Ашық оқу іс-әрекеті: Ойнайық та ойлайық

Раздел Школьному психологу
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім басқармасы №62 Нұрсәуле балабақшасы



Тақырыбы: «Ойлайық та, ойнайық»

Мектепалды даярлау тобы

Педагог- психолог:Ермағанбетова. А.М.


Астана, 2015

Тақырыбы: «Ойлайық та, ойнайық!»

Мақсаты: Балалардың танымдық үрдістерін дамыта отырып,ақыл-ойын, жылдам логикалық ойлауын,қиялын, ептілігін,есте сақтау қабілетін дамыту.Баланың бойындағы мүмкіндігімен қабілетін анықтау,балалардың сөздік қорын молайту, жағымды психологиялық ахуал орнату.

Керекті құралдар: Арнайы ақ парақшаларда, боялмаған қонжық, түлкі, мысық, балапан, кірпі, ботақан, бақа, ат суреттері, арнайы саусаққа арналған бояулар.

Психологиялық сәт:

Күлім қағып қолымды!

Бір,екі,үш деп соғайын!

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын,

Жылы жылы жүзбенен,

Мандайынан сипайын!

Жылы жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын,

Психолог: Енді балалар жылулық шеңберін жасап, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

  • Мейірімді болайық!

  • Әрқашан әдемі болайық!

  • Аналарымыз аман болсын!

  • Күніміз жарық болсын!

  • Балабақшамыз жайнай берсін!

  • Бәріміз дос болайық!

Психолог: Балалар, сендердің көңіл күйлерің өте жақсы екен, онда мен осы сәтті пайдаланып ойын арқылы сендердің қабілеттеріңді тексерейін.

  1. «Ойыншықты сипатта!»

Мақсаты: топта жағымды көңіл-күй орнату.

Жүргізуші: балалар қазір мен сендерге мына қолымдағы ойыншықты әрқайсысына ұсынамын. Сендер осы ойыншықты ұстап тұрып, бір сөзбен сипаттауларың керек. Мысалы, жұмсақ, әдемі т.б. Содан кейін айтқан сөздеріңді есте сақтап қалып, сол жақтағы көршіңе сол сөзді айтасын, шеңбер бойынша жалғасып кете береді.

  1. «Сиқырлы қоржын» жаттығуы

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншақ тұр. Балаларды кезекпен шақырып, қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы. Екі доп, екі машина т.б Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алганан соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

  1. «Сөздерді жаттап ал!» жаттығуы

Жүргізуші: Балалар мен қазір сендерге сөздер оқимын. 1 минут ішінде еске сақтап қалуларың керек.Естеріңе сақтай алмасаңдар 2 мәрте тағы оқимын.Осылай балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға болады.

Алма Балмұздақ

Сағат Өшіргіш

Кітап Қалам

Айна Ауыл

Ауа Су

Алақан Гүл

Доп Машина

4 «Суреттерді есте сақтап ал»

5«Түстер» жаттығуы

Психолог: балалар мен сендерге қазір қызыл, көк, сары немесе жасыл түстерді көрсетемін. Қай балаға жасыл түс кездессе, ол жасыл түсті 3 заттың атын атау керек. Айтқан затты қайталап айтуға болмайды. Мысалы, жасыл түсті алған оқушы жапырақ деп айтуға болады.

6«Жұптап бояп шығайық» Мақсаты: түстерді қабылдату,бірігіп жұмыс істеуге үйрету.

Жүргізілу барысы: Ұқсас түстерді жұптап шығу. Арнайы қолмен салатын бояуды саусақ ұштарына жағып шығады. Бас бармақпен саусақтарын жұптай отырып,төмендегі өлең жолдары арқылы түстерді жаттайды. Қоңыр қонжық, қара мысық, Сары балапан, Аппақ ботақан, Қызыл түлкі, Сұр кірпі,Жасыл бақа, Күлгін ат. Түстерді алдық жаттап. Дұрыс жаттап, бояғандардың суреттері үлгі тақтаға ілінеді.

