Конспект 5-сыныптың бейімделу кезеңі

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы.


Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы.

Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.

Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.

Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау.

Міндеттері:

1. Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.

2. Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.

3. Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.

4. Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.

5. Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.

6. Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.

7. Бейімделу деңгейін казан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.

8. Өткізген жұмыстарға анализ жасау.

Іс-шаралардың жоспары.

1. Танысу.-1 сабақ. (наурыздың 1-ші аптасы. )

4 сыныппен танысу, сабақта не істелінеді, мақсатын, кездесіп отыру.

2. Диагностикалық минимум.-1 сабақ. (наурыздың 2-ші аптасы.)

Өзіне деген көзқарасы. Өз-өзін бағалау Лонг әдістемесі.Зейін деңгейі. Ақыл-ойының жұмыс істеу қабілеті. Ақыл-ойының даму деңгейі.Замбицявичене тесті. Мотивация ерекшелігі.Лусканова әдістемесі.

3. Дамыту сабақтар. -Аптасына 1 рет.

4. Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.

5. Психолого-педагогикалық ойын. Алда 5-інші сынып.

6. Психолого-педагогикалық ойын. Ақ жол. (кыркүйекте)

7. Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.

8. Семинар мұғалімдермен. 2-3-ші аптада.

Оқушылардың бейімделуі, жас ерекшелігі туралы кеңес беру.

9. Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.

10. Бейімдеу сабақтары.-Аптасына 1 рет.

11. Диагностикалық минимум.- Мектепте мазасыздану. Филлипс тесті.

12. Бақылау диагностикасы. - Сәуірде.

Өзін-өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы.

Мұғалімдерге дәріс.

Тақырыбы: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.

Мақсаты: 5-ші сыныпқа орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.

Сабақ жабдықтары:

1. Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша.

2. Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».

3. Қасиеттер жазылған үлестірме кағаз.

4. Люшер тесті. 8 түсті үлестірме кағаз.

5. Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.

Сабақ барысы.

I. Кіріспе сөз.

-Бүгін біз семинар-тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге

жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге кажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп сенеміз.

II. Қатысушыларды сергіту.

Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстын жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.

III. Еске түсіру.

- Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?

Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.

IV. Бірыңғай талаптар.

Мұғалімдерге сұрақтар.

-Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, нешежол қалтыру қажет?

- Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?

- Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?

- Сонымен мұғалімдердің қойятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы осындай сәтте нені сезінеді? Мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?

V. Ассоциация.

өзіне сенімді өзіне сенімсіз шындық

көнушілік ашулы қайсарлық

біреуге тәуелді белсенді мінезі ашық

Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.

-Енді біз бесінші сынытың ассоциациясын ілеміз.Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.

Егер сіздер жақсы немесе жаман эмоционалдық қарым-қатынас деңғейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.

Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?

VI. Басқаға ауысу.

-Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық.Егер жоғары болса-отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса-тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.

VII. Жұмыс орындау динамикасы.

Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.

Жұмыс орындау механизмінің циклі.

3-5 минут - дайындық

15-20 минут - оптимум

20-шы минуттан кейін қажу

Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?

VIII. Баға қою қауыпсыздық ережесі.

Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата-анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы сезіну керек.

Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.

Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.

IX. Қорытынды жасау.

«Мен және біз»

Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тренинг-сабақтар.

Ата-аналарға жадынама

· Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңімелеп көңілін көтеріңіз.

· Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.

· Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.

· Өз балаңыз оқитын мектептің еркшілігін, бағдарламасын біліңіз.

· Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.

· Мектепте нені оқытатынына баланың қызғушылығын арттыруға көмектесіңіз.

· Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.

Сабақ 1 Танысу

Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау әдістерін талдау.

Сабақ барысы

Кіріспе

Жаттығу. Аты және қасиеті. Допты кезекпен бір-біріне лақтырып өзің де айтып шығады.

Бізге ереже қажет. Талдау.

Оқушылар сабаққа неге келеді?

Сабақта тәртіп ережесі бар ма?

Негізгі бөлім.

Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір- бірін тыңдау.

Екінші-басқаға кедергі жасамау.

Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір-бірін ренжітпеу.

Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.

Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.

Қорытынды.

Менің көңіл-күйімнің түсі.

Қоштасу ритуалын келісіпорындау.

Сабақ 2. 5-інші сынып деген не?

Мақсаты: Бейімделу себептерін алдын-ылу.

Сабақ барысы

Кіріспе

Жаттығу Ұжыммен санау. Бір-біріммен келіспей санау.

Жаттығу Кім ...

Тәттіні жақсы көреді

Кімде мысық бар

Кім футбол жақсы көреді т.б.

Сәлемдесу рәсімін тандап алу.

Сурет Мектеп жол 1-11 сыныпқа дейін. Талдау жасау.Маған бастауыш мектепте ең жақсы есімде қалған. Шеңбер бойынша әңгімелейді.

Мен 5-інші сыныптан күтемін.

Негізгі бөлім.

Мектеп жолының негізгі бөлімі 5-9 аралығында.

Ойын. Комплимент.

Сабақ 3 Біз және біздің жақын жандар.

Мақсаты:Қоршағандар ең негізгі көмекшілер екенін түсіну

Сабақ барысы

Кіріспе

Ойын Алтыншы. Ассоциация.

Саған басқалар қандай көмек көрсете алады, сен ше?

Талдау. Шеңбер ішінде Мен деген жазу, 2-отбасы, 3-достар,4- мұғалімдер. Қорғаушы, тірек болатын қайсысы? Жақын жандар.

Өзерің басқаға қандай көмек бере аласыздар?

Мен істей аламын. Менің автопортретім күн сәулесінде. Сурет салу.

Жаттығу. Менің көңіл-күйім түстермен.

Сабақ 4. Біз және біздің көңіл-күйіміз.

Мақсаты: Өз көңіл-күйін реттей білу.

Сабақ барысы

Кіріспе. Ойын. Қандай санды айтамын сонша адам тұрындар.

Жағдаяттар. Орындағын келмейтін істі орындау

Егер біреу оған кемшіліктерін айтса.

Себепсіз кінәләу

Уәдесін орындамаса т.б.

Түстермен көрсету.

Негізгі бөлім

Адамға көңілсіз күйін жеңуге бола ма?

Көңіл-күй-ол ... параққа жазу

.Көңілсіз күйді қалай жеңіп шығуға болады?

Талдау.

Қорытынды.Кемпір-қосақ түстерімен.

Сабақ 5. Біз және біздің әдеттеріміз.

Мақсаты: Күн тәртібін жасау, оны орындау өздігімен жұмысын жоспарлай білу.

Сабақ барысы

Кіріспе. Ойын. Мұрын-еден-төбе. .Кемпір-қосақ үстімен.

Әдет-дегеніміз... талдау.

Кім сабағын келе сала орындайды, кім демалып алған соң.

Күн тәртібінің қажеті.Менің жұмыс аптам.

Кесте құру. Күндерді түсті қағазбен орындау.

Қорытынды.Күн тәртібі немен ассоциацияланады.





Ата аналарға кеңес

Біріншіден, мұның өзі негізгі нәрсе - «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.

Екіншіден, сіздің балаға деген нүсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.

Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.

Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.

Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады. Осындай жағдайда сынып оқушыларының,мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің рөлі зор. Бұндай оқушыға өмір жайлы көп айту қажет.

Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ...

егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз... ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.

Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.

Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.

Басқаша айтқанда,отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.

БАҒДАРЛАМА

Бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде дезадаптацияның алдын-алу, түзету жұмыстар.

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі


Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді,жаңа пәндер қосылды,5-сынып бағдарламасы күрделене түсті.Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:

- Балалардың мінезі өзгереді;

- тез шаршайды;

- көңіл-күйлері бұзылады;

- оқу-үлгерімі төмендейді;

- мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Сондықтан мектеп психологтары кешенді зерттеу жүргіземіз.

Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.

мектептегі,жанұядағы басқа адамдармен қарым-қатынас;

оқу үлгерімі,жаңа пәндерге бейімделуі;

өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;

танымдық процестер:ес,зейін,ойлау,қиял т.б.;





© 2010-2022