Презентация по психологии на тему Стрестің пайда болу себептері

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Стрестің пайда болу себептері туралы әдебиетте көп жазылады. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрушілік және т.б. факторлар болады.

Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Сонда не істеу қажет? Ең алдымен өмірдің стилы мен өз-өзіңді өзгерту қажет.

Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек: «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршғандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз», «істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» шығыс данадығы осылай дейді.

Барлық істеген ісіңізді қуанышпен және жақсы белгілі әдіспен орындаңыз. Оқуға деген сүйіспеншілік сіздің физикалық және жан ауруынан құтқарады. Өзіңіздің дене мен психикалық денсаулығыңызға аурулары, жүректің қатты соғуы, арқада, асқазанжа, жүректе қысым пайда бұзылуы, қобалжушылқ, ашуланшақтық, уайымдаушылық, жадының қорқыныш сезімдері. Бұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі тәуелдікке әкеледі.

Стресті жеңу үшін не істеу қажет.

Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарыңа, өзедріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңат және басқа жақын-туыстарынат барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.

Ата - аналарға алты кеңес.

Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз.

1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек.

2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз.

3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз.

4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В.Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар.

5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін.

6. Бар нәрсені жасырып, ұл - қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз.

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.

- Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз.

- Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.

- Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.

- Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.

- Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.

- Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.

- Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.

- Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз.

- Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.

Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес.

1.Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай,дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз.

2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ-ға дайындалатын белгілі бір уақыт,орны болуына жағдай жасаңыз.

3.Балаңыздың көңіл-күйіне,денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.

4.Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.

5.Балаңыздың дұрыс тамақтануына,әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге,дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.

6.Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп,шаршатпаңыз.Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.

7.Ешқашан балаңызды сынап-мінемеңіз.Ақылмен ұғындырыңыз.Сабырлы болуға баулыңыз.


© 2010-2022