Сауалнама Үй, адам, ағаш

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сауалнама Үй, адам, ағаш



Сауалнама Үй, адам, ағаш









Үй

Үй құлайын деп тұрса - адамдарды жақтырмау. Мазасыз

Үй алыстан көрініп тұрса - адамның көпшіліктен оқшауланып жүруі.

Үй жақын салынса - ашық, қонақжай.

Үйдің проектісі ғана салынса - өте даушыл позицияны білдіреді.

Үйдің артқы қабырғасын салса - өзін бақылауда ұстағанды, өте сақ жүргенді қалайды.

Қабырғасынан бәрі көрініп салынса - жағдайына бір себептердің әсер етуі

Егер қабырғаға баспалдақ салынып, есігі көрінбесе - ешкіммен қарым - қатынасқа түспеу, дау - дамайдан қашу.

Егер есік жабық болып, құлып тұрса - тұйық болғанды қалайды.

Егер есік жоқ болса - өзін өзгелермен қарым - қатынаста ашық болуда қиналу.

Есік қырынан салынса немесе көрінбесе - ешкімге қосылмау, қашқақтау.

Егер есік ашық болса - ашық адам.

Есіктерін үлкен етіп салса - өзінің әлеуметтік жағдайын өзгелерге паш еткенді ұнатады.

Есігі кішкентай болса - өзінің жанын ешкімге ақтарғысы келмейді.

Есіктің алды безендірілсе - басқалардан алшақ , қорғанып жүргенді қалайды.

Үлкен құлып салынса - сенгіш, тұйық, қорғаныш тенденциясының бар екендігін көрсетеді.

Мұржадан түтін шығып жатса - ішкі жан дүниесінде қысымның болғаны.

Мұржа болмаса немесе түтінін сирек етіп салса - үйде жылудың жеткіліксіздігі.

Мұржа жасырылып, тек төбесі ғана көрініп тұрса - өз эмоциясын жасыруға тырысады.

Көп қабаттағы үйдің тек 1-ші қабатына ғана терезе салса - адамдардан қашқақтау.

Терезе ашық болса - мінезі тік.

Терезесі көп болса - байланысқа бейім адам.

Терезе пердесінің жоқтығы - өзінің ішкі сезімдерін жасырмауға тырысады.

Терезенің әйнегі салынбаса - адамдармен жауласуды білдіреді.

Шатырдың сызығы қалың болып сызылса - фантазияға берілгіш.

Шатырдың сызығы жіңішке болса - қиялдай білмейді.

Шатыр үйдің формасына сай келмесе - ұйымдастырушылық қабілеті төмен.

Шатырдың су ағатын темірі болса - қорғаныш белгісін білдіреді.

Бөлмелер салынса - сол бөлме иесінің адамға ықпалы зор екенін білдіреді.

Ванна - салынса - судың мол болғанын қалайсыз.

Күн салса - беделді тұлға екендігін білдіреді.

Ағаш

Егер ағаш өте үлкен болып салынса - қарым - қатынасқа бейімділікті білдіреді.

Ағаштың тамыры үлкен болса - бәрін білуге деген қызығушылығы басым.

Тамыры сабағына қарағанда жіңішке болса - тұйықтық.

Жапырақтары дөңгеленіп салынса - эмоцияға берілгіш.

Бұтақтары төмен қаратылып салынса- қысымнан қашқақтау.

Бұтақтары жоғары қарай салынса - басшылыққа ұмтылу.

Бұтақтары әртүрлі бағытта салынса - шыдамсыздықты, ізденіс кезінде күйгелектікті білдіреді.

Адам


Адамның мойынын тек сызып қана көрсетсе - қорғануды білдіреді.

Ірі мойын салынса - жауапкершілікті сезіне білу.

Жіңішке ұзын мойын - қысылу, тосылу.

Қысқа, толық мойын - өз әлсіздігіне, тілегіне қарсы тұра алмау.

Өте ірі иықтар - өз бойындағы улкен күшті сезіну, әрі басшылыққа ұмтылу.

Кіші иықтар - қабылдауының, түйсінуінің төмендігі.

Үшбұрышты иықтар - өте сақ жүретін адамдар.

Кеуде мен бөксенің аралығы квадрат пішінінде салынса - ержүректілікті білдіреді.

Өте ірі болса - қанағаттанбаушылық сезімі басымдау.

Кішкентай болса - өзін бағалауы төмен, өзін - өзі көрсете алмайды.

Бетінде мұрын, ауыз, көз, құлақ түгел салынса - шынайылықты білдіреді.

Беті айқын көрініп тұрса - басқалармен қарым - қатынаста өзінің сыртқы келбетіне аса мән береді.

Беті айқын емес, өңсіз болып салынса - қорқақтық, ұяңдықты білдіреді.

Беті маскаға ұқсатылып салынса - тұйықтық, сақтық, оқшаулануды білдіреді.

Ер адамның бетіндегі ерні толық болып салынса - нәзіктілікті білдіреді.

Клоунның аузы салынса - жасанды күліп, жасанды сөйлейтін, амалсыздан езу тартатын адамдар.

Аузын кішкентай, жіп - жіңішке болса - көпшілік алдында сөйлеуге қысылатын, көп сөйлемейтін адам.

Иек айқын салынса - көпшіліктің ортасында жүргенді қажетсінеді.

Иек үлкен болып салынса - әлсіздік пен сенімсіздікті білдіреді.

