Урок

Тақырыбы: Адамзатқа төнген қауіпті дерт Мақсаты: Көрнекіліктер: плакаттар, презентация, көрме Сабақтың барысы: Құрметті, сабаққа қатысушы  оқушылар. Қазіргі таңда адамзатқа төнген қауіпті дертке не жатқызар едіңіздер? Яғни, ғасырдың өлім тұзақтары дегеніміз не?     -Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсына да тоқталып өтсек, себебі, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. -Балалар, сендердің жастарың нешеде? -14-15-те, яғни сендер қазір жасөспірімсіңдер. Бұл сендердің тұлға болып қалыптасуларыңа ықпалын тигізетін кезең. -Ал сен өздеріңнің есейіп келе жатқандарыңды сезесіңдер ме? -Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме? -Қалай ойлайсыңдар, жасөспірімдер не себепті темекі шегіп, ішімдік ішеді? Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасып қалатын тәртіп жүйесін бұзады, ата-анасын тыңдамайды. Л.Толстойдың «Жастық» повесінде: «...Шылымның иісі жағымды көрінді, аузымда қышқылтым дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға тырстым, көп ешікпей бөлменің іші көгілдір түтінге толды. Аздап басым айналды. Мен әрекетімді тоқтатып, қолымдаы түтікшемен айнаға қарау үшін орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала бастады, әрең деп айнаның алд... -Иә, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады. Ал ағзаға темекінің әсері туралы бізге оның қаншама зияндылығы болатынын айтып жеткізу мүмкін емес. Ал балалар, қалай ойлайсыздар есірткінің басын неден басталады? Есірткіні не себепті қолданады? Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Алкоголь-ол да есірткі. Алкоголь-қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін өте улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, бауыр циррозы т.б ауруларға шалдығуы мүмкін. Ал, балалар осы есірткінің арты неге әкеліп соқтырады? -ЖИТС біріншіден дұрыс білінбейді. Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді. АИТВ адамның жасушасына жабысып, дамиды екен. Дами келе, ЖИТС-қа айналады.  Ол алғашқы 3-4 айдың ішінде білінбейді. Ал осы дертке қарсы ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ вирус күшейіп кетсе, иммунитет істен шығып, соңы өлімге әкеледі. Сонымен, балалар жоғарыда айтылғандардың барлығын ой легімізден өткізіп, қандай қорытындыға келеміз. Осы бастан «Өз денсаулығым-өз қолымда» деген сөйлемді ұран етіп алыңыздар. Сонымен конференциямызды Жамбыл атамыздың сөзімен аяқтағы келеді: «Денсаулықты ешкім де, ешқашан да сатпайды, сатып алмайды, сондықтан оны қадірліген жөн»-дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескеше сау болыңыздар!
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Адамзатқа төнген қауіпті дерт

Мақсаты:

Көрнекіліктер: плакаттар, презентация, көрме

Сабақтың барысы:

Құрметті, сабаққа қатысушы оқушылар. Қазіргі таңда адамзатқа төнген қауіпті дертке не жатқызар едіңіздер? Яғни, ғасырдың өлім тұзақтары дегеніміз не?

Урок

-Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсына да тоқталып өтсек, себебі, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.

-Балалар, сендердің жастарың нешеде?

-14-15-те, яғни сендер қазір жасөспірімсіңдер. Бұл сендердің тұлға болып қалыптасуларыңа ықпалын тигізетін кезең.

-Ал сен өздеріңнің есейіп келе жатқандарыңды сезесіңдер ме?

-Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме?

-Қалай ойлайсыңдар, жасөспірімдер не себепті темекі шегіп, ішімдік ішеді?

Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасып қалатын тәртіп жүйесін бұзады, ата-анасын тыңдамайды. Л.Толстойдың «Жастық» повесінде: «...Шылымның иісі жағымды көрінді, аузымда қышқылтым дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға тырстым, көп ешікпей бөлменің іші көгілдір түтінге толды. Аздап басым айналды. Мен әрекетімді тоқтатып, қолымдаы түтікшемен айнаға қарау үшін орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала бастады, әрең деп айнаның алдына жеткенде, одан мен өзімнің ақ шүберектей бозарған өңімді көрдім. Мен шындап қорықтым... және қатты бас аурумен әлсіреп төсекте ұзақ жаттым...» деп жазылған.

-Иә, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады. Ал ағзаға темекінің әсері туралы бізге оның қаншама зияндылығы болатынын айтып жеткізу мүмкін емес. Ал балалар, қалай ойлайсыздар есірткінің басын неден басталады? Есірткіні не себепті қолданады? Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Алкоголь-ол да есірткі. Алкоголь-қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін өте улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, бауыр циррозы т.б ауруларға шалдығуы мүмкін.

Ал, балалар осы есірткінің арты неге әкеліп соқтырады?

-ЖИТС біріншіден дұрыс білінбейді. Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді. АИТВ адамның жасушасына жабысып, дамиды екен. Дами келе, ЖИТС-қа айналады. Ол алғашқы 3-4 айдың ішінде білінбейді. Ал осы дертке қарсы ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ вирус күшейіп кетсе, иммунитет істен шығып, соңы өлімге әкеледі.

Сонымен, балалар жоғарыда айтылғандардың барлығын ой легімізден өткізіп, қандай қорытындыға келеміз.

Осы бастан «Өз денсаулығым-өз қолымда» деген сөйлемді ұран етіп алыңыздар. Сонымен конференциямызды Жамбыл атамыздың сөзімен аяқтағы келеді: «Денсаулықты ешкім де, ешқашан да сатпайды, сатып алмайды, сондықтан оны қадірліген жөн»-дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескеше сау болыңыздар!


© 2010-2022