„Ана - бала өмірінде„

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: - жанұя ішіндегі махаббат сезімін, ұғымын нығайту;

  • отбасы мүшелеріне қамқор болуды қалыптастыру;

  • өз жақын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу:

Психолог: Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Жақсы мен жамандықты айыра білуі керек, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.Бүгінгі сабақтың тақырыбын «Өзіме - өзім қамқорлық жасаймын» деп алған себебіміз де осы.

«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз сәлемдесу рәсімін жасап алайық.

Қуаныш шеңбері.

Амансыз ба, күн!/ қолымызды күнге көтереміз/

Амансыз ба, дос!/қолымызды жоғары көтеріп, қолымызбен қатар тұрған көршіміздің қолын қысамыз/

Амансыз ба, ғасыр!

Амансыз ба, әлем! / қол ұстасып қолымызды жоғары көтереміз/

Жақсы адамға мың сәлем! / өзімізді көрсетеміз/

«Туысқандар» ойыны: ойын арқылы қуаныш шеңбері өткізіледі. Біз допты лақтырамыз, қағып алған адам өз отбасындағы туысқандық қарым-қатынасқа мінездеме береді және оны эпитетпен толықтырады. Мысалы: менің анам мейірімді, әкем батыл, әжем қамқоршы, атам мықты....

Әңгімелесу. Оқушылармен: Ежелгі ойшыл , ғұлама Цицеронның мынадай өсиет сөзі бар екен: «Адамгершіліктің ең басты құндылығы - ата-анаға деген сүйіспеншілік»

Осы өсиетті қалай түсінесіздер? Ол не туралы?

Осы әлемде кімді қатты жақсы көресің?

Ал сізді кім қатты жақсы көреді?

Дұрыс айтасыздар балалар, жақсы көре білетін адам, басқа адамдарды да сыйлайды, жасы үлкен кісілерді өзінің ата-анасындай сыйлайды.

Ата-аналармен: Халық мақалында «Балапан ұясынан не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деген мақалды білесіздер.

Осы мақалды қалай түсінесіздер?

Тәрбие деген сөзді қалай түсінесіздер?

Баланың тәртібі жөнінде не айтуға болады?

Аяулы менің анашым

Өмірде маған панасың

Әрбір ана қашанда

Сүю керек баласын

Тәрбиелеп баласын

Кең пейіліңмен жағасың

Алақаныңмен аялы

Өмірдегі ең қымбатты адамсың

- дегендей аналарға арналған өлеңдер қаншама.

Енді назарымызды экранға аударайық.

«Ата-ана ақысы» фильмінен үзінді көрсетіледі.

Талқылау сұрақтары:

«Ата-ана ақысы» дегенді қалай түсінесіздер?

Не себепті Қазақстанда қарттар үйі көбеюде?

«Бр-брімізді жақсы білеміз бе?» ойыны:

Ата-аналардан «Қиял» Қ - әріпі

Оқушылардан «Мінез» М - әріпі

Ата-аналарға сұрақтар

  1. Балаңыздың аты кім?

  2. Азанда бала ұйқыдан тұрып немен айналысады?

  3. Балаңыздың сүйікті пәні.

  4. Балаңыздың достары кімдер?

  5. Бала бос уақытын қалай өткізеді?

  6. Отбасында қанша адам?

  7. Балаңыздың жақсы қасиеттерін атаңыз.

  8. Балаңыз қандай тағамды ұнатады?

  9. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

  10. Ашуланғанда балаңыз қандай сөздерді көп қолданады?

Оқушыларға сұрақтар

  1. Анаңыздың аты кім?

  2. Анаңыз қай жыл мезгілін ұнатады?

  3. Әкеңіздің мамандығы қандай?

  4. Отбасында қанша адам ?

  5. Қай жылы туылдыңыз?

  6. Жасыңыз нешеде?

  7. Ашуланғанда қандай сөздерді қолданасыз?

  8. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген....пішер.

  9. Анаңыздың сүйікті тағамы

  10. Отбасында ақшаны кім табады?

Ой қозғау:

Бала деген кім? (гүл бейнесін жасау) „Ана - бала өмірінде„

Ата-ана деген кім? (шаңырақ бейнесін жасау)

„Ана - бала өмірінде„

Қорытынды: Күншығыс халқының бір ойшылы: «Бір жылдығын ойлаған күріш егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған бала тәрбиелейді» деген екен осы ойдың астарына тереңнен зер салып, бала тәрбиесіне баршамыз ат салысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізейік дегім келеді. Ынтымақтастық бар жерде тәрбие де бар, бірлік те, береке де бар.






© 2010-2022