«Отбасы - аялы алақан мекені» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг сабақ

Тақырыбы: «Отбасы - аялы алақан  мекені» Сабақтың мақсаты:  Ата-ана бала арасында жағымды қарым-қатынас орнату, келеңсіз оқиғалар себептерін түсіндіру, балаларға деген сезімді уақытында сездірту керектігін ұғындыру. Көрнекіліктер:  слайд, үнтаспа, бейнетаспа, қажетті материалдар. Ұйымдастыру кезеңі: а) «Танысу» тренингі ә) ата-аналар  төмендн берілген өлең жолдарын қайталап айтады. Арайлап күн бүгін, Қарады маған да. Арайлап күн бүгін,  Қарады саған да. Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын ашу мақсаты...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Отбасы - аялы алақан мекені»

Сабақтың мақсаты:

Ата-ана бала арасында жағымды қарым-қатынас орнату, келеңсіз оқиғалар себептерін түсіндіру, балаларға деген сезімді уақытында сездірту керектігін ұғындыру.

Көрнекіліктер: слайд, үнтаспа, бейнетаспа, қажетті материалдар.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) «Танысу» тренингі

ә) ата-аналар төмендн берілген өлең жолдарын қайталап айтады.

Арайлап күн бүгін,

Қарады маған да.

Арайлап күн бүгін,

Қарады саған да.

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында төмендегідей сұрақтар беріледі:

  • Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінеміз?

  • «Бақытты отбасы» болу үшін не істеуіміз керек?

Пікірталас

Құрметті ата-аналар! Біздің даналарымыздың отбасы туралы ұлағатты, қанатты сөздері көп-ақ. Ендеше келесі кезекті дәйексөздердің мән ашуға берсек.

«Отан - отбасынан, отбасы - ошақ қасынан басталады».

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер».

«Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».

Шығармашылық жұмыс

І-топ «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбында өздері өлең шығарады.

ІІ-топ «Балалы үй базар» тақырыбында шығарма жазады.

ІІІ-топ «Бақытты отбасы» тақырыбында сурет салады.

Жағдаятты талдау

Анасы мен қызы арасындағы оқиға (көрініс)

Талқылау сұрақтары:

  • Балалардың қатігез болып қалыптасуына не ықпал етеді?

  • Баланы мейірімді, қайырымды етіп тәрбиелеудің жолдары қандай деп білесіз?

Қазіргі таңда жас буын өкілдеріміздің соншалықты қатыгез, тасбауыр болуына заман кінәлі ме, қоғам кінәлі ме, отбасы әлде мектеп кінәлі ме деген үлкен сұрақ туындап отыр. Дегенмен рухани - адамгершілік білім беру сабағы яғни өзін-өзі тану пәні қазіргі таңда қоғамға ауадай қажет, дер кезінде енді деп баса айтуымызға болады деп есептейміз.

өзін-өзі тану пәні тек мектепке ғана емес сондай-ақ бала бақшадан жоғары оқу орындарына енуі қуантарлық жағдай.

Тренинг: «Бала сезімі»

Ата-аналар балаларының өздеріне арнап жазған хаттарын оқиды.

Талқылау.

Хатты оқыған сәтте қандай сезімде болдыңыз?

Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі

Қорытынды: Тренинг «Бір ауыз жылы сөз»

Ата-аналар бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты тілектерін білдіріп, балалар ата-аналарына тлектерін жүрекшелерге жазып оқып, мойындарына іліп береді. Содан соң бәрі қосылып «Ана - әке» атты әнін орындайды.


© 2010-2022