Зейінді дамытуға арналған жаттығу

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зейінді дамытуға арналған жаттығу

  1. Зейінің ауысу қабілетін дамыту жаттығуын балаға ескертіп, бірнеше сөз тіркесі айтылады.

Тапсырма: үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай,

шанышқы, айтқан сөзге зер салып тыңдау.

Нақты шарт: жануарды білдіретін болса, атдын естіген сәтте алақанын

шапалақтау . бала қателесіп кетсе, сөзді қайталап анық айтқызу. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.

2. Келесі бөлімінде 2- бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануар туралы айтқанда қолдарын көтереді.

Зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған жаттығу.

Тапсырма: Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін газет-журналдан қысқаша жеңіл балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып, әр жолды оқып отырып осы сөйлемдегі «а» дыбысының астын сызып, санап шық деп тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбасының қанша қате жібергенін қадағалау керек.

Зейіннің бөлінуі мен ауысуына жаттығу.

Нұсқауда өзгеріс болады: әр қатардағы «а» әрпін сызып тастап, «б» әріпінің астын сыз немесе «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а»- ны сызып таста, «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұрса «ә» әрпінің астын сыз. Мұнда да жіберген қателігі мен уақыттың ұзақтығы эесепке алынады. Мұндай дамытушы жаттығуды жарыс түрінде өткізу керек.

Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығу

Тапсырма: Кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығуы еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуды орындату керек. Мұны жылдамырақ орындатуға немесе жаттығусыз санауға болады. Қателік санын, уақытты есептеуге болады.

Сен білетін бала үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз 1-ден 5-ке дейінгі сандар жазылған, соның ішінде 10 саны жоқ, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтса, психолог жазу арқылы санап тұрады.

«Түгендеу-шатастыру» ойыны

Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең)

«Не өзгерді?» ойыны

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Тапсырма: Үстелдің үстіне бірнеше зат, не болмаса кішкентай бес ойыншық қощйылады. Балаға үстелде тұған ойыншықты есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы: тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншығы үстелдегі заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады.

Егер бұл ойын балаға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.



© 2010-2022