«Жолаушы» тақырыбындағы мектеп оқушыларына арналған психологиялық тренинг

Мұнда ережелер жазылған, оны біз тренинг бойы сақтауға тырысуымыз керек.: 1.     «Қазір және осында» ережесі 2.      «шынайы болу» ережесі 3.     «басқаға ақыл бермеу» ережесі 4.     «басқаның сөзін іс-қимылын бағаламау» ережесі 5.     «тыңдап ал, сонан кейін сөйле» ережесі 6.     «белсенді болу» ережесі  Алдарыңыздағы қағаз бетіне өз аттарыңызды не тренинг бойы «атасын» деп тілеген аттарыңды жазуларыңызды сұраймыз. Енді сіздің өз бойыңызға қандай тұлға қасиеттері, мінез ерекшеліктері сәйкес кел...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг «Жолаушы»

1 бөлім

Психолог Бүгін бізде үлкен психологиялық ойын өткізіледі.Біз достасу үшін және өз өміріміздің бағытын, сызығын анықтап, уақыт шытырмандарында адаспас үшін кездесіп отырмыз.

Қазір сіздердің жайғасып отыруларыңызды өтінемін жәнеде тақтаға көңіл аударуларыңызды сұраймын. Мұнда ережелер жазылған, оны біз тренинг бойы сақтауға тырысуымыз керек.:

  1. «Қазір және осында» ережесі

  2. «шынайы болу» ережесі

  3. «басқаға ақыл бермеу» ережесі

  4. «басқаның сөзін іс-қимылын бағаламау» ережесі

  5. «тыңдап ал, сонан кейін сөйле» ережесі

  6. «белсенді болу» ережесі

Алдарыңыздағы қағаз бетіне өз аттарыңызды не тренинг бойы «атасын» деп тілеген аттарыңды жазуларыңызды сұраймыз.

Енді сіздің өз бойыңызға қандай тұлға қасиеттері, мінез ерекшеліктері сәйкес келеді соны ойланып айтсаңыздар. Ол сәйкестік сіздің атыңыздың бірінші әрпінен басталуы шарт. (Мысалы: Әсем- әдепті, Сымбат - салмақты.)

Талдау

2- бөлім

Психолог Тақтаға қараңыздаршы, онда жолға шыққан адам бейнесін көресіздер. Сіздер өздеріңізді үлкен өмірлік жолға шыққан Жолаушы ретінде елестетіңіздер.

Өмір - ол адам туғаннан бұл дүниеден қайтқанға дейінгі берілген уақыт. Көздеріңізді жұмып өздеріңізді өз өмір жолынызда елестетіңіз. Ойша туғаннан осы күнге дейінгі өміріңізді қарап шығыңыз. Сонан кейін болашақта болып қайтыңыз.

«Өмір нұсқасы» жаттығуы

Психолог Алдарыңыздағы қағаздарға көңіл аударыңыздар, онда нұсқалардың көптеген түрлері салынған - тура, дөңгелектеліне, қисық, айналдыра. Осыдан сіздің өмір циклыңызға сәйкесін таңдап алыңыз.

Егер ешқайсысы келмесе өз нұсқаңызды салыңыз.

Талдау Сіз неге осы қалыптағы нұсқаны таңдадыңыз? Осы нұсқаның қай жеріндемін деп ойлайсыз?

«Өмір сызығы» жаттығуы

Психолог Келесі пунктир сызықпен екіге бөлінген бетте сіз өз өміріңіздің сызығын жүргізіңіз. Жоғарғы жағы - өміріңіздің оң, жақсы, қуанышты жақтарына байланысты, ал төменгі жағы - теріс, жаман, қайғылы жақтарына байланысты тәжірибеңізді көрсететеді. Өмір сызығыңыз туғаннан бастап, бүгінігі және болашағыңызды қалай елестетесіз соны түгел көрсете алатындай етіп салыңыз жәнеде бүгін қай жерінде тұрсыз соны нүктемен белгілеңіз.

Талдау Сіздің өмір сызығыңыз беттің қай бөлігінде тұр, ауытқулар көппе?