Құлағы үлкен болса - сынды сезгіш адам.

Құлағы кішкентай болса - өзіне бағытталған сынды естігісі де, қабылдағысы да келмейді.

Көзі жабық болса немесе шляпаның астына салса - жағымсыз әсерлерден қашқақтау.

Көздің тек сыртқы жағы ғана салынса - ешнәрсені көзіне ілгісі келмейді.

Көзі сыртқа қарай шығарылып салынса - дөрекілікті, пасықтықты білдіреді.

Кішкентай көздер - өз бетінше жүретін адам.

Ұзын кірпік салынса - майысқақ, сызылғыш, өзін көрсетуге ұмтылады.

Қас қысқа, сирек етіп салынса - жек көрушілік қасиетке ие.

Мұрыны қыры бар болып салынса - ұнамсыз нәрселерді кейде айтып қою, дөрекі қалжың.

Мұрынының тесігі салынса - қарапайым агрессия.

Тісі айқын көрінсе - ашық агресиия.

Шашты әдемі етіп салса - адамның тездетіп есеюге деген ұмтылысын білдіреді.

Штрихталған шаш - ойлау мен қиялдың арасындағы алшақтықты білдіреді.

Шашы штрихталған бірақ боялмаған болса - кекшіл.

Қолы кең, саусақтары үлкен, аралары ашылып салынса - әрекетте жылдамдығын білдіреді.

Егер екі қолы екі жаққа созылып салынса -өзінің шектен шығып кеткен кейбір әрекеттерін өзі байқай алады.

Қол кеудеде айқасып салынса - жауласу және сенгіштікті білдіреді.

Қол арқаға жасырынып салынса - бір нәрсеге келіспейтінін бірден айтады.

Қолы ұзын, бұлшықетін көрсетіп салса - физикалық күшті, батылдықты, айлакерлікті қажет етеді.

Қолды денеге жақын, қысып салса - икемсіздік.

Қолы өте қысқа болса - қысымның бар екенін білдіреді.

Қолдың жоқтығы - интеллектуалды сезімінің дамымауы.

Қол мен аяқтың сол шетке салынуы - даушыл.

Қол мен аяғы үлкен болып салынса - дөрекілікті білдіреді.

Қол мен аяғы өте жіңішке болып салынса - әйелдік нәзіктілікті білдіреді.

Егер қолы шектен тыс ұзын болса - бірдеңеге жетуге, басқаруға ұмтылу.

Қолы әлсіз әрі ұзын болып салынса - біреуге тәуелділік, батылсыздық, бұл адамдар әрдайым біреудің қолпаштап, көтермелеп жүргенін қалайды.

Қол бір затты ұстауға ығайлы ,ашық етіп салынса - сүйіспеншілікке ұмтылу.

Қол екі жаққа жайылып салынса - әлеуметтік қатынаста қиындықты, агрессиялық қорқынышты білдіреді.

Қолы күшті болып салынса - агрессисының, физикалық кұшінің күштілігіне сену.

Қолдың жұмылып дөңгеленіп салынуы (перчатка сияқты) - өз агрессиясын ысыруға бейімділік.

Қолдың қалтаға салынғаны бейнеленсе - өзіне деген сенімсіздік.

Қолдың сызықтары айқын салынбаса - әлеуметтік қатынастаөзіне деген сенімділіктің жетіспеушілігін білдіреді.

Әйел фигурасында қол салынбаса - ана тұлғасын жақсы көрмейтіндігін, алшақтығын білдіреді.

Саусақ саны бесеуден артық болса - агрессияны білдіреді.

Саусақ саны бесеуден аз болса - әлсіздік, тәуелділік.

Жұдырығы түйілген қол - қарама - қайшылық.

Жұдырық жоғары қарай салынса - ашық протесті білдіреді.

Ірі әрі үлкен саусақтар - адамның бойында жауласуға деген бейімділік бар.

Аяғы өте қысқа болып салынса - физикалық және психологиялық икемсіздікті сезіну.

Аяқ денеден ұзын болып салынса - тәуелсіздікке ұмтылу, оны қажет ету.

Сурет аяқтан бастап салынса - қорқақтықты білдіреді.

Табан айқын салынбаса - ұялшақтық.

Екі аяқ бір - бірінен алшақ салынса - ашық жақтырмаушылық.

Аяқтың бірі ұзын, бірі қысқа болса - тәуелсіздікке кейде ғана ұмтылады.

Адамның теріс қарап тұрғанын салса - тұйықтыққа бейімділікті білдіреді.

Қырынан тұрғаны салынса - әлеуметтік қоршаған ортамен қарым - қатынасты қажет етуден туған үрейді білдіреді.

Столдың шетінде отырған адамды салса - жағдайдан шығуды қажет ететін, бойында жалғыздықтан қорқу бар.

Адамды жеңіл қозғалыс үстіндегі күйінде салса - жақсы адам екенін білдіреді.

Қуыршақ тұрғысынан салынса - ортаға икемді, ақкөңіл, көнгіш адам.


Суреттің орналасуы бойынша

Өзін үлкен етіп және жоғары жағына салса - өзін жақсы көреді, өзін бағалауы жоғары.

Кішкентай қылып әрі төменге салса - өзін - өзі бағалауы төмен.

Суретті қағаздың оң жағына қарай салса - өмірге деген тартымдылығ төмен.

Суретті қағаздың сол жағына қарай салса - өмірді сүйетін адамдар.



© 2010-2022