Қарым-қатынас мәдениеті

Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б. Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақ жоспары


Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері

Тобы: ББ 2-2(ІІІ)-12

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекетін қалыптастырып, кәсіби педагогикалық қарым - қатынастың теориялық білім негіздерімен қаруландыру. Сөйлеу мәдениетінің өлшемдерін, нормаларын және қарым - қатынас құрылымының мәнін ашып көрсету.

Дамытушылық: Кәсіби педагогикалық қарым - қатынас негіздері саласынан білім бере отырып, педагогтардың сөздік қатынас орнату этикасын сақтау дағдыларын және қарым-қатынас жасауға ықпал тигізетін дағдыларды қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Болашақ педагог мамандарының педагогикалық қарым-қатынас тұрғысынан шығармашылдық - танымдық қабілеттерін белсендіріп, педагогикалық әдепті, этиканы сақтауға, тәжірбиеде кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, талдау.

Көрнеіліктері: презентация, видео-ролик, қағаз, түрлі-түсті қарандаш, қалам.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, аудитория тазалығын қадағалау, сабаққа келмеген білімгерлерді белгілеу, сабақтың мақсатын хабарлау, білімгерлерді екі топқа бөлу.
Ой қозғау

- «Қарым-қатынас» түінігін қалай түсінесіз?

- қарым-қатынас құралы және қарым-қатынас түрлері

- педагогикалық қарым-қатынастың стильдері

- педагогикалық қарым-қатынас қызметі

- педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері

Мұғалім сөзі: Міне, құрметті білімгерлер сіздер қарым-қатынас және педагогикалық қарым-қатынас туралы түсініктеріңіздің бар екендіктерін жоғарыда қойылған сұрақтарға жауапберу арқылы көрсете білдіңіздер. Бүгінгі практикалық сабағымыздың тақырыбы «Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті».

  • Сіздер қалай ойлайсыздар қарым-қатаныс мәдениетіне нелер жатады?

  • Педегогикалық қарым-қатынаста мәдениетті сақтау үшін педагог нені меңгеруі қажет?

Жаңа ақпарат.

Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б.
Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы.
Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Психологиялық компоненты: педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы.
Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Педагогтің коммуникативті мәдениетін дамытуға педагогикалық тренинг, әлеуметтік-психологиялық тренинг (танымдық, эмоционалдық, кәсіби бағытта жүзеге асады), интерактивті семинар, коммуникативті түзету әдістемесі, коммуникативті шығармашылық және коммуникативті философия әсер етеді.
Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады? Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту -тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады.

Педагогикалық жағдаяттар шешу. «Жағдаяттан жол таба біл!»
1 жағдаят:
«Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. "Сен үшін менің телефонымды алып қойды" деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.»
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?
2 жағдаят:
« Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды.»
Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?
3 жағдаят:
«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

«Темір жол кассасы» жаттығуы


Вокзалда тұрмын деп өзіңіздің көз алдыңызға елестетіңіз. 15 минуттан кейін сіз отыру керек поезд жүреді. Кассада бір билет қалған, бірақ кассир өзінше ұстап отыр. Сізге кассир билетті сату үшін оны сендіруіңіз қажет.
Кассир таңдалады. Қатысушылар сыртқа шығады, кезекке тұрады. Содан соң бөлмеге біртіндеп кіреді, кассирге жақындап, билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 3 минуттан беріледі.
Талқылау:
Кассирден билетті кімге сататынын, яғни кері байланысты сұраймыз. Неге? Кімге сатпас едің? Неге? Кассирдің қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады.
Кері байланыс.
Барлық оқушылар шеңбер құрып отырады. Біздің тренингіміз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында, чемоданымызды жинаймыз. Біз бірге жұмыс істедік, сондықтанда әрқайсысымыздың жол сөмкемізде бірге жинақтаймыз. Жол сөмкедегі заттар ерекше болмақ. Біз қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз әрқайсымызға қарым-қатынас жасауға не көмектесті және не кедергі жасады соларды «саламыз». Чемоданды біз иесі жоқ кезде жинаймыз, ал жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып чемоданды береміз. Ол чемоданды ешқандай сұрақ қоймай алып кетуі тиіс.

Іскерлік тақырыбындағы байланысқа арналған ойынның нұсқасы: хатшыны қабылдамайтын уақытта директорға өткізуге көндіру қажет.

Бір, екі немесе үш қатысушы (сіздің қалауыңызға қарай) есіктің сыртына шығады. Хатшыны ойнайтын қатысушы үстел басына отырады.