Психолог «Горизонттан» ауытқу - ол өмірдің қиыншылықтары және қуаныш, бұл болашақта түзу, «жоғары» жүру үшін үлкен тәжірибе ретінде пайдалы. Бірақ өмірде әр түрлі жағдайлар болады!

3- бөлім

Психолог Неге кейбіреулер нашаны пайдаланады ал кейбіреулер пайдаланбайды.

Барлықтарыңыз дұрыс айттыңыздар, нашақорлықпен айналысуға себепкер:

1. «Бұл өмірден барлығын татып көру керек.»

2. «басқалармен бірдей болу үшін»

3. жанұялық жағдайды шешу үшін

4. еріккеннен

5. шарасыздықтан

6. қарсы шешім қабылдау біліктілігінің жоқтығынан

Кейде адамға «ЖОҚ» деп айту қиын. Қайтарып тастаудың бірнеше әдістері бар:

  • Қалжыңмен, әзіл - оспақпен қайтару.

  • Альтернативті қайтару - орнына басқа бір нәрсе ұсыну.

  • Тура қайтару - бетіне айту.

  • Ескертпе қайтару - ұсынып тұрған адамның бұдан былай осы туралы оған айтпауын сездіре айту.

Мына тұжырымдарды алып оқыңыздар да, кезекпен оның жоғарыда аталған қайтарудың қай түріне жататынын айтыңыздар. (бетке жазып қою:

«Мен бұл түрін қолданбаймын»

« Оданда саунаға барып келейік»

«Мүмкін дискотекаға барармыз»

«Жоқ, мен бұны істемеймін»

«Егер осыдан былай бір рет естісем осы туралы, мені осы жерден көрмейтін боласыңдар»)

«СПИД» жаттығуы

Статистика бойынша нашақорлардың көпшілігі қауіпті топта және СПИД ті жұқтыруы мүмкін.

Нұсқау: Қазір сіздерге тұжырымдар жазылған бет таратылады, Сіздер оны оқып СПИДті жұқтырудың қаншалықты қауіпті екенін анықтаңыздар.

4- бөлім

«Менің жетістіктерім» жаттығуы

Біз барлығымыз өмір жолындағы жолаушылармыз, өткен өмірді сүре отырып сіздер қандайда бір жетістіктерге жеттіңіздер. Мен жіберген допты қақшып ұстағаннан кейін ұстаған адам өз өмірінде қандай жетістіктерге жетті, не ұнайды, не жақсы болып шықты сол туралы айтып беруі керек.

«Тілек» жаттығуы

Тренинг ойыншыларына бұл өмірде қандай жетістіктерге жетуіне, қандай өмір сызығын таңдауына тілектессіз соны білдіріп бетке жазыңыз.Жазылған бетті орап, қорапшаға салыңыз.

Араластырамыз, сонан кейін әркім бір қағаздан суырады.

Ал енді жайғасып отырыңыздар, бойларыңызды бос ұстаңыздар.(релаксация жаттығуы - диск тыңдау)

Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Материал: жұғуы мүмкін

  1. іш киім және киім арқылы

  2. жәндіктердің шағып, жануарлардың тістеп алуы арқылы

  3. сақтанбаған жыныстық қатынас арқылы (презервативсіз)

  4. ортақ дәретхананы пайдаланудан

  5. ауру ана дан екі қабат кезіндеберілуі

  6. ЖҚТД ауамен таралады.

  7. маса немесе басқа жәндіктердің шағуынан

  8. көздің жасы, сілекей, тер арқылы

  9. сүйісу және құшақтасу

  10. қан құю

  11. қан тапсыру кезінде

  12. нашақорлардың ортақ инемен пайдалануынан

  13. піскенге пайдылынатын құралдың ауру адаммен контакта болғаннан кейін тазаланбауынан

  14. бассейінде бірге жүзуден

  15. қол алысу арқылы

  16. тамақ арқылы

  17. тазалаудан өтпеген (стирилизациядан) ине, шприцті пайдаланудан

  18. жеке бастың тазалаудан(стирилизациядан) өтпеген заттарын пайдаланудан (ұстара, тіс щеткасы, маникюр, педикюр құралдары)

ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

ҚАУП І ОРТАША

ҚАУПІ ТӨМЕН


Жүргізу жоспары:

  1. Бүгінгі күн ерекшелігі.

