Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маманЖарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маманЖарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маманЖарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маманЖарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маманАтырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қарабау ауылы

Дүйсенова Жайнагүл Берікқызы-

Қарабау орта мектебінің

ІІ санатты педагог-психологі

Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман

(Психологиялық тренинг)

Мақсаты:Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру,кәсіби құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Қатысушылар : жас мамандар

Өту түрі:

І.Сәлемдесу

ІІ.Психогеометриялық тест

ІІІ.Сұрақ менен,жауап сізден.

IV.Сіз қандай ұстазсыз?

V.Сергіту сәті.

VІ.Рефлексия .

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.

Психолог сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман.Өйткені ел болашағының қалап жатқан жас маман.Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын.Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту-қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді.Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап,жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап,ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты,еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектерімді білдіре отырып,бүгінгі «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер деймін!

І.Сәлемдесу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

1.«Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты: бір -біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: басыңызды тигізу арқылы

ІІ.Психогеометриялық тест.

Мақсаты:Адамның тұлғалық типін анықтауға мүмкіндік береді.

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз:квадрат,үшбұрыш,тік төртбұрыш,шеңбер,ирек.

Осылардың ішінен сізді «бұл-Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз.Сонымен сіз таңдаған фигураңыз-сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі - 85%!

Нұсқау:

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл - Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма. Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.

Жағымды жақтары - ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;

Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;

Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…

Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;

Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық - бар болғаны стадия, өтпелікезеңекенінескер!

Шеңбер:Мифологиялықтұрғыданүйлесімділік (гармония) символы.

Құндықасиеттері: адамдар, олардыңжайы, жақсықарым-қатынасорнату, қарым-қатынастықажетсінуіөтежоғары, «желім» - отбасын, ұжымдыбіріктіргіш, ашық, өзгелергеқамқоршы, қолыашық - мырза, өзгенітүсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелердіиландыраалу, әділетсіздіккеқарсытұрудабатылдықтанытады, қоғамдықжұмысқабейімділік, күнтізбегінеркінқұрады, таныстары мен достарыкөп. Шеңбер - жақсы психолог!

Жағымсызжағы: көбінеөзінкінәлісезінушілік, меланхолияғаберілгіштік, айналадағылардыңпікірінебағытталу, шешімгекелеалмаушылық, саясаткерлігітөмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

Ирек:Креативтілік, шығармашылық символы.Өзі де басқафигураларсекілдіжабықемес, ерекшеформада.

Жағымдыжағы: «оңжартышарлы» - ойшыл, өзгеденерекше, айрықшаойлау, шешімқабылдау, ортаныңсүйіктісі, тапқыр, өзгерістердіқажетсінуі, креативтілік, білімқұмарлық, жоғары интуиция, өзініңидеяларыменқанаттануы, арманшыл, болашаққабағытталу, жаңалықтыңбарлығынадегеноңкөзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;

Жағымсызжағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйініңөзгермелілігі, мінезініңқұбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті(шындықтыкөзгеайта салу), дара жұмысістеудіұнатуы, қағазбастылықтыұнатпауы, айналысыпжүргенісіжаңаболуданқалса, аяғынадейінжеткізбейтастайсалады, финансжағынансалақтық.

ІІІ.Сұрақ менен,жауап сізден.

  1. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлалады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

  2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?

  3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кіналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңыды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

  4. Сіз үйге тапсыра бардіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінд, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалукерек пе?

  5. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз оқушыны кіналі деп тауып, оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?

  6. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиынды келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?




  1. Психодиагностика

Сізқандаймұғалімсіз?

1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

  1. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру

  1. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) олардыңкөзқарасындажұмысым жоқ

  1. Оқушыларарасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

  1. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

  1. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістікбермеймін

  1. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

  1. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен - таяқ» деп есептеймін

  1. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз

  1. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өтежоғары

ә) жақсы

б) орташа

Әрбір «а» жауабына - 5 ұпай, «ә» жауабына - 3 ұпай, «б» жауабына - 1 ұпай есептеңіз.

40-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

20-39 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

10-19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

V. «Сергіту» жаттығуы.

Мақсаты:Жас мамандардың көңіл күйін көтеріп,сергіту.

1-20 дейін сандарды атау.

VІ.Рефлексия

Ұстаздық еңбек жолдарыңызды жігерлі

күш-қайратпен шыңдап, биіктен көрініңіздер.

Сәттілік тілеймін!!!













Қарабау орта мектебі



Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман

(Психологиялық тренинг)



Өткізген:Ж.Дүйсенова



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022