Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары

Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері  ашыла бастайды.                                                                                                                                          Кіш...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.

Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік массажға әртүрлі денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.

Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан денсаулықты нығайту технологиясы жауапкершілікпен, жаттығулар мен денсаулық жолдарының жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды.

Бұл ойын әдістер арқылы әр түрлі дыбыстарды қолданып жоғары дауыспен және төмен дауыспен баланың зейінін дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын қалыптасуы, дауыс ырғағын дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен маңызды рөл атқарады.

Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.

Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.

Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.





Бой жазу үлгілері


  1. Балалар бір-бірінің соңынан тізбектеліп тұрады да, поезды бейнелеп, айнала қозғалады. Тоғай ішіндегі әртүрлі гүлдер өсіп тұрған алаңқайға келіп, әрқайсысы гүл тереді. Топты жинаған гүлінің түсіне қарай бірнеше шағын топтарға бөледі.

  2. Балалар алқа-қотан тұрады. Доп кімге лақтырылса, сол адамның аты аталады.

  3. Балалар алқа-қотан тұрады. Доп кімге лақтырылса, сол адам өз есімінің әрпінен басталатын жылы сөзді есіміне қосады. Мысалы: Сәуле-сұлу, Әлия-әдемі, Самат-мейірімді.

  4. «Пайдалы-пайдасыз тамақ» ойыны. Балалар дөңгелене шеңбер бойына тұрады, бір бала - ортада азық-түлік тағамдарының атын атап шығады (сүт, нан, ет, колбаса, кәмпит, ірімшік, т.б.), ал қалғандары қолдарын көтеріп пайдалы тамақтарды айтады