Психологиялық тренинг Мамандық таңдау маңызды іс

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг тақырыбы: «Мамандық таңдау маңызды іс»

Сабақтың мақсаты:

· Оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.

· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу

· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту

Сабақтың түрі: Кездесу сабақ

Сабақтың әдісі:пікірлесу, сұхбаттасу

Сабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер

1. «Білім - бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы»

2. «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан...» Абай Қ.

3. «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, біздің болашағымыз да жастар...» Н.Ә.Назарбаев

4. Оқушылар орналасуының картасы.

5. Мектеп түлегінің моделі

6. Бейне таспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылардыөз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырылған қонақтармен таныстырып, қонақтарды ортаға шақыру.

ІІ. «Болмасаң да ұқсап бақ ...»

Шақырылған қонақтармен сұхбат (Сұхбатты мұғалім жүргізеді)

Бүгінгі әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады деп ойлаймыз. Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:

1. Сіз өз мамандығыңызды қашан таңдадыңыз?

2. Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?

3. Мамандық таңдауда сізге ықпал болды ма? Кімдердің ықпалы көбірек болды?

4. Өз балаңыздың мамандық таңдауына ықпалыңыз бар ма?

5. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?

6. Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз болды ма? Не себепті таңдауды өзгерттіңіз?

7. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?

8. Адамның өз мамандығына қанағаттануы дегенді қалай түсінесіз?

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

2. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

4. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

ІІІ. «Сен қай мамандықты таңдадың?» Оқушылармен сұхбат.

Құрметті жас дос!

Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!

Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше

1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?Мамандық таңдау не үшін керек?

2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?

3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?

4. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу дегенді қалай түсінесің?

5. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?

6. Мамандық таңдау сеніңше қалай орындалады? А және В нұсқасы ұсынылады.

7. Өз таңдаған мамандығыңның адамға қояр талаптары мен оқу шарттары туралы білесің бе?

(жабық сауалнама )

Нәтижесінде:

5 оқушысы, яғни 75%-ы "толық хабардармын",

2 оқушысы, яғни 10%-ы "аз ғана хабардармын",

3 оқушысы, яғни 15%-ы " хабарым жоқ".

ІV. Оқушылардың орналасу картасының жобасын көрсету.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар",- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!Ендеше мамандықты дұрыс

таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Мектеп түлегінің моделі :

· ӨЗІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ

· ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛУ

· ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БОЛУ

· ӨЗІН- ӨЗІ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДІ

· ҰЖЫМҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУШЫ

· ПІКІРТАЛАСТА ӨЗ ОЙЫН БІЛІП ӨЗ ОРЫНЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН

· ТӘЖРИБЕДЕН ӨЗІНЕ ПАЙДАЛЫСЫН АЛА АЛАТЫН

· ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШЕ АЛАТЫН

· ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАТЫН ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ

V. Оқушыларға ескерту ережелер:

Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын:

· Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.

· Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.

Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!

Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!

Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!

"Жақсы адам"- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.

Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт

Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!

Өзіңмен алдын -ала психологиялық зерттеу жүргізбей -ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ Өзіңмен алдын -ала психологиялық зерттеу жүргізбей -ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

VІ. Сабақты қорытындылау. Қонақтардың пікірлерімен және мұғалімнің қортынды сөзімен:«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі - жар таңдау, екіншісі - мамандық таңдау» деп М.Мақатаев айтқандай, мамандық таңдау - жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, бұл кездесу оқушылардың болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз.


© 2010-2022