Тренинг по психологии на тему Мен мектепке барамын

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мен мектепке барамын»

Мақсаты: оқушылардың 1сыныпқа бейімделуіне жағдай жасау, мектеп ережесімен таныстыру, әртүрлі ойындар ойнату арқылы мектеп өміріне еркін араласуына көмектесу.

Көрнекілігі: қиынды тапсырмалар, ойыншықтар, аңдардың маскалары, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе.

Саламатсыңдар ма, құрметті оқушылар, сендер міне 1сынып оқушысысыңдар. Сендерді мектепте көргеніме қуаныштымын, мұнда сендер көп білім алып, қызықты нәрселермен танысасыңдар. Ал енді қазір біз сендермен танысып алайық.

2.Амандасу.

Балалар барлығы есімдерін хормен айтады, сынып шу болып тәртіп бұзылады. Психолог түсіндіреді, егер біз хормен атымызды шулап айтатын болсақ, онда ештеңе естілмейді, түсінбейміз, ендеше бір-бірден айтайық. Айнала қоршалып тұрып, қолдарындағы жұмсақ ойыншықты бір-біріне беру арқылы аттарын айтып шығу керек.

Сұрақ: Бізді сынып бөлмесінде қоршаған заттарды айтайықшы.

Жауап: оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Психолог: Балалар, қанекей тыңдайықшы бізге орындық, парта, тақта не дейді? Ештеңе демейді. Иісі шыға ма?, жоқ. Ендеше олар өздерін қорғай алмайды, сондықтан біз оларды қорғауымыз керек, бетін сызып шимайламай, сындырмауымыз керек. Өйткені біз осы партада отырамыз, және партада отырғанда дұрыс отыруымыз керек, әйтпесе арқамыз қисық болып кетеді.

Практикалық жұмыс. Сыйлық.

Психолог: балалар біз сынып бөлмесімен таныстық, енді осы сыныпқа сыйлық берейік. «Күннің көзі» (балаларға дайын күннің көзі таратылады, соған жан бітіру керек, яғни көзін, аузын салу керек), салып болған соң өздеріңе ұнаған жерге апарып жабыстыру керек.

3.Рөлдік ойын «Орман жануарларында қонақта»

Құралдары: жануарлар маскасы, саңырауқұлақ, жаңғақтар, гүлдер.

Ойын шарты: Психолог: Біз бүгін орманға барып ондағы мекендейтін жануарлардың қалай тұрып жатқанын бақылаймыз. Қандай жануарларды білесіңдер?

П-г: Ормандада жануарлар біздің отбасыларымыз сияқты әртүрлі мінезді болады, біреуі еңбекқор немесе жалқау, қайырымды немесе қатал, қамқор немесе немқұрайды. Ендеше солармен танысайық. Балаларға жануарлар маскасы таратылып беріледі.

П-г: бізге кім келді, тиін, ендеше тиін не істейді, соны қайталайық, психологтың қимылдарын қайталайық, саңырауқұлақ, жаңғақ жинау.

Ал енді кім келді? Қасқыр. Ол ырылдайды, оқушылар қайталау керек. Енді бізге қоян келді. Қоян қалай секіреді. Естисіңдер ме? Кім тарсылдатып келе жатыр, иә аю. Ол не жейді, қыста не істейді? Аюдың ұйықтағанын көрсетейік.

Ал енді біз барлық аңдарды шақырайық, ортаға айналып тұрып жүргізушінің айтқанын жасау керек. Егер алақан соғылса жүргізушіге қарай адымдау, ал егер өлең айтылса орындарында тұрып билеу керек.

4.Мектепте өзін қалай ұстау керек.

Балалар мектепте біз өзімізді қалай ұстауымыз керек? Үзіліс бізге не үшін беріледі? Келесі сабаққа дайындалу үшін, тынығу үшін. Төбелесуге, жүгіруге берілмейді.

5.Ойын. «Менің жақсы мысығым»

Балалар бізге мысық қонаққа келді, оған біз ұнап қалдық, енді қайтадан келу үшін біз оған жылы сөздер айтуымыз керек немесе сыйлық сыйлауымызға болады т.б.

6.Рефлексия.

Біз бүгін не үйрендік, не туралы айттық, сендерге ұнады ма, не ұнамады?

Соңында оқушы қолына ту беріледі, ол келесі оқушыға тілек айтып береді, сөйтіп жалғаса береді.





© 2010-2022