Материал на тему Білімді ұрпақ-ел тірегі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі

Шалова Балжан Богембаевна мектеп психологы



Білімді ұрпақ - ел тірегі

(Сайыс)

Мақсаты: жан-жақты дамыту, ұйымшылдыққа, лидерлікке баулу

Өту барысы:

І кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

(берілген сұрақтарға 3 минут ішінде жауап беру) Көп сұраққа жауап берген оқушылар келесі кезеңге өтеді.

1.Арнасымен ағатын тұрақты су ағыны
2.Ол болса ән де болады
3.Айдың Күнді тасалауы
4.Қауын-қарбыз өсірілген жер
5.Ең суық материк
6.Жердің су қабығы
7. Мұхитта немесе теңізде еркін жүзіп жүрген мұз кесегі
8. Оттегінің үш атомының қосылысы
9. Қандай өсімдік жапырағынан жасалған салат Францияда таңдаулы тағам болып есептеледі?
10. Тұңғыш әйел- ғарышкер

Жауаптары
1. Өзен
2.Нан
3. Күн тұтылу
4.Бақша
5.Антрактида
6.Гидросфера
7.Айсберг
8.Озон
9.Бақбақ
10.Терешкова Валентина

Темперамент тесті

1)Жаңа іске мен кірісемін:

а) шыдамсыздана, тез;

б) шығармашылық энергиямен;

в) асықпай, ойланып;

г) өз мүмкіндігіме сеніңкіремей

2) Маған таныс емес жерде өзімді осылай сезінемін:

а) өзімді еркін ұстап, көпшілікке кім екенімді көрсеткім келеді;

б) еркін және басқалармен бірдей деңгейде араласамын;

в) ұстамды болып, өзіме көңіл аз бөлуге тырысамын;

г) жайсыз сезініп, тез кетуге тырысамын.

3) Жұмыстағы және оқудағы сәтсіздікке мен:

а) мектепке, достарыма, ата-анама өзіме қатты ренжимін;

б) көңілім түседі, бірақ сәтсіздіктің себебі неден екенін тез табуға тырысамын;

в) қатты қынжылмаймын, сәтсіздіктің себебін асықпай ойланамын;

г) жылап жіберуім мүмкін және көпке дейін сәтсіздікті ұмыта алмаймын:

4) Менің сөлеу мәнерім:

а) шапшаң, сөзді бөліп жіберемін, сөзді тоспай жауап беремін;

б) шапшаң, сенімді, сөзіме қимылыммен, мимикамен өң беремін;

в) баяу, ойланып, сенімді сөйлеймін;

г) баяу, сенімсіз, басымдағы ойларым шашырап қалғандай ақырын дауыспен сөйлеймін.

5) Жаңа жұмысты бастағанда мен:

а) үлкен қызығушылықпен қолға аламын, бірақ аяғына шейін жеткізуім сирек;

б) үлкен қызығушылықпен қолға аламын, егер ол іс маған ұнаса, аяғына шейін жеткіземін;

в) мұқият ойланып қолға аламын, асықпай аяғына шейін жеткіземін;

г) бұны жасай аламын ба, деген сенімсіздікпен қолға аламын.

6) Мен мынадай ертегілерді оқығанды дұрыс көремін:

а) басты кейіпкердің адал достық пен махаббат сынақтарынан өтетіні жайлы;

б) сарайдың, киіну үлгісінің, кейіпкерлер және олардың өмірінің кереметтілігі айқын сипатталған ертегілерді;

в) кейіпкерлер еңбекшіл болып келетін және еңбегі үшін марапатталатын;

г) табиғат, кейіпкердің сезімі мен қайғы-мұңы айқын сипатталған.

Нәтижені өңдеу.

Егер жауапта басым болса: а - холерик; б - сангвиник; в - флегматик; г - меланхолик;

Темперамент-жүйке жүйесінің тұлғалық қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Холерик-ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста,иә сезім қатынасында тұрақсыз, әртүрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист, белсенді, пысық, бейқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.

Сангвиник-ширақ, жүйке жүйесі күшті, ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім т.с.с.

Флегматик-жүйке жүйесі күшті, қозғалысы баяу адам, сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.

Меланхолик-жүйке жүйесі әлсіз, беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист, тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік қасиеті бар т.с.с.

Келесі кезеңге оқушылар темперамент түрлері бойынша топқа бөлінеді.