Есік сыртындағыларға арналған нұсқаулық: «Қабылдау жүргізілмейтін уақыт, сіздің міндетіңіз - хатшыны өзіңізді директорға тап қазір кіргізуге көндіру. Сізге ертеңгі күннен бастап өз есебіңізден жеті күнге демалыс алуға жазған өтінішіңізге қол қойдыру керек, себебі, достарыңыз аяқ астынан бір орын босағандықтан, сізге демалуға баруды ұсынды. Хатшыны өзіңізді өткізуге көндіріңіз».

Хатшыға арналған нұсқаулық: «Қабылдау жүргізілмейтін уақыт. Сізге қазір кезекпен үш адам келеді де, директорға кіруге әрекеттенеді. Сіз үшеуінің біреуін ғана, бәрінен де көбірек ұнағанын өткізе аласыз».

Ойыннан кейін талдау жүргізіледі: тапсырма орындалды ма, орындалса, ненің арқасында, орындалмаса - неліктен? Талдау кезінде ойыншылардың байланыс сатысындағы мінез-құлқын ерекше атап көрсету қажет.

«Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.

Нұсқаулық:берілген тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.

1.достарың көп пе?

А.иә В.жоқ

2.достарыңның ортасында әңгімені ылғи қолдап отырасыз ба?

А.иә В.жоқ

3.адамдармен қарым қатынас кезінде тұйықтық пен қысылуды жеңе аласыз ба?

А.иә В.жоқ

4.өзің жалғыз қалған кезде саған көңілсіз бола ма?

А.иә В.жоқ

5.Танысыңды кездестіргенде белгілі бір тақырыпқа сөз қозғай аласың ба?

А.иә В.жоқ

6 өзіңе жағымсыз адаммен кездескен кезде өзіңнің тітіргеніңді жасыра аласың ба?

А.иә В.жоқ

7.Нашар көңіл күйіңді жақындарыңа сездірмей үнемі жасыра аласың ба?

А.иә В.жоқ

8.Досыңмен ренжіскеннен кейін ең бірінші болып достасуға қадам жасай аласың ба?

А.иә В.жоқ

9.Жақындарыңмен қарым қатынаста шұғыл ескертулер жасаудан бастарта аласың ба?

А.иә В.жоқ

10.Қарым қатынаста мәмілеге келе аласың ба?

А.иә В.жоқ

11.Қарым қатынас кезінде өз көзқарасыңды білдіре аласың ба?

А.иә В.жоқ

12.Таныстарыңның сыртынан әңгіме қылған кезде өзіңді ұстай аласың ба?

А.иә В.жоқ

13.Егер қызықты бір нәрсе естісең оны достарыңа айтуға тырысасың ба?

А.иә В.жоқ

Нәтижелерді өңдеу: «Ия»- 3ұпай, "жоқ»-1ұпай.

30-39ұпай: Жақындарымен, таныстарымен және бейтаныс адамдармен қарым -қатынас кезінде өте үлкен ляззат алатын, араласуға дайын адам. Қарым -қатынаста өте қызықты,бәрінен бұрын (қоғам жаны),достары мен таныстарын тындап,түсініп,кеңес бере алатыны үшін бағалайды.Өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.Серіктесіне зейінді,өз іс әрекетін бақылап отырады.

20-29ұпай:өз шамасына қарай араласатын адам біра қарым қатынаста кейбір қиыншылықтарды бастан кешіреді.Достары аз,таныстарымен үнемі ортақ тіл табыса бермейді.кейде әңгіме барасында өзін өзі ұстай алмай қызбаланып кетеді.Өз серіктестеріне шынайы,ілтипатты,қайырымды болған жөн.Сонымен қатар,өзінің кейбір сенімсіздіктерін жоюға тырысқан жөн.

20-дан аз ұпай:Ұялшақ,тұйық адам таныстарының ортасында үндемей отырып,адамдармен қарым қатынаста жалғыз болғанды қалайды.Бірақ ол оның достары мен таныстары мүлде жоқ деген сөз емес.Олар сені тыңдағаны,түсінгені және кешіргені үшін бағалайды. Ал егер, өзінің көзқарасын еркін айтқысы келсе, бәрімен бірдей сөз таластырғысы келсе, қызықты серіктес болғысы келсе, онда өз ұялшақтығын жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгімені белсенді түрде қолдап отырған дұрыс.

4. "Кездескенше» жаттығу

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

«Қарым-қатынасыңды бағала» видео-ролик көрсету.

Қорытынды:

«Кездескенше» жаттығуы

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздрге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп тренингпен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптестеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

Бағалау. Сұрақтармен тапсырмаларға блсенді жауап берген білімгерлерді бағалаймын.

Үйге тапсырма: педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі бөліктері және оны қалыптастыру тәсілдері.


© 2010-2022