Психологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихся

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихсяПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихся№ 19 ОМ психологі

Курмашева А.Н.


Сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг сабағы

Тақырыбы: «Менің сыныбым - менің көзіммен»

Мақсаты:

  1. Сынып ұжымын біріктіру.

  2. Қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: қаламдар, есімдер жазылған парақтар, маркерлер, презентация.

Тренинг қатысушылары шеңберге жиналады.

Психолог: Бүгінгі тренингімізде біз біздің сынып жайлы әңгімелесіп, арамыздағы қарым-қатынас туралы сөйлесеміз. Алдымен тренинг сабағының ережесін еске түсіреміз. Қатысушылар тренинг ережесін айтады. Кейін сабақ презентациясынан тренинг ережесі көрсетіледі. Сабағымызды «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуынан бастаймыз.

Амандасу рәсімі

Қатысушылар «Алма», «Қарбыз», «Қауын», «Алмұрт» деп аталатын 4 топқа бөлінеді. Кейін әр топ өздерінің амандасу рәсімін ойлап тауып, көрсету керек.

  1. «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер, ал екінші топ ішкі шеңбер жасайды. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр бала, өзінің ішкі шеңбердегі сыңарына: «Екеуміздің ұқсастығымыз ...», деп айтқан кезде, ішкі шеңбердегі сыңары «Екеуміздің айырмашылығымыз...», деп жауап қайтарып, шеңбер бойымен келесі адамға бір қадам жасайды. Барлығы өзінің бірінші сыңарына жетпейінше, осылай ойын жалғаса береді.

Рефлексия: Бір-бірлеріңнің ұқсастықтарың және айырмашылықтарың қандай екен?

  1. «Салфетка» жаттығуы. Әрбір қатысушыға бірнеше рет бүктелген салфетка беріледі. Психолог нұсқауы бойынша: салфетканың оң жағын, төменгі сол жағын жыртып алу. Содан кейін салфетканы жайып, бірдей ұқсайтын салфетканы тауып алуға тырысу. Ондай салфетка жоқ. Оқушыларды ұқсас салфетка жоқ екені және бізде бір-бірімізге ұқсамайтынымызды, бірақ бірлік пен бейбіт өмірде тұрып жатқанымыз жөнінде ойға жетелеу.

  2. «Мінсіз сынып моделі», «Шынайы топтың моделі» жаттығуы.

Әңгімелесу.

  • Барлықтарың бір сыныпта бірнеше жылдан бері оқып келесіндер, кейбіреулерің тіпті бірінші сыныптан оқып келесіндер. Қазір өз сыныптарыңның психологиялық климатына баға бересіңдер. Сендер бір-бірлеріңді түсінесіңдер ме, бір-бірлеріңе қол ұшын бересіңдер ме? Мектепке не үшін келеді? Біріншіден білім алу үшін, екіншіден балалармен араласуға. Бұл басты себептер. Кейбір бала сыныптастарымен қарым-қатынасты орната алмағандықтан мектепке барғысы келмейді. Қазір сендермен сыныпта әр бала өзін жақсы сезіну үшін, сыныпта қандай қасиеттер болу керектігі туралы әңгімелесеміз. Сыныпта барлығына жайлы болу үшін қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

Парақта 16 бөлікке бөлінген шеңбер салынған. Психолог әр радиусты шеңбердің сыртқы жағынан сыныпта жайлы қарым-қатынас орнататын қасиеттерді жазады. Ол қасиеттер жайлы оқушыларға түсіндіріп, әр қасиет жөнінде түсінік қалыптастырады. Берілген қасиеттер төмендегідей болуы мүмкін: тең құқылық, мейірімділік, өзара көмек, сыпайылылық, достық, тыңдай білу, топқа қабылдау, эмпатия, альтруизм, құрметтеу, жақсылық, көңілділік, сөз бостандығы, жауапкершілік, ұйымшылдық, татулық т.б. Әрбір шеңбер радиусы 10 ұпай жүйесімен бөлінеді. Бұл шкаламен әр қасиетті бағалаймыз.

Әрі қарай психолог қасиеттерді бір-бірден атайды, ал топ мүшелері аталған қасиет өз сыныптарында қанша ұпайға байқалатынын атайды. Болғаннан кейін барлық нүктелер қосылып, нәтижесінде «өрмекші торы» пайда болады. Егер нүктелеріңіз орталыққа жақын болса, сыныптағы әрқайсысының жағдай қиын. Өрмекші торы шеңбердің шеткі жағына жақын болса, сыныптарыңның психологиялық ахуалы жақсырақ және әрбіреуіңнің сыныптағы жағдайы жайлы.





Кейін алынған нәтиже бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Сыныптың ахуалын қалай жақсартуға болады, топтағы қандай қасиеттерді дамыту керек, сыныптың ахуалын жақсартуға әрбір оқушы қандай үлес қоса алады. Мұнда психолог әрбір оқушы өзінің кемшіліктерін түзету үшін жұмыс атқару керектігі жөнінде ойға шақырады. «Өзімізді өзгертпейінше, біз топты өзгерте алмаймыз».

  1. «Ұғымдар» жаттығуы.

Сынып сабақтың басындағыдай 4 топқа бөлінеді. Әр топтың бір мүшесі адамдардың қандай қасиетін бағалайтынын атайды. А3 форматты парақта келесі сөздер жазылған: Өзара көмек, Достық, Кикілжің, Теңдік.

Әр топқа ватман мен маркерлер беріледі. Топтарға мынадай тапсырма беріледі:

1. Эмблема немесе белгінің суретін салу.
2. Осы сөздің мағынасын жазу.
3. Осы сөзге девиз немесе лозунг жазу.
4. Бұл ұғымның жақсы жақтары және жаман жақтары.

Ватмандар топтар арасында беріліп, әр топ басқа топтың жұмысын жалғастырады. Соңында ватмандар бастапқы топқа қайтарылады.

  1. «Тілектер» жаттығуы.

Қатысушыларға сыныптастарының есімі жазылған жапырақтар таратылады. Жапырақта есімі жазылған сыныптасына тілек жазу ұсынылады. Жазған соң жапырақшалар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.

Тренинг сабағының рефлексиясы.

- Кімге не ұнады, не ұнамады?
- Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар. (Әр оқушының пікірін тыңдау.)

Қоштасу рәсімі «Күнбағыс»

Барлығы шеңбер құрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады.

© 2010-2022