Баяндама Компьютерлік ойындардың бала дамуына әсері

Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Компьютерлік ойындардың бала дамуына әсеріҚ.Кемеңгеров атындағы жалпы білім беру мектебі

















Тақырыбы: Компьютерлік ойындардың бала психологиясына әсері





Дайындаған: мектеп психологы А.Т.Шекебаева













2015-2016 оқу жылы.

Компьютерлік ойындардың бала психологиясына әсері

ХХІ ғасыр - ақпараттық дамыған заманы. Қазіргі заманда үйінде компьютері жоқ отбасы кемде-кем, бірақ көк жәшіктің пайдасы мен зиянын ойлай береймейміз. Ата-анасы жұмысқа кетеді, күндіз -түні тынымсыз бала-шағасының қамын ойлап жүреді. Ал үйде отырған баланы осы компьютер тәрбиелеп жатқандай. Алайда уақыт өте келе компьютер алдында көп отырудың көз жанарына, адамның қан айналымына кері әсер ететінін былайй қойғанда, ол ойын құралына, онда да адам жүйкесін бұзатын құмар ойын құралына айналды. Ендігі әңгімені осы тұрғыда өрбітейік.

Осы уақытқа дейін казино, карта ұтылыс лотереялары, ат бәйгесі, спорттық жанкүйерлік ставкалар еріккенде уақыт өлтіру үшін ермек ететін іс сияқты көрінгенімен, көптеген адамдар сол құмарға тәуелді болып, тапқан -таянғанын сол ойынға салып, құмарлықтың құлына айналып кеткенін көріп жүрміз. Былай айтқанда, есірткі қабылдайтын наркоманның тәні ауру әрі ол есірткіге тәуелді болса, «ойынқұмарлық»- ойнамаса тұра алмайтын психологиялық ауру. Осы аурулар қатарына соңғы ширек ғасырда «компьютерлік ойынға тәуелділік» деп аталатын жаңа дерт қосылды. Бұл кесел бүкіл әлемге тез тараы. Көршіміз Ресейдің бір Мәскеу қаласының өзінде 300 мың адамның ауыратынын мәлімдеген. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі- атыс-шабыс, төбелес. Бұл алды болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде женеді кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Мұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қлуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, ондай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды.

Осы компьютерлік ойынына тәуелді адамдарды төмендегідей жолмен емдеген тиімді.

Ең алдымен, балаңыз компьютерге тым әуес болса, оның бұл әдетін жаман әдет қатарына жатқызбаудан аулақ болыңыз. Өйткені, көптеген ата -ана «балам ішімдік ішпейді, шылым шекпейді, есірткіге жоламайды, ал компьютерге құмарлығы кейін есейгенде қалады» деп ойлайды.

Балаңыздың компьютерден өзге досы жоқ болса, оның неге осылай оқшауланып бара жатқанын зерттеуге тырысыңыз.

Бозбала бір жағынан тәуелсіздікке ұмтылатының, екінші жағынан ата-анасының қолдауына мұқтаж екенін, осы сәтте олардың ата-ана қоятын шектеуден шығып кеткісі келіп тұратынын, алайда онсыз өмір сүре де алмайтынын түсініп, «бірде жіберіп, бірде тартып» дегендей тәрбиелеп отырыңыз.

Балаңызбен әңгімелесу әдебіңізді өзгертіңіз. Зекімеңіз. Жан дүниесін түсініп, отбасында бала мен ата-ана арасындағы татулық, сенім орнатыңыз. Көңіл бөлу деген сөз оның күндіз не істеп, не ішіп, не жегенін сұрау ғана емес, баланы асықпай тыңдап, оның реніші мен қуанышын да бөлісе білу.

Гигиеналық талаптарға сәйкес 7-10 жастағы бала компьютердің алдында күніне 45 минуттан 11-13 жасағы бала күніне 45 минуттан 2 рет, ал одан ересек бала күніне үш реттен артық отырмауы тиіс.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жетекшілерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөпірімнің көздері шаршайды. Сондай -ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, бұлшық еттері қатаймаған жасөпірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остехондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Ал жүйкеге салмақ түсіру ойлау қабілетінің төмендеуіне көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуіне, бас ауруы мен ұйқысыздық және көңіл күйдің құлазуына әкеп соғатыны белгілі жайт. Ендеше балаңызды компьютерде ұзақ отырмауға, ғаламтордан қажетті ақпараттарды ғана алуға үйретіңіз. Әр заттың зияны мен пайдсы да болары анық. Заман талабына сай баланың компьютерді меңгеруі қажет, бірақ балаларымызды компььютерлік ойынның құлы болмауға сақтайық.

© 2010-2022