Көңіл-күй кімге және неге байланысты

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көңіл-күй кімге және неге байланысты

Мақсаты:Ерікті бақылау дағдысын дамыту және көңіл-күйді реттеу.

Міндеттері: Адам көөңіл-күйіне әсер етуші факторларды маңызды ету; Өз көңіл-күйіне ерікті әсер ету дағдысын дамыту; жинақталған мәселені түсінуге көмектесу.

Қажетті құралдар: жұмсақ жұмсақ ойыншық, А3 қағаздар парағы, түрлі-түсті қарандаштар жинағы.

Сабақтың жүргізілуі

Кіріспе бөлім. Психолог оқушыларға психологиялық тренинг орындауды ұсынады.

1.Менің есімім нені білдіреді? Азамат-сыйлы, мейірімді.

2.Менің әуестігім.Сурет салу, ән айту.

Оқушылар шеңбер бойына отырады да, жұмсақ ойыншықты бір-біріне беріп айтып шығады.Психолог аталған сапаларға көңіл аударумен бірге олардың іртүрлі екендігін, бірақ, ортақ іс күтіп тұрғанын жеткізеді.

Негізгі бөлім.

Психолог оқушылардың көңіл-күйінің қай кезде нашар болған сәтті еске түсіруін сұрайды.Қалауы бойынша оқушылар жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, айтып шығады.

Шеңбер бойынша бір парақ қағазға әрбір қатысушы өз кезегімен қарандашты таңдап алып, әр түрлі сәттегі көңіл-күйді салады.

Мүмкін болған сәттер:

Жасағың келмей тұрған істі орындау;

Біреудің оны әділетсіз кінәлауы;

Бір адамға кемшіліктерін көрсету;

Біреу оған берген уәдесін орындамау;

Төмен баға алу.

Психолог суретті тақтаға іліп, көңіл-күйдің не екенін талқылауды ұсынады. Балалар, «Көңіл-күй дегеніміз...» сөз тіркесін пайдалана отырып, шеңбер бойымен жауап береді.

Ары қарай біздің көңіл-күйіміз неге байланысты екені талқыланады. Адам көңіл-күйіне тек өмірдегі шынайы болып жатқан оқиғалар ғана емес, еске түсіру, өзін сезіну, ауа райы әсер етеді.

Адам көңіл-күйін жеңе алу қажеттілігі талқыланады. Қандай жағдайдада мұны жасай білу қажет? Оқушылар назарын әрбір адам өмірінде өз көңіл-күйін басқара алу қажеттігі туындайтынына аудару қажет.Қалаулары бойынша өздерінің нашар көңіл-күйлерін қалай жеңетіндіктерін әңгімелеулеріне болады (жалғыз қалу, досымен кездесу, жақындарына айту, музыка тыңдау, сурет салу).

Психолог өз ойларын айта алмаған оқушыларға олардың көзқарасы бойынша, көңіл-күйін басқарудың қай тәсілі ұнады, соны таңдаулары қажет екенін айтады.

Қорытындылау.

© 2010-2022