбасындағы әйел немесе ер азаматтың жұмыстан айырылуы

26

Мектепке бару немесе аяқтау

26

Тұрғын жерінің өзгеруі

25

Жеке дағдыларының өзгеруі

24

Басшымен туындаған мәселелер

23

Жұмыс уақытының өзгеруі

20

Тұрғылықты мекен жайының өзгеруі, көшу

20

Мектепті өзгерту

20

Демалыс мерзімін өзгерту

19

Діни көзқарастарын өзгерту

19

Әлеуметтік белсенділікті өзгерту

18

Ақша үшін қарым-қатынас

17

Ұйқыға байланысты дағдыны өзгерту

16

Қонақ қарсы алудың санын арттыру

15

Тамақтағы дағдыны өзгерту

15

Демалыс

13

Жана жыл

12

Шамалы заңсыз әрекеттер жасау

11

Стресс, және оның белгілері.

ҰБТ- бұл өте ауыр емтихан , оқушы психологиясына соққы береді.Өйткені оның алдында мүлдем жаңа міндеттер қояды.Мұндай ауырлықты оқушы жанына сездірмеу керек, және оқушы емтиханда өзін жеңіл сезініп, жеңіл орындап шығу керек.

Енді емтихан алдында «Стресс- тест» өткізіп, қорытындысын шығардық.Өздеріңе таныстырдық.Көпшіліктеріңіз емтиханнан қорқамыз, қобалжимыз депсіздер.Енді алдымен не істеуіміз керек.Ең алдымен өмірдің стилі мен өз-өзіңді өзгерту қажет.

Уолтер Расселдің сөзінде «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңдар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп, немее ауруға шалдығасыз», «Істеген ісіңізді сүю қажет немее сүйіспеншілікпен жасау қажет»-Шығыс даналығы осылай дейді.

Стресстің физиологиялық белгілері: алаңғасарлық, жадының бүзылуы, қобалжушылық,ашуланшақтық,уайымшылдық, себепсіз қорқыныш сезімдері.Мұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуына психикалық іс-әрекеттің төмендеуәне және дәрілік тәуелділікке әкеледі.

5. Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтауға арналған тест (М.Е. Литвак)

Мақсаты: Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтау

Нұсқау: Сағаттың тілін секундпен қойыңыз; Сағаттан көзіңізді алып ойша 1 минутқа дейін ішіңізден санаңыз; 1 минут өткеннен кейін сағатқа қараңыз;

Қанша секунд өтті?

65- секунд қалыпты;

55-64 секунд шамалы мазасыздық;

45-54 секунд орта деңгейдегі мазасыздық.(сізді не уайымдатады, ойланып көріңіз )

45- секундтан төмен психологқа көрініңіз ;

35 - секундтан төмен дәрігерге көрініңіз.

6. «Ақ парақтың екі бөлігі»

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.

Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке боліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жағына «-» белгісін белгілеп, ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақты жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

Енді осы теріс жағадайлардан арылғымымыз келеді ме? Не үшін? Не себепті?

Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.

7.Өз қорқынышыңды жеңе аласың ба?

Мақсаты: Жеке тұлғаның қорқынышын анықтау

Нұсқау: Мына абстрактілік суретке анықтап қараңыз. Мына сурет белгілі бір ойды білдіретіндей етіп аяқтау үшін мына берілгенге не қосар едіңіз. Ойыңызға басшылық етудің керегі жоқ, өзіңізді еркін ұстап сезіміңізге ерік беріңіз. Сіздің ақыл-ойыңыз емес санаңызбен жұмыс толықтырыңыз

8. «Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


9.ҰБТ психологиялық дайындық

Мақсаты: Оқушыларға психологиялық кеңес беру (парақшалар тарату)

Стресс жағдаятынан шығу кезіндегі өзіңіздің көңіл-күйіңізді төмендегі шкала бойынша 100 пайызды әрқайсысына бөліп бағалаңыз:

Өз кұшіммен қиын жағдаяттан ешқашан шыға алмаймын

Стресстен қалай шығуды білемін, бірақ ол менің қолымнан келмейді

Стреспен күресуге қолымнан келетін тәрізді, бірақ ол оңай емес

Стресстік жағдаяттарға қарсы тұруға дайынмын


10.«Майшам»жаттығуы арқылы аяқталмаған сойлем

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй қалыптастыру,сенімділіктерін анықтау нығайту.

Нұсқау: Бүгін 7 маусым, мен таңертең сағат 530 да тұрамын... Әрі қарай осы сөйлемді әр оқушы өз ойларымен жалғастырып, жетістікпен аяқтау.

Психолог: «Жаңғырық» туралы аңыз әпсана әңгімемен тренинг-сабақты аяқтау.

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

АААААААА деп айқай салады.

АААААААА деген дауысты естіп таң қалады.

Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы

Ал оған: Сен кімсің?- деген жауап келеді

Мұндай жауапқа ашуы келген бала: -Қорқақ! - дейді.

Ол оған -Қорқақ! - деп жауап береді. Бала әкесінен

Не болып жатыр деп сұрайды. Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді. «мені мұқият тыңда» Әкесі тауға

Мен сені сыйлаймын! -деп айқайлайды. Ол оған:

Мен сені сыйлаймын!

Сен кереметсің! Ол оған:

Сен кереметсің!Бала сонда да таңдануын қоя алмады. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды» -деді әкесі. Шындығында бұл өмір деп аталады.Ол сен не айтсаң да, не істесеңде соның бәрін өзіңе қайтарады.

Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай іздене отырып, ҰБТ -де жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін



ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар.

«+»

«-»


ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар.

«+»

«-»



ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар

«+»

«-»



ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар

«+»

«-»


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең


«Мен кіммін» әдістемесі

Мен кеше

Мен бүгін

Мен ертең



© 2010-2022