«Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде психологиялық тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2015 жылдың 6 қараша күні Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М.Ломоносов атындағы орта мектебінде оқушылардың күзгі демалысында Ұлан ауданының білім беру бөлімі тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша М.Ломоносов атындағы орта мектеп, А.С.Пушкин атындағы орта мектебі, Ы.Айттыков орта мектеп түлектерімен «Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде психологиялық тренинг өткізілді.

М.Ломоносов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Садвакасова З.М. алынған тақырыптың өзектілігін баса айтып, түлектерге сәттілік тіледі. Ы.Айттықов атындағы орта мектеп психологы Кайсенова Н.А мен М.Ломоносов атындағы орта мектеп психологы Молжигитова А.Д. оқушылардың бойында сенімділігін арттыру мақсатында «Сенімділік күш береді» , «Табыс пирамидасы», «Сыйлық» жаттығу жүргізіді. А.С.Пушкин орта мектеп психологы Куниязова Н. Ч. оқушыларға «Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын дәріс оқыды. «Видео В Японии», «ЕНТ-это не страшно» бейнероликтер көрсетіп, ҰБТ - ға дайындалуға байланысты бірқатар кеңестер берілді. Нәтижесінде оқушылардың бір- біріне және өзіне деген сенімділігі оянып батылдылық пайда бола бастады.

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ҰБТ тапсырушы түлектерінің ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін мектеп психологтары тақырыптық бейнероликтер, кеңестер мен жаднымалар ұсынып. М.Ломоносов атындағы орта мектебінің химия, биология пәні мұғалімі Аменова С.Т. «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» баяндама оқыды.Технология пәні мұғалімі Калиева Г.К. ата-аналарды екі топқа бөліп "ҰБТ тапсыру кезіндегі ата-ананың рөлі" және "ҰБТ -ға дайындық барысындағы ата-ананың рөлі" тақырыбында постер құрып, жұмыс жасады. Жиналыс барысында педагог-психолог мамандары ата-аналармен оқушылардың ҰБТ алдындағы қорқыныш сезімдерін азайту және сенімділіктерін арттыру мақсатында ойын жаттығуларын жүргізіп, өз іс-тәжірибелерімен алмасты.




М.Ломоносов атындағы орта мектеп психологы Молжигитова А.Д.


«Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде психологиялық тренинг

«Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде психологиялық тренинг

«Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде психологиялық тренинг

© 2010-2022