Конспекты на тему Мое будущее жизнь

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг тақырыбы:Менің болашақ өмірім

Мақсаты:

-балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;

-бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту

Қатысушылар: бастауыш сынып оқушылары.

Көрнекілігі: микрафон, түрлі қарындаш, альбом

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық жаттығу.

Әркім өзіне ұнайтын қандай да бір мамандықты сөзсіз қимылмен көрсетеді. Ал басқалар оны табады.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Менің болашақ өмірім»

Бүгін біздің мектепке телерадионың журналистері келіп отыр. Олар сендермен «Менің болашақ өмірім» тақырыбында бағдарлама жасамақ. Бұл бағдарламада осы сынып оқушыларының келешек өміріне қандай жоспарлары бар, сол бойынша сұрақтар қоя отырып бағдарламаны жүргізеді.

1.Келешекте кім боласың?

2.Қандай және қайда жұмыс істейсің?

3.Бос уақытыңды қалай өткізесің?

Әр оқушы микрафонды алып, сұраққа жауап береді. Мүмкіндігінше барлық балалар қатысуы тиіс.

  1. «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

-Егер де мен..........

3. «Менің болашақ үйім».

Балалар өздерінің болашақ үйлерін салады және кіммен бірге тұратынын жазады. Салып болғандар өз еріктерімен суреттерін сынып оқушыларына көрсетеді.

Балаларға сұрақ:

-Неге сен осы адамдармен тұрғың келеді?

-Сенің үйің басқалардан несімен ерекшеленеді?

-Сен үйіңді қалай атайсың?

ІІІ. Тренингті аяқтау.

Сөйлемді аяқта

«Менің болашағым... ұқсайды ......»



© 2010-2022