Стресспен қалай күресу керек

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Педагог - психолог мұғалімі:А.А.Имангалиева

Стресспен қалай күресу керек
Мақсаты: Жанындағы жандарға ілтипатпен қарауға дағдыландыру. Бұлшықет буындарындағы қысымдарды жазу.
Күтілетін нәтиже: Кез келген жағымсыз оқиғаға немесе қиындыққа кездескен сәттерде өзін - өзі сабырлылыққа шақырып, туындаған стрессті жеңе алатын оқушы.

Жоспары:
1. Сәлемдесу. «Тілек білдіру»
2. Ойын «Бір - бірімізге».
3. Тест «Өз - өзіңізді бақылай аласыз ба?»
4. Шағын - дәріс «Стресспен күресудің жолдары».
5. Пікірталас
6. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.

Барысы:
1. Сәлемдесу. «Тілек білдіру»
Қатысушылар шеңберге тұрып, дәл сол сәттегі көңіл - күйін және оң жағындағы көршісіне жақсы тілектерін айтады.
2. Ойын «Бір - бірімізге».
Нұсқау: Дәрісханада еркін қозғалып жүреміз, мен «Бір - бірімізге» дегенде - әрқайсыңыз өздеріңізге жұп табуыңыз керек. Жұп тапқаннан кейін сендерге тапсырма беремін.
Сонымен, бастаймыз:«Бір - бірімізге!» Енді бір - бірлеріңнің қолдарыңды ұстаңдар, мұрынды мұрынға, басты басқа, құлақты құлаққа, аяқты аяққа тигізіңіздер.
Ойынды жұпты ауыстырумен жалғастырамыз.

Талдау:
Көңіл - күйіңізбен бөлісіңіз.
Сіздің ойыңызша бұл ойын неге бағытталған?
3. Тест «Өз - өзіңізді бақылай аласыз ба?»
Төмендегі нұсқауларды оқып шығып, «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
1. Менің ойымша басқа адамдарға еліктеу қиын сияқты.
2. Өзгелерді күлдіруге немесе өзіме назар аудару үшін әр нәрселерді істеймін.
3. Менен жақсы актер шығады.
4. Кейде сырт көзге мен әлденені қатты уайымдап жүрген болып көрінемін.
5. Мен құрдастарымның ортасында ықыласқа бөлене бермеймін.
6. Әртүрлі жағдайда және әртүрлі адамдармен қарым - қатынаста мен өз - өзімді мүлдем басқаша ұстаймын.
7. Мен көз жеткізген дүниелерді қорғап алып шығамын.
8. Адамдармен қарым - қатынасымды жақсартуға және жұмысымда табысқа жету үшін, мені қоршаған адамдар қандай ретінде көргісі келсе мен сондай боламын.
9. Көргім келмейтін адамдардың жүзіне күліп қарай аламын.
10. Мен өз қалпымды өзгертпеймін, әрқашанда осындаймын.

1, 5, 7 сұрақтарға «Жоқ» деген жауаптарыңызға 1 баллдан, қалған «Ия» деп жауап берген сұрақтарыңызға 1 баллдан. Баллдарыңызды санаңыз. Егер тестті шыңдап жауап берген болсаңыз, сіз туралы төмендегіні айтуға болады:
0 - 3 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыларыңыз төмен, туындаған жағдайларға байланысты өзгеруге тырыспайсыз, өйткені, өзгертуге тұрмайды деп ойлайсыз. Қарым - қатынаста жақсы ашыласыз. Тік мінезділігіңізден Сізді кейбір адамдар «ыңғайсыз» деп ойлайды.
4 - 6 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыңыз орташа деңгейде. Сіз қарым - қатынаста ашықсыз, бірақ эмоцияларыңызды көрсетпейсіз. Өзіңізді қоршаған адамдармен қарым - қатынасқа түскенде олардың да іс - әрекетін ескерген дұрыс.
7 - 10 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыңыз жоғарғы деңгейде. Сіз рөлдерге оңай еніп кетесіз, жан - жағыңыздағы өзгерістерге тез икемделесіз. Адамдарға жақсы әсер қалдырасыз.

4. Шағын - дәріс «Стресспен күресудің жолдары».
Әдебиеттерде стресстің пайда болу себептері жайында көп жазылған. Бұл өзіңді кінәлі сезіну, өмірлік құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру т. б. Көбісі мектепті жек көреді, осының салдарынан стрессогенді фактор туындайды. Тығырықтан қалай шығу керек? Тығырықтан шығу жолы: өмір салтыңызды өзгертіңіз, өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің «Егер Сіз өзіңіздің көңіліңізден шықпайтын, жек көретін істерді жасасаңыз, ашу - ызадан ағзамызға кері әсерін тигізетін токсиндер бөліп шығарады, нәтижесінде Сіз ауырып қаласыз немесе созылмалы шаршауға (хроническая усталость) ұшырайсыз. Сіз жасап жатқан ісіңізді, жұмысыңызды сүйсініп жасауыңыз керек. Шығыс ғұламаларының нақыл сөзіне сүйенсек «Барлық істі сүйсініп, қуанып, өздеріңізге белгілі әдіс - тәсілдермен жасаңыз». Сабақты сүйіспеншілікпен орындасаңыздар, денсаулығыңыз жақсарады, көңіл - күйіңіз көтеріледі. Шаршағаннан, ауырғаннан сақтандырады, бір сөзбен айтқанда «зерігуден» құтқарады».
Өзіңіздің денсаулығыңызға және психикаңызға мән беріңіз.

ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау

Білем

Білгім келеді

Үйрендім






© 2010-2022