Өзін -өзі тану Жақсылықпен жаным дос 5сынып

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып

Тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»

Мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

- оқушылардың «жақсылық »жақсылық жасау туралы білімдерін кеңейту.

- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту

- мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әуен,оқулық, дәптер,флипчарт, кесте,фломастер, смайлик

1.Шаттық шеңбері. «Біз доспыз»

Қызыл түс - қамқорлық тобы.

Көк түс- мейірімділік тобы

Сары түс - кішіпейілділік тобы

2.Әңгімелесу.

Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жақсылық жасау адам парызы ма?

3.Осы бүгінгі тақырыбымыздың мәнің ашу үшін, қазір біз флипчарт арқылы жұмыс жасаймыз. Мен әр топқа сұрақ айтамын, ал сендер сурет арқылы жауаптарынды түсіресіңдер. Постер құру

Балалар шығып постерлерін қорғайды.

1 топ - Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығы.

2 топ - Жақсылыққа жету жолы.

3 топ - Менің жақсы істерім.

4. Мәтінмен жұмыс.

«Жақсылыққа-жақсылық» ертегі.

Балалар ертегіні тізбектеп оқиды.

Мәтінді оқып, талдау жұмыстары жүргізіледі..

1.Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?

2.Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

3.Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

5. «Инсерт» әдістемесі бойынша кестені толтыру.

Не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?

6. Жаңа ақпарат.

«Жаңа ақпаратты» талдау барысында оқушылар сабақтан алған білімдерін түйіндеу және қандай адамның жақсылық жасай алатынына, жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығына көңіл бөледі.

7. Үйге тапсырма.

Ертегілердің үзінділерін оқып шығып, өз ойларымен жалғастыру ұсынылады.

8. Қорытынды. Рефлексия.

Балалар, бүгін сендерге сабақ ұнадыма?

Қандай көңіл-күйде болдындар?

Осы сұрақтарға ұнаған смайликті көтеріп жауап бересіңдер.





© 2010-2022