Тренинг: Өзің таңдаған өмір

Тренинг: Өзің таңдаған өмір                                            Мақсаты: Жеткіншектердің өзін -өзі тануын қалыптастыру.                    Сабақтың негізгі тапсырмалары:                                                             -қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері  мен мінез-құлқын анықтау.   -оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету.-өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.-негативті импульсті шығару,жою. Керекті заттар: түрлі-түсті карындаш,гуашь, әр қатысушыға А4 қағ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг: Өзің таңдаған өмірТренинг: Өзің таңдаған өмірТренинг: Өзің таңдаған өмірТренинг: Өзің таңдаған өмірТренинг: Өзің таңдаған өмірТренинг: Өзің таңдаған өмір Тренинг: Өзің таңдаған өмір

Өзің таңдаған өмір

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін -өзі тануын қалыптастыру.

Сабақтың негізгі тапсырмалары:

-қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау.

-оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету.

-өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.

-негативті импульсті шығару,жою.

Керекті заттар: түрлі-түсті карындаш,гуашь, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.

Сабақтың барысы: Психологиялық бағыт беру \ жайлы әуен ойнап тұрады.\

-Сәлеметсіздер? Сынып жетекшілер, оқушылар! Қош келіпсіздер бүгінгі тренингімізде.

Әрбір адам -өмірге келген конақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Олай болса , бүгінгі тренингіміз осы өзің таңдаған өмірімізді сыйлы -құрмет кездесуміз әрбіреуіне қызықты әрә қажет болады деген сенімдемін.

Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға,өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

1.Сергіту -жаттығу «Мейірімді жануар »

Жүргізуші: Балалар , біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз.Өзіміздібір бүгін топ ретінде сезігу үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын.Шеңбер жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлардың жүрегі соғады.Екі қадам алға,екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

2.Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды»,Себептен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш -бұл ..........

Мен мынадай адамдарға сенбеймін .......

Мен ренжимін, егер .........

Мен ұнатпаймын, егер........

Маған көңілсіз, егер ........

Егер маған дауыс көтерсе , мен .......

Мен қарсыласқанда ......

Егер мен сенімсіз болсам, онда ......

Жүргізуші : Сөйлемді аяқтағанда , сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине , әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.Ренжіген,нашар көңіл-күй немесе көнілсіздік болған шығар. Бұл сәтте

қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын.Бүгін біз өзімізге сондай қолдау ойлап табамыз.

ІІІ. Коллаж. «Менің таңбам»

Жүргізуші: 15-ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған.Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан.Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін,мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған .Қалқан -қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген.Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіде- өздеріңде жақсы сезінетін жер \отбасы, мектеп ,достарынның ортасы т.б\ Үшіншіде -ең үлкен жетістігім. Төртіншіде-сенімді үш адам.

Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіңдер.Бесіншіде -өзің туралы естігің келетін үш сөз.15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Мен жақсы істей аламын

Өзімді жақсы сезінетін орта

Ең үлкен жетістігім

Мен сенетін үш адам

Өзім туралы естігім келетін үш сөз

Жүргізуші: Біз дайындаған таңба өзімізге көмектеседі.Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсір:

жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсір:

- өз жетістеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатын жұмысты еске түсір;

өз жетістіктерінді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатынының туралы ойлан;

-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда,қапаланған кезде рухында көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

4.Жаттығу «Әрі қарай не?»

Жүргізуші: Қазір мен сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді

айтуды ұсынамын.Ал,басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?

Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек.Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады.Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.

Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.

-бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?

-бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды.

-осы айтылған сздерге лайық болу үшін не істеу керек?

Жүргізуші:Шынымен,бұл сөзді өзің туралы естігің келсе,өзіңді түсініп,жұмыс істеуің қажет.Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады.Тағы бір ұсыныс,массаж.Бір -бірінің артыңнан шеңберге тұрыңдар.

Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып,массаж жаса ,иығын уқала. Енді арқаны шымшып,алақанмен сыйпа.

Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын.Өзойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі.Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар.Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы

алақанға көңіл бөліңдер.Өз сезімдеріңді түсініп, есте сақтауға тырысыңдар .

Енді көздерің жұмулы қалпында, қолдарыңды жіберіп, тыныс алуға көңіл бөліңдер.Ал, енді денелерінде бір кішкентай өте мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер.Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер.

Тағы да қол ұстасыңдар. Бір-бірлерінің сезімдеріңді түсінугетырысыңдар.

Көздеріңді ашыңдар. Рахмет.

5. Рефлексия.

1.Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?

2.Сендерге не ұнады, не ұнамады?

3.Қалай ойлайсыңдар,таңба нашар көңіл күйді жеңе білуге, өз күшіне сенімді болуға көмектесе ме?












4. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»

Жүргізуші: Сендердің таңбаларының екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді.Оны

таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін,бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады.Ұран түрлі -түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан .Қатысқандарыңа рахмет, барлығына жақсылық тілеймін

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш -бұл ___________________________________

Мен мынадай адамдарға сенбеймін ___________________________

Мен ренжимін, егер _________________________________________

Мен ұнатпаймын, егер_______________________________________

Маған көңілсіз, егер ___________________________________________

Егер маған дауыс көтерсе , мен _______________________________________

Мен қарсыласқанда _______________________________________________

Егер мен сенімсіз болсам, онда ____________________________________

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш -бұл _________________________________________

Мен мынадай адамдарға сенбеймін _________________________________

Мен ренжимін, егер ______________________________________________

Мен ұнатпаймын, егер ___________________________________________

Маған көңілсіз, егер ______________________________________________

Егер маған дауыс көтерсе , мен _____________________________________

Мен қарсыласқанда _______________________________________________

Егер мен сенімсіз болсам, онда _____________________________________

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш -бұл _______________________________________

Мен мынадай адамдарға сенбеймін ________________________________

Мен ренжимін, егер ____________________________________________

Мен ұнатпаймын, егер ___________________________________________

Маған көңілсіз, егер ______________________________________________

Егер маған дауыс көтерсе , мен ____________________________________

Мен қарсыласқанда ______________________________________________

Егер мен сенімсіз болсам, онда



© 2010-2022