Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг.                                                                «Біз достықты сүйеміз» Мақсаты:Тұлғаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. Адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу.  Өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.  Түйінді идеялар: Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа                                                                   Тренинг ережесі:      ...  1.Тыңдай білу.                                                                                                                         2.Сөзді бөлмеу.                                                                                                    3.Белсенділік.                                                                                             4.Шығармашылық.                                                                                               5.Төзімділік.                  ...    Тренинг барысы:     Танысу.                                                                                                                               Шаттық шеңбері”                                                                                                Армысың  досым                                                                                                                          Кел, маған қосыл .                                                                                                 ...      Көрнекі құралдар:                                                                                     Бірінші кезеңі; Амандасу «Достық торы» жаттығу Тұлғаларды «шаттық шеңберіне» шақырып ойынның нұсқауымен таныстыру. Тұлғалар «шаттық шеңберіне» жиналады. Бір - біріне допты ұсынып, тілектер айтып «достық торын құрастырады.                                                                                                       Мақсаты: ««Достық» , «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. «                                                                                ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз» Семинар-тренинг.

«Біз достықты сүйеміз»

Мақсаты:Тұлғаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. Адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Түйінді идеялар:
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа Тренинг ережесі:

1.Тыңдай білу. 2.Сөзді бөлмеу. 3.Белсенділік. 4.Шығармашылық. 5.Төзімділік. 6.Сыйластық. 7.Түсіністік қарым-қатынас. Қажетті құрал жабдықттар проектор ,интерактивті тақта. Көрнекілігі: Бейне таспа, слайд ,доп ,гүл шоғы, қима суреттер, Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . Сәлеметсіздер ме, құрметті достар Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі семинар- тренинг тақырыбы : " Біз достықты сүйеміз...". Өсиет- әңгіме Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке: Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт: -Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті. -Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп: -"Жігітті жолдасына қарап бағала" дейді халық,-депті. "Жігітті жолдасына қарап бағала" дегенде қалай түсінесіңдер? (жастардың жауаптары тыңдалады) Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі семинар-трениннг достық туралы әңгімелесеміз

Тренинг барысы:

Танысу. Шаттық шеңбері" Армысың досым Кел, маған қосыл . Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық . Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық. Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық. Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық.

Көрнекі құралдар:

Бірінші кезеңі; Амандасу «Достық торы» жаттығу Тұлғаларды «шаттық шеңберіне» шақырып ойынның нұсқауымен таныстыру. Тұлғалар «шаттық шеңберіне» жиналады. Бір - біріне допты ұсынып, тілектер айтып «достық торын құрастырады. Мақсаты: ««Достық» , «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. " Көрнекі құралдар: Ойынның шартына нұсқау, доп
Мозайка әдісімен топқа бөлінуге ықпал ету. Бүгінгі семинар-трениннг 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз
1 топ « сары түс »
2 топ « жасыл түс »

Екінші кезеңі; «Пантомимо» Әр топқа арнап шумақты өлең оқиды , «пантомимо» арқылы көрсету керек . Барлығы. Мақсаты;есте сақтау,ойлау,дене қимылы,жылдамдықа, шапшаңдықа ептіліке баулу. Жоны қара тақтайдай, Бауыры аппақ мақтадай. Мекендейдi мұз-қарды, Сүйедi тек ызғарды. Бұлғандайды, қашпайды, Асықпайды, саспайды, Мұз үстiнде билейдi, Бiрақ белiн имейдi. (Пингвин)

Жылқы тұмсық,

Ешкi құйрық,

Есек құлақ,

Түйе ерiндi,

Төрт аяғы тең емес,

Бiрi ұзын,

Бiрi қысқа,

Қорқақ өзi,

Қыли көзi. (Қоян)

Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? (Түлкi)

Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық)

Төрт түлiктiң рэкетi,

Түзде жүрер көк серi. (Қасқыр)

Үшінші кезеңі: Сергіту сәтті. « Қарлығаш »

Мақсаты: Дене қимылдарын дамыту.

Көрнекі құралдар:бейне таспа.

Мына бейнетаспаға назар аударайық. Көз алдарыңа елестетіңдер құстар қалай ұшады. Таза ауада құстар төбемізде ұшып жұр. Ендеше оң, сол қолдарыңызды барынша созып , аяқты тұзу қойып тұрып, қарлығаш болып ұшамыз .30 рет. Қолды алдыға созып дөңгелек жасап, қарлығаш болып ұшамыз.Аяқпен жұріп қолды жоғары көтереміз, қарлығаш болып ұшамыз. 20 рет. Қолды тұзу жазып басымызды қозғаймыз. қарлығаш болып ұшамыз 20 рет. Қолымызды белге қойып, қарлығаш болып ұшамыз.14 рет

Төртінші кезеңі: Ойын «Достық неден басталады,достыққа не жарасады»? Көрнекі құралдар: (Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды.) Шарты: Егер мен айтқан оймен келіссеңдер қызыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер көтермейміз.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма? -Достық бірліктен бастала ма?

Бесінші кезеңі: « Өз жартынды тап » Мозайка әдісімен суреттерді құрастыру.Барлығына суреттер таратылады. Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап?

Мақсаты: Түр-түсті ажырата білуін,заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті обьектіге тұрақтата алуын анықтау . Көрнекі құралдар: әр түрлі суреттер. Талдау; Суреттерді құрастырғанда қандай қыйындықтар болды?

Алтынші кезен: Екі шеңбер болып тұрамыз. Джунгли орманындамыз деп ойлайық. «Джунглидағы жаңбыр». Көрнекі құралдар:әуен
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.
Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.
Талдау:
-мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
-өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер.

Жетінші кезен: «Досқа гүл сыйлау».
Мақсаты: Досын дұрыс танып білуге үйрету Көрнекі құралдар: таспадағы әуен. Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға. «Гүл - дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Гүлдің де үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Досымызды ортаға жұппен биге шақырып әуен тоқтаған кезде орыңдықта тұрған гүлді жүгіріп әкеліп досымызға сыйлаймыз.

Сегізінші кезеңі: Қорытындылау . «Алманы үз» жаттығуы. Көрнекі құралдар: бейне таспа. Көз алдарыңа елестетіңдер ірі ғажайып алмалар өсіп тұрған бақт,. алмалар тура төбемізде салбырап тұр. Бірақ оған еңбексіз жету мүмкін емес. Ендеше оң қолдарыңызды барынша созып, аяқтың ұшымен тұрып, демдеріңізді ішке тартыңыздар. Енді алманы үзіп, еңкейіп жерге түсіріңіздер, демді сыртқа шығарыңыздар. Екінші қолмен солай қайталаймыз.. Талдау: Әр адам өзінің қажырлы еңбегінің арқасында арманының жемісін көре алады. .Яғи еңбек арқылы өмірдегі өз мақсатымызға жете аламыз. Бір-бірімізге мына бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Тоғызыншы кезен: Кофе брейг.

.





.

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»

Семинар-тренинг. «Біз достықты сүйеміз»







© 2010-2022