Ашық оқу іс-әрекеті:Ойнайық та ойлайық
Ашық оқу іс-әрекеті:Ойнайық та ойлайық

  1. «Қобдишадағы тосын сый» жаттығуы

Мен сіздерге бүгін тосынсый дайындап әкелдім, ол тосын сый мына менің қолымдағы қобдишаның ішінде тұр, қазір шеңбер бойынша барлығың көресіңдер, бірақ ішінде не көргендеріңді бір-бірлеріңе айтпайсыңдар келістік пе? Бұл қобдишаның ішінде ең бағалы, ең қымбат нәрсе. Барлығы қобдишаның ішіндегі айнаны көреді.

  • Ал біз не көрдік? Айна

  • Айнадан кімді көрдік? Өзіміздің бейнемізді

  • Кім бұл тосынсыйға таң қалды?

Иа балалар біз бірінші өзімізді қандай болсақ та жақсы көрмесек, басқа адамдарды жақсы көре алмайды екенбіз. Әлемге деген махаббат өзімізден басталу керек. Өз-өзімізді жақсы көріп, бағалай білейік.

  1. «Алақан» жаттығуы.

Мақсаты: өзін-өзі бағалауларын жоғарылату.

Психолог: балалар қазір алдарыңда тұрған ақ параққа өз алақандарыңды салуларың қажет. Содан кейін әркім өзінің салған алақанының ортасына сандарды жазыңдар

8 «Зейінді бол!» жаттығуы

Психолог: Балалар қазір мен сендерге сөздер оқимын, сол сөздердің ішінен сендер жануарлардың атын естігенде қол шапалақтауларың керек, ал құстың аттарын естігенде аяқтарыңмен топырлатасыңдар, балықтардың атауларын айтқанда, балық ұқсап жүзулерің керек. Қарақат, алабұға, алма, түлкі, сандық, көгершін, сауысқан, шортан, жолбарыс, теледидар, қарға, аю, гүл, тотықұс, кит, акула, бауырсақ, қоян, ақ шағала, шабақ, арыстан, қарлығаш.

Ашық оқу іс-әрекеті:Ойнайық та ойлайық Ашық оқу іс-әрекеті:Ойнайық та ойлайық

9 Қарама-қарсы сөзді ата

Психолог: балалар мен қазір бір сөз айтып бір балаға доп лақтырамын допты алған бала, сол сөзге қарама қарсы сөз айтады. Ал бастадық. Күн-Түн,Аспан-жер.

10 Логикалық есеп ойындар.

1, Түнде жаңбыр жауғаннан кейін күн шыға ма? (шықпайды,өйткені түн)

2.Күзетшінің басына торғай қонып отыр, күзетші не істеп отыр? (Күзетші ұйықтап отыр)

3.Теректе 5 алма өсіп тұр,Айжан екеуін үзін алды.Теректе неше алма қалды.(Теректе алма өспейді.)

4.Аспанда үш тауық ұшып жүр еді, аңшы екеуін атып алды,неше тауық ұшып жүр?

(Тауық ұшпайды) Сергіту сәті. Көңілді күн

10.Рефлексия «Күн»

Психолог: балалар сендерге күннің 3 түрлі эмоциясы берілген: көңілді, немқұрайлы, көңілсіз. Сендер бүгінгі ойын сабақтан алған әсерлеріңді көңіл-күйлеріңді алдарыңда тұрған шуақтарға , күннің 3 түріндегі эмоцияның біреуін таңдап, шуақтарды орналастырасыңдар.

Релаксация.

-Балалар көзімізді жұмып денемізді бос ұстап бүгінгі ашық оқу іс әрекетінен алған әсерімізді есімізге түсірейік. (Ақырын әуен ойналып тұрады)

қорытындылау:

Бүгінгі оқу іс әрекетінен не білдіңдер?

Ұнады ма?

Балаларды мадақтау,жеке-жеке сыйлықтар беру.



© 2010-2022