Кездесу себебіміз.

Ережемен таныстыру

1-жаттығу «Атым+ жеке басымның қасиеті»

талдау


  1. тақтадағы «жол үстіндегі адам» туралы.

Тақтаға қараңыздаршы, онда жолға шыққан адам бейнесін көресіздер. Сіздер өздеріңізді үлкен өмірлік жолға шыққан Жолаушы ретінде елестетіңіздер.

Өмір - ол адам туғаннан бұл дүниеден қайтқанға дейінгі берілген уақыт. Көздеріңізді жұмып өздеріңізді өз өмір жолынызда елестетіңіз. Ойша туғаннан осы күнге дейінгі өміріңізді қарап шығыңыз.

көз алдымызға елестетейік:

  • туған кезіміз, кішкентай кезміз, бастауыш сынпта жүрген кезіміз, орта, жоғарғы буындағы кезеңдер, жастық шағымыз, студенттік кезіміз, жұмысқа орналасқан кезіміз, бүгінгі кезең және болашақта болып қайту.

  • Қалай, елестете алдыңыздарма?

«Өмір бағыттарын көрсететін нұсқалар» жаттығуы

Алдарыңыздағы қағаздарға көңіл аударыңыздар, онда нұсқалардың көптеген түрлері салынған - тура, дөңгелектеліне, қисық, айналдыра. Осыдан сіздің өмір циклыңызға сәйкесін таңдап алыңыз.

Егер ешқайсысы келмесе өз нұсқаңызды салыңыз.

Талдау Сіз неге осы қалыптағы нұсқаны таңдадыңыз? Осы нұсқаның қай жеріндемін деп ойлайсыз?

4. «Өмір сызығы» жаттығуы

Келесі пунктир сызықпен екіге бөлінген бетте сіз өз өміріңіздің сызығын жүргізіңіз. Жоғарғы жағы - өміріңіздің оң, жақсы, қуанышты жақтарына байланысты, ал төменгі жағы - теріс, жаман, қайғылы жақтарына байланысты тәжірибеңізді көрсететеді. Өмір сызығыңыз туғаннан бастап, бүгінігі және болашағыңызды қалай елестетесіз соны түгел көрсете алатындай етіп салыңыз жәнеде бүгін қай жерінде тұрсыз соны нүктемен белгілеңіз.

Талдау Сіздің өмір сызығыңыз беттің қай бөлігінде тұр, ауытқулар көппе?

«Горизонттан» ауытқу - ол өмірдің қиыншылықтары және қуаныш, бұл болашақта түзу, «жоғары» жүру үшін үлкен тәжірибе ретінде пайдалы. Бірақ өмірде әр түрлі жағдайлар болады!

3- бөлім




Ережелер


  1. «Қазір және осында» ережесі

  2. «шынайы болу» ережесі

  3. «басқаға ақыл бермеу» ережесі

  4. «басқаның сөзін іс-қимылын бағаламау» ережесі

  5. «тыңдап ал, сонан кейін сөйле» ережесі

  6. «белсенді болу» ережесі

нашақорлықпен айналысуға себепкер:

1. «Бұл өмірден барлығын татып көру керек.»

2. «басқалармен бірдей болу үшін»

3. жанұялық жағдайды шешу үшін

4. еріккеннен

5. шарасыздықтан

6. қарсы шешім қабылдау біліктілігінің жоқтығынан

Қайтарып тастаудың бірнеше әдістері бар:

  • Қалжыңмен, әзіл - оспақпен қайтару.

  • Альтернативті қайтару - орнына басқа бір нәрсе ұсыну.

  • Тура қайтару - бетіне айту.

  • Ескертпе қайтару - ұсынып тұрған адамның бұдан былай осы туралы оған айтпауын сездіре айту.


© 2010-2022