Стрессті қалай жеңуге болады. Тренинг сабақ

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақсы №1 орта мектебі




Тренинг тақырыбы:



«Стрессті қалай жеңуге болады?»



Өткізген: мектеп психологы Ғазез Ж.С



2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Стресске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру

Тренинг барысы:

1. Психологиялық ойын

2. Кіріспе әңгіме

Стресс дегеніміз не?

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.

СТРЕСС - бұл адам ағзасының физикалық және психикалық

тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз - сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

3.Практикалық бөлім

а) Стресті қалай жеңуге болады?

Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккеөру және т.б.

Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

ә) Стресті жеңу үшін немен айналасуға болады?

Психологиялық әдістерімен атаңдар. (Оқушылардың жауаптары -сүйікті ісімен айналасу, жақын құрбымен сырласу, сурет салу және т.б.)

б)Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

5.Қортынды









ҰБТ-ға психологиялық кеңес

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

- Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

Күн тәртібі:

* күнді үш бөлікке бөл;

* Тестке күніне 8-сағат дайындық;

* Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

* 8-сағаттан кем ұйықтама;

* 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.

2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.

3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтанбауғада болмайды.

2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.



© 2010-2022