Жақсы ата-ана дегеніміз кім?

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрметті семинарға жиналған қонақтар!

Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз! Біздің мектебімізге қош келіпсіздер! Бүгінігі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Жаңаша ойлау -заман талабы», соның ішінде отбаслық тәрбиеге байланысты «Жақсы ата-ана дегеніміз кім?» тақырыбында сөз қозғамақпыз.

«Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы - ертеңгі ел болашағы» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда.Бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесі үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне құлақ түрсек, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең біріншіден ата-анаға байланысты болады. Сондықтан, бала тәрбиесі жайында сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық.

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол - бірінші ата- анасынан , себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады .

Мына видеороликке назар аударайық. (ВазА), (Кричащие родители),(Мальчик и девочка)

Енді осы жақсы ата-ана дегеніміз кім?

-жақсы ата-ана болу үшін тәрбиені ең бірінші өзімізден бастау керек дейді.

-баланы жақсы көру;

-тәрбиенің жақсы әдіс тәсілдерін меңгеру, баланың бойында қандай жақсы қасиеттерді меңгерту;

-баланы мақтай білу.

Келесі сахналық көрініс «Баланы тыңдайық». Бұл ойынға төрт ата-ана қатысуы керек./жеткіншек, әкесі, анасы, әжесі/

Тест «Тепе-теңдік шеңбері»

Мақсаты: өз отбасылырыңыздың өмірлік өрісімен қаншалықты қанағаттанғаныңызды тексеру және ұғындыру.

Сіздердің алдарыңыздағы қағазда отбаслық өмірге қажетті 6 шеңбер көрсетілген.

Репродуктивттік -адамды өмірге келтіру; экономикалық-өмір сүру құралы ақша табу, қаражат жағы; үй-тұрмыс жағдайы-үй іші адамдарын тамақпен, жылу қамтамасыз ету; тәрбиелік еңбекек үйрету,тілді, әдет-ғұрыпты, тұлға ретінде қалыптастыру; қалпына келтіру -отбасының денсаулығын сақтау, дем алу, қыдыру; коммуникативтік-отбасындағы қарым-қатынас, туған-туыстармен, достармен.

Осы өмірлік өрістеріңізді 10 балдық жүйемен бағалаңыз. Әрбір бал өмірге деген қанағаттануыңызды білдіреді. /0-10/ аралықта әрбір шкалаға өз отбасыңыздың өрісін бағалаңыз. Соңында сызықпен қосыңыз. Қай өмірлік құндылықтарыңызды көтеру қажет деп ойлайсыз?

Сурет терапиясы «Менің отбасым гүл бейнесінде»

Алдарыңыздағы қағазға өз отбасы адамдарын гүл бейнесінде көрсетіңіз.

Қортындылай келе:

Ақын ағамыз Еслам Зікібаевтың

Уа, адамдар

Айға атылған армандар!

Жақсылықты жақсылықпен жалғаңдар,

Игілікті, ізгілікті таңдаңдар,

Өмір кілті қолдарыңда сендердің,

Абайлаңдар-

Тек түсіріп алмаңдар! -деген өлең жолдарымбен дөңгелек үстелімізді аяқтаймызү

Баланың әрекеті:

Бала мектептен өте ашулы келді. Сөмкесін бөлменің ең шет бұрышына лақтыра салып: «Мен енді мектепке бармаймын. Маған математика пәнінің мұғалімі ұрыса береді. Өзім жазған бақылау жұмысын көшіріп алдың деп сенбейді»-деді. Ертең ата-анаңмен директорға кел-деп айтты.

Актер ата-аналарға келесі нұсқаулар беріледі.

-«бала» ашулы, өте беймазы, өзінің сөздерінің растығына түрлі дәлелдер келтіруде.

--------------------------------------------------------------------------------------------------

Әкесі: авториторлы тәртіп стилін көрсетеді. /балаға қысым, айғай, қорқыту/

--------------------------------------------------------------------------------------------------

Анасы: аса қамқор ата-ана рөлін қабылдайды./баланы әрдайым ақтайды, ол үшін жолдасымен ұрысады, мұғалімді әділетсіздігі үшін айыптайды./

-------------------------------------------------------------------------------------------------

Әже: екі жақты, жүйесіз айғай-шу стилді тәртіп /өзін-өзі түсіне алмай, ұлының да келінің де сөзін сөйлеп, ақырында кімнің сөзін сөйлерін білмей жүрген адам, нақты мәселені түсіне алмай, өзінің кеңесін бере алмай отыр/



© 2010-2022