11 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰБТ-ге дайындалуда позитивті ойлауды қалыптастырудың бағдарламасы

Құрастырушы: педагог-психолог №16 ЖББ ОМ Л.К.Карипбаева

Әрбір сабақтың ұзақтығы: 45 минут

Мақсаты: позитивті ойлауды қалыптастыру, өмірлік жағымсыз жағдайларды мағыналық жағынан қайта өңдеу.

Міндеттері:

  • топтың хал-ахуалын жақсарту; жұмысқа деген жағымды ойлауды қалыптастыру;

  • біздің барлығымыз жағымды ойлауды таратушы бола алатындығымызды саналы түсіну.


1 - кезең: Жұмыстың басталуы. Танысу (5 мин).

Сипаттамасы: «Есім - қасиет», көңіл-күйлермен алмасу. Шеңбер бойымен отырып қатысушылар өз есімдерін атайды және өз есімінің бірінші және соңғы әрпінен басталатын екі жағымды қасиетін атауы тиіс. Мысалы, «Менің есімім - Аружан, ақылды, нәзікпін».

Ескерту: қатысушы екі қасиетті атауға қиналатын болса, оған топ көмектеседі, бірақ жүргізуші сөз тіркестерінің міндетті түоде жағымды болуы қадағалауы тиіс.

2 - кезең: Ширату.

«Компот» жаттығуы (6 мин).

Мақсаты: эмоционалды жеңілдетуді қалыптасу, позитивті эмоциялар. Әрбір ойыншыға жемістің атауы беріледі (алма, алмұрт, апельсин, өрік). Бір адам ортаға шығады, оның орындығын алып тастайды. Ойын бастаушы: Мен қазір компотты ... (ойыншы ингредиентті атайды, мысалы алмадан) қайнатамын деп жемісті атайды, сол кезде аталған жемістер атауы берілген ойыншылар орындарымен алмасып басқа орынға жайғасып үлгеруі керек. Осы сәтте бастаушы да бір орынға отыруға таласады. Орын жетпей қалған адам ортада бастаушы болады.

«Қоқыс жәшігі» ойыны (5 мин).

- Сізге өмірде кедергі келтіретін, өзіңіз құтылғыңыз келетін сезім-күйлер бар шығар? Қазір мен сіздерге парақ қағаздар таратамын, оған барлық жағымсыз сезімдер мен эмоцияларды еске түсіресіздер, неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Енді оларды алдыңыздағы парақ қағазға жазасыздар (2 минут еске түсіріп, жазуға уақыт беріледі). Енді парақты умаждап немесе ұсақтап жыртып, отырған орныңыздан қоқыс жәшігіне дәл түсіруге тырысу керек.

Ескерту: Қоқыс жәшігін алдын ала дайындап қою керек. Жаттығудың соңында қатысушылардың көзінше қоқыс жәшігін аудиториядан шығарған жөн.


3 - кезең: Негізгі бөлім (7 мин).

Бірден төртке дейін санап шығып, қатысушылар 4 топқа бөлінеді.

«Өмірлік жағдайлар» жаттығуы

Мақсаты: өмірлік жағдайларды тұтас қабылдауды қалпына келтіру.

Нұсқау: Біздің өмірімізде жағымды және жағымсыз деп қабылдайтын әр түрлі жағдайлар болып тұрады, біз оларды оң немесе теріс деп әр түрлі бағалаймыз. Қазір сіздерге ұсынылатын жағдайлардың 5 жағымды жақтарын табуға ұсынылады.

1 - жағдай. Сіз сабаққа кешігіп келдіңіз. Алдыңыздан ашулы директор кездесіп қалды.

2 - жағдай. Сабақтан қатты шаршап, үйге ертеректеу келдіңіз және сонда ғана келесі күні таңертең конференция болатын кабинеттің кілтін тапсыруға ұмытып кеткеніңіз есіңізге түсті.

3 - жағдай. Екінші ауысым аяқталды, сізді аңдаусызда үшінші қаббатғы робототехника кабинетіне сыртыңыздан жауып кетті. Қол сөмкеңіз, телефон мен кілтіңіз басқа кабинетте қалып қойды.

4 - жағдай. Сабақ кестесінен жаңылысып, екі сабақтың уақытында ұйықтап қалдыңыз.

Тұжырым: Жағдай оқылады және оның 5 жағымды жағы айтылады. Кез келген жағдайдың жағымды жақтарын көруге болады.

4 - кезең: Рефлексия (2 мин).

Тақтаға ағаш бұтақтарының суреті салынған А4 формат қағаз ілінеді. Жанына жасыл және сары түсті бояу қойылады. Қатысушылар саусақтарын бояуға матырып, бұтақтарға жапырақтың суретін салатын болады. Ағаш бұтақтарына жапырақтарды бүгінгі сабақ ұнаған болса, жасыл түспен, ал көңілден шықпаса сары түспен салу керек.








© 2010-2022