Менің өмірдегі орным тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің өмірдегі орным

Мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орыны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу;өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеуіш, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, флипчарт, әуен, маркер, құм, бұршақ,

тас, су, банка

«Мен және өмір» жаттығуы.

Оқушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен, Айбек өмірде

бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

«Балалығым бақытым» жаттығуы.

Балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай

түсінетіндерін тақтаға сурет салу арқылы талқылап айтады.

«Менің таңдауым» жаттығуы.

Оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды.

Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.

«Өмір» жаттығуы.

Тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр сөзді жеке-жеке талдайды.

«Өмірге эксперимент» жаттығуы.

Банкаға тас, құм, бұршақ, су сыйғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай

талдау.

Банка -өмір, құм-ұсақ-түйек, бұршақ- кедергілер, су- өмірдің ағысы.

«Тыныштық сәті» жаттығуы.

Оқушыларға жаттығу мазмұны оқылады, оқушылар көздерін жұмып отырып оны

елестетеді.

«Жылы тілек» жаттығу. Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтады.

Көтеріп тұрып, құлатады өмір

Күлдіріп тұрып, жылатады өмір

Етегің толып еңіреген кезде

Қайтадан өзі жұбатады өмір

Үмітіңді үзіп, түңіле көрме

Құлап барып та гүл атады өмір

Үп еткен желге дірілдей берме

Шыдамдылықты ұнатады өмір.




© 2010-2022