Сангвиник,Флегматик ,Меланхолик,Холерик

ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр»

(топ болып сұрақтарға жауап беру)
І топ
1.Салауатты өмір салтын оқытатын пән (валеология )
2. Заттың ең ұсақ бөлшегі (молекула)
3. Ең биік ағашты ата (эвкалипт)
4. Ағза мен қоршаған ортаның қатынасын зерттейтін ғылым (экология)
5.Сезім мүшелері (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері арқлы сезу)
6.Атмосфера қабаттары (тропосфера, стратосфера, мезосфера, эзосфера, ионосфера)
7. Глобусты алғаш жасаған ғалым (Бехайм)

8. Сілтілерді ата (лити, натрий, калий, кальций, бари)
9.Тыныс алу жүйесі арқылы таралатын аурулар (көкжөтел, тұмау, баспа, туберкулез)
10. Кокстелетін көмір өндіретн Орталық Қазақстанның басты қаласы (Қарағанды)

ІІ топ

1.Ас қорыту жүйесінің мүшелерін ата ( ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, қарын, тоқ ішек, ащы, тік ішек)
2.Жүйке жүйесін тоздырушы шулы факторлар (теледидар, радио, магнитофон, машина, тепловоз, ұшақ, өндіріс дыбыстары)
3.Астына салар мақта көрпе аты бар, болар енді Үндістанның портты қала заты бар. (матрас - Мадрас)
4.Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос
5. Марал, панты, омарта шаруашылығымен айналысатын облысты атаңыз

( Шығыс Қазақстан)

6.Ең ашулы қандай қала (Грозный)
7.Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама)
8.Қазақстандағы ең биік нүкте (Хан тәңірі)
9.Күнге ең жақын ғаламшар(Меркурий)
10.Өзен бойында елімізде егілетін күріштің 80%егіледі. Бұл өзен Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының аумағын кесіп өтеді. Өзеннің атауы (Сырдария)

ІІІ топ

1.Италияның самсасы ол жейтұғын, Францияның курорты болды тамаша дейтұғын (пицца - Ницца)
2.Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады? (Куба)
3.Қандай фронтта шайқасуға болмайды? ( атмосфералық)
4. СӨС бағыттары ата ( шынығу, қолайлы тамақтану, жеке бастың гигиенасы, зиянды әдеттерден бас тарту, қимыл, көңіл күйді көтеріңкі ұстау)
5. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты.(краб-Араб )

6. « Электрошам» дайындаған кезде қанша металл пайдаланылады? ( сегіз; вольфрам, темір, никель, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, сурьма)
7. Көкжиек бағытын анықтайтын құрал (компас)
8.Ең алғаш рет адамзат тарихында қанттың дәмін қай халық татып көрген (үнді)

9.Тайфун мен цунами көп болып тұратын мұхит ( Тынық)
10. «Поляр станциясы атанған мұхит ( Солтүстіу мұзды мұхит)

ІҮ топ
1.Сібірдің қандай қаласының бір әрпін өзгертсе, теңіз жануарына айналады? (Тюмень - тюлень)
2.Қандай өзеннің атынан музыкалық нотаны табуға болады? (Мисисипи)
3.Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
4. Қандай өзен А-дан Я-ға дейін ағады?( Амудария)
5.Қазақстанның көлдер көп орналасқан бөлігі (Солтүстік бөлігінде)
6. Метил спирті әсер етеді (көз жүйкесіне)

7. Спирттерді алу кезінде бөлінетін газ - Көмірқышқыл газы

8. Термометр бойында қандай металл бар? ( сынап металы)
9. Атлант мұхитындағы жылы ағыс (Гольфстрим)
10. Республиканың «Солтүстік қақпасы» атанған Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (Петропавл)

ІІІ кезең Графиктік тест

Мақсаты:Белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.
Жүргізу барысы: Мына төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.

Материал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегі

Материал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегіМатериал на тему Білімді ұрпақ- ел тірегі

ІҮ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашамыз)

1.Тай, құлын, ат, жылқы: таңба
2. Мұрын, тіс, тіл, езу: көтеру
3.Қол, дене, бас, бет: от
4. Қабақ, көз, кірпік, қарашық: ашық
5. Ат, жылқы, мал, қой: із

Жауаптары

1.Тайға таңба басқандай - анық
2. Мұрнын көкке көтеру - менменсу
3. Бетінен оты шығу - ұялу
4. Көзі ашық- оқыған
5. Ат ізін салмау - хабар алмау

Ү кезең «Кім жылдам?» ойын (көрермендермен)

1. Ең кіші мұхит
2. Ең үлкен арал
3.Ең тұзды теңіз
4.Ең биік тау
5.Ең ұзын тау
6. Ең ұзын өзен
7.Ең үлкен шөл
8.Ең кішкентай мемлекет
9.Ең үлкен көл
10.Ең тұйық көл

ҮІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр» (қалып қойған сөздің орысша аудармасын айту)

1. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
2. Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
3. Әкесі ұрысса балаға о да - достық
Баласы ұрысса әке жараса ма?
4. Кімде кімнің әділеті жоқ болса,
Оның ұят да жоқ
5. Ақыл мен ғылымды күлкі тоздырады.
6. Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік.
7. Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
8. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілт
Оны білгенге дүние арзанға түседі
9. Адам баласын бауырым деу - жүрек ісі
10. Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.


ҮІІ кезең Жағдаяттар бойынша өз пікірлерін қорғау

І топ. Көршіміз Оразбайдың баласы қашан үйіне кірсең де мектептегі әңгімелердің бәрін жіпке тізгендей етіп, аузынан суы аға айтады да отырады. Оқушылардың сөйлеген сөздері, мұғалімдерінің киген киімдері, қай мұғалімнің өзіне қалай қарайтындығы. Бүгін де дәл. Сондай оқиға. Сабақтан алқын -жұлқын кірген бетте барлық оқиғаны баяндап өтті.
ІІ топ. Әнелдің тар бөлмесі бүгін де қонаққа толы. Гу-гу әңгіме, толастамайтын ән. Олардың отырғандарына да біршама уақыт болды. Себеп: Әнелдің баласы Айраттың мақаласы газетке шықты. Сол думан таңға ұласты. Сабақ оқығысы келгенмен, миына ештеңе қонар емес. Кітаптарын сөмкесіне салып ұйықтап қалды. Ертесіне оянса, сағат 8.30. болыпты. «Болды енді ұйықтай бер. Менің де ұйқым келіп тұр.

Ешнәрсе етпес»,-деп анасы қайтадан ұйықтап қалды.
ІІІ топ. Ойынқұмарлардың құмары 45 минутта қанбай-ақ қойғаны. Доп десе ішкен асын жерге қоятын олар дене тәрбиесінен кейін үзілісте доп ойынды сыныпта жалғастырмақ болып, апыр-топыр ойнай бастады. Қырсық шалғанда доп барып шкафтың әйнегін абайсызда сындырып-ақ тастағаны.
-Сен де сен.. Ешкім мойнына алмады.

Ата-аналары шақырылды, дегенмен ата-ана өз балаларын жақтады.
ІҮ топ.
Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді.



ІХ кезең «Сіз көшбасшы бола аласыз ба? «тесті

  1. Сіз біреудің өтінішінен бас тарта аласыз ба?

  2. Сіздікі дұрыс бола тұра қақтығыстардан қашасыз ба?

  3. Тәртіпке тез бағынасыз ба?

  4. Сіз жиі кешірім сұрайсыз ба?

  5. Біреу сіздің киіміңізге күлсе, сіз сол киімді кие бересіз бе?

  6. Модамен киінуге тырысасыз ба?

  7. Сізге бір киім өте қатты жарасады, бірақ оны кигенде өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Оны киесіз бе?

  8. Сіз жүргізушіге немесе жаяу жүргіншіге қоқан-лоқы көрсеткен кезіңіз болды ма?

  9. Біреуден сізге не керек екенін түсіне алмасаңыз шыдамсызданасыз ба?

  10. Мәдениетке жатпайтын сөздермен ұрысасыз ба?

  11. Адамдарды ыңғайсыз жағдайларға қалдырасыз ба?

  12. Біреу теледидардағы бағдарламаға ойларын айтып отырса, сіздің жаныңыз түршігеді ме?

  13. Біреуге оның жұмысы ұнамайтынын айта аласыз ба?

  14. Сіз үнемі ойлағаныңызды еш жағдайға қарамай айтасыз ба?

  15. Өзіңізді шыдамсызбын деп ойлайсыз ба?

  16. Спорт жарысынан жеңіліп қалсаңыз жаныңыз ауыра ма?

  17. Өміріңіздегі маңызды шешімді сіз үшін басқалар шешеді, ол рас па?

  18. Ақшаны өзіңіз үшін және жан рахатыңыз (достармен кездесу, би кеші т.б.) үшін жұмсайсыз ба?

  19. Басқалардың назарын өзіңізге аудару үшін арнайы киінесіз бе?

  20. Көпшілік ортасында өзіңізді жақсы сезінесіз бе?

Қорытынды

Егер, 1-8 сұрақ аралығы және 19 сұрақтар «иә» болса, олар 1 ұпайға тең.

Егер 9-18 сұрақ аралығы және 20 сұрақтар «жоқ» болса, онда олар 1 ұпайға тең болады. Енді ұпай санын санаймыз.

14-20 ұпай болса, сіз көшбасшы емессіз. Сізге басқалардың айтқаны жаныңызға жақын. Өзіңіздің бұйрығыңыз бен нұсқауларыңызға қарағанда, өзгелердің айтқанын жасауға дайынсыз.

7-13 ұпай болса, мінезіңіз тұрақты емес. Сіз ұйымдастыра және басқара аласыз. Басқаларға ақыл айтқан ұнайды. Бірақ нағыз көшбасшы болуға әлі де сеніміңіз толық емес.

6 төмен болса, көшбасшы болып туылдыңыз, басқарушылық мінезіңіз де бар. Басқалардың бұйрығы, нұсқауы ұнамайды.



© 2010-2022