Урок по самопознанию Өзін өзі тану белестері 3 класс

Раздел Школьному психологу
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 04. 09. 2015 ж.

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: Өзін - өзі тану

Тақырыбы: I - тарау. Өзін - өзі тану бақыты. 1 - сабақ. Өзін - өзі тану белестері

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

Дамытушылық: өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: сыйластыққа, кішіпейілдікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, жасалған қармақ, алтын балықтар, дәптер, кітап, бейнероликтер

Кезеңдері

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі



  1. Шаттық шеңбері


  1. Әңгімелесу


  1. Ойын-жаттығу



  1. Тапсырма


  1. Мәтінмен жұмыс


  1. Дәйексөз


  1. Дәптермен жұмыс


    Қорытындылау



    1. Жүректен жүрекке

    Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық дайындық.

    Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Міне, «Өзін өзі тану» пәні сабағында бәріміз бірге қайта қауышып отырмыз. Сендер үлкейіп, әдемі болып кетіпсіңдер. Бойларыңа сай ойларың да өскен болар. Бір біріңмен кездесуге асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп тұр. Олай болса, бәріміз бір бірімізбен құшақ жайып амандасайықшы.

    Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады. Шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» дауыстап айтады.

    Әсемпаз болма әрнеге,

    Өнерпаз болсаң, арқалан.

    Сен де бір кірпіш дүниеге,

    Кетігін тап та, бар қалан!

    Әңгімелесу кезінде оқушылар 2-сыныпта үйренген жақсы қасиеттерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

    Өзін-өзін тану сабағын жақсы көңіл-күймен бастау және оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынастарын арттыру мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.

    Оқушылардың алдыңғы сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, «Өзін-өзі танудан үйренемін» тақырыбында әңгімелеу тапсырылады.

    Мұғалім өзін өзі тану сабағында өткен құндылықтарды еске түсіру мен сол бойынша оқушылардың да ойларын байқау үшін М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, ондағы әр-бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдайды.

    «Өзін өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу.

    Осы пән бойынша З сыныптағы алғашқы сабақ болғандықтан өзін өзі танудың мәні дәйексөзді түсіндірумен еске түсіріледі. Өзін өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектерді бос жолға жазу.

    Балалар, мен сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін. Биыл З сыныпта «Өзін өзі тану» пәні бойынша өмірді танып білу, бабалардың өсиет сөздері, халықтар бірлік тыныштығы, еңбек жемісі, табиғатқа қамқорлық, денсаулық сақтау, рухани саулықты нығайту туралы білімдерді оқып үйреніп өмірде қолдана білуге дағдыланамыз. Осындай білімдер мен дағдыларымыз бізді бақытты болуға жетелейді.

    Жазғы демалыстан келген балаларды бір-бірімен жақындастыра түсу үшін сабақты «Жас ұландар»әнімен аяқтау.





    © 2010-2022