Разработка қыз балаларға Жеке бас гигиенасы

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Жеке бас гигиенасы» деп аталады. Мен Сара Назарбаеваның мынандай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы. Отанының сенімді тірегі». Сондықтан да барлығымыздың деніміз сау болсын. І. Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесіңдер?     Ал, күн тәртібі дегеніміз не?      Күн тәртібі – бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру. ІІ. Жағдаяттарды талдау  1.      Айнұр мен Айгүл кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Айнұр анасынан естіген әңгімесі бойынша денсаулықты сатып алуға болады деді. Ал Айгүл бұл ойға келіспеді.          Сендер қалай ойлайсыңдар? 2.      Сандуғ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жеке бас гигиенасы».

Мақсаты: «Тазалық - саулық негізі» мақалының мәнін түсіндіре отырып әр оқушының ұқыпты болуына, жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтауына, салауатты өмір салтын ұстануына тәрбиелеу. Оқушылардың күн тәртібін дұрыс, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.

Әдісі: тренинг

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ватмандар жазып топтастыруға, тілек шамы және тілек ағашы

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Жеке бас гигиенасы» деп аталады. Мен Сара Назарбаеваның мынандай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы. Отанының сенімді тірегі». Сондықтан да барлығымыздың деніміз сау болсын.

І. Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс

тамақтану.

Темекі,арақ,

нашақорлықтан аулақ болу.

Спортпен

айналысу.

Жеке бас

тазалығын сақтау

Күн тәртібін дұрыс сақтау.

Табиғи шынығу.

Жұқпалы аурудан

сақтана білу .

Қайрымды болу.






Ал, күн тәртібі дегеніміз не?

Күн тәртібі - бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі - бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.

ІІ. Жағдаяттарды талдау


  1. Айнұр мен Айгүл кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Айнұр анасынан естіген әңгімесі бойынша денсаулықты сатып алуға болады деді. Ал Айгүл бұл ойға келіспеді.

Сендер қалай ойлайсыңдар?

  1. Сандуғаш енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

Сандуғаштың ойы дұрыс па? Сендер Сандуғаштың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

ІІІ. Денсаулықтың достары мен қастары

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  • Қоршаған орта ластығы.

  • Дұрыс тамақтанбау.

  • Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  • Зиянды заттарды қабылдау.

  • Тазалықты сақтамау.

  • Отбасындағы кері жағдайлар.

  • Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  • Дұрыс тамақтану.

  • Қоршаған орта тазалығы.

  • Дене шынықтыру.

  • Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  • Зиянды заттарды қабылдамау.

  • Жеке бастың тазалығын сақтау.

  • Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  • Эмоциялардың оң болуы.

ІҮ. Оқушылар ойы

  1. Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1-2 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.


  1. Киім және аяқ-киім күтімі

Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.

Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек.


  1. Ұйқы гигиенасы

Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы. Ұйықтау мен ас ішу режімін реттеген жөн. Бұл организмді бейберекет өмір салты тигізетін стресстен арылуға және жүрек-қан жүйесі кеселдері бұзылыстарының дамуынан бойды алыс ұстауға көмектеседі.


  1. Ауыз қуысы гигиенасы

1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.

2. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет ауыстырып отыру керек.


Ү. Қорытындылау

«Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді»

Т. Футлер

Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар.

ҮІ. Тілек шамы

Оқушылардың алдарындағы жанып тұрған отқа қарап отырып дәл осы кезде денсаулық туралы ойларындағысын жазып, тілек ағашына ілу.

© 2010-2022