ӨМІР АҒЫСЫНА ҚАРАЙ ТАҢДАУ ЖАСА!

ӨМІР  АҒЫСЫНА  ҚАРАЙ  ТАҢДАУ  ЖАСА! (еліктеу ойындары)     Сабақтың мақсаты: саналы түрде қабылданған шешімдердің дағдыларын дамыту жолдары арқылы жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, жағымсыз әлеуметтік қысымдарға қарсылық көрсету, салауатты өмір салтына бағытталған тұрақты бағдарлауды қалыптастыру .   Әдістемелік жабдықтар: ватмандар,коллаждарға арналған журналдар, желім, маркерлер, қайшы, орындықтар.   Сабақ барысы. І. Ми штурмы          Сіздің құрдастарыңыздың өмірінде қан... Бірінші аңыз – «Есірткілер зиян әкелмейді». Кейде адамдар, басқа адамдарға есірткіні дәмін татып көру үшін, есірткі ешқандай зиян әкелмейтінін айтып көзін жеткізеді, не болмаса «Мен сені героинді тартуға мәжбүрлеп тұрған жоқпын, жай ғана тартып көр»-деп айтады. Солай емес пе? Ал, алкоголді, темекіні есірткілік заттарға жатқызуға болады.   ІV. «Шуыл» жаттығуы Қатысушыға 10 сөзді есте сақтау ұсынылады. Жүргізуші оларды санайды және қайталап отыруды сұрайды (жиынтығы – 5-7 сөз). Содан кейін 10 сөзді есте сақтау ұсынылады, бірақ осыған сәйкес топ шуылдау (марихуананы пайдаланғаннан кейін пайда болатын) жай-күйін үлгілейді. Жаттықтырушы сөздерді оқиды, қатысушы қайталайды (жиынтығы – 3-4 сөз, дұрыс естімеген).   Талқылау:   -         біріншіде неше сөз есте сақтадыңыз?   -         екіншіде қанша?   Қорытындылау және түйін... Екніші аңыз – «есірткі әрқашан тәуелділікке әкеп соқтырмайды». Сен кез келген уақытта тоқтай аласың. Тәуелділік деген не? «Тәуелділік» және «нашақорлық» ұғымдарын анықтау.   Тәуелділік – бұл бір нәрсеге әуестік, зиянды әдет.   Тәуелділік үш түрлі болады:   1.     Психологиялық; 2.     Физикалық; 3.     Әлеуметтік.   Психологиялық тәуелділік - өмірді есірткісіз мәнсіз етіп көрсететін құбылыс. Есірткі өмірдің мәні бола бастайды. Тәртібі өзгереді, тітіркену пайда болады, құндылықтар мен мақсаттардан бас тартады.    Өзін-өзі сақтау сезімі сияқты инстинкт қалыптасады. Психологиялық тәуелділік психологиялық белсенді заттарды бірінші рет дәмін татып көргенне... Үшінші аңыз – «Есірткі проблеманы шешуге көмектеседі»     V. «Марионетка»  рөлдік ойыны    Қатысушылар үшке бөлінуі керек. Екі қатысушы қуыршақтарды жүргізушілер болып табылса, біреуі-қуыршықтың өзі болады. Қуыршақтарды жүргізіп тұрушылар марионетка-қуыршақтарының барлық қозғалысын толығымен басқарады. Әрбір қатысушы қуыршақтың рөлінде болып көруі ерек. Әрбір үш қатысушыға ара қашықтығы бір-бірінен 1,5-3 метр болатын екі орындықты қояды. Қуыршақтарды жүргізіп тұрушылардың мақсаты – қуыршақтарды бір орындықтан басқа орындыққа ауыстыру. Осыған б... Төртінші аңыз – «Есірткінің көмегімен ерекше түйсіктер алуға болады»   Бұнымен дауласу өте қиын, бұл түйсіктер бар, бірақ оларға тез үйренесіз. Бірінші пайда болған жағымды түйсік қайтып келмейді, бірақ адам оны іздейді, оларға тәуелді болады. Осыған байланысты, ол оларды осыдан кейін енді қайтып алмайды, бұдан басқа олар ешқандай қызақ сыйламайды. Қуанышты өмірден де, өзіңнен де, басқа адамдардан да, қоршаған ортадан да, іздеп табуға болады, тек оны көру керек.     VІ. «Қуаныш коллажы» жаттығуы    Журналдардың көмегімен «қуаныш коллажы» жасалады, онда жас...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көкірек көзін ашалық!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

  • адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

  • оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене алуға үйрету;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, көрініс

Дамытушылығы: Адам бойындағы барлық қасиеттерді тиімді пайдалана алуға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы болуға

үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дәйек сөздер, М.Мақатаевтың өлең жолдары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ. Көкірек көзін ашалық!

Шаттық шеңбері

Оқушылармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, барлығына бір-біріне тілек айтқызу.

Әңгімелесу

  1. Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

  2. Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

  3. Сағыныш дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Жаңа ақпарат

Адам баласы үнемі өсу жолында болады. Жарық дүниеге келген сәтінен бастап, оның нәресте жүрегінде өмірге деген талпыныс орнайды. Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім әке тәрбиесімен ұштасып, ол көп нәрсеге қызығады.

Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі кеңейе түседі. Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс үстінде болады.

Мәтінмен жұмыс

К.Сегізбаевтың «Өсіп-өнген ағаштар» атты әңгімесін ұсынамыз.

1. Адамның өсіп-жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?

2. Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді?

Дәйексөз

Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.

Абай

«Дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

Назар аудару

Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қаламаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын!

Үйге тапсырма

1. К.Әбілдақызының «Екі жол бар» атты өлеңін жаттап келу.

  1. Өзін-өзі қадағалап, өз ісіне өзі дұрыс бағыт бере білген адам қандай жетістікке жетеді деп ойлайсың? Ойыңды шығарма түрінде жазып кел.

Жүректен жүрекке

Оқу сабағын аяқтау мақсатында оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, сөзін Ш.Сариев, әнін К.Дүйсекеев жазған «Ойлан, балам» әнін айту

Ойлан, балам


Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің күздері.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!




№188 жалпы білім беретін мектеп









Көкірек көзін ашалық






(ашық сабақ 7 -сынып )

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С.Карабекова








Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы






© 2010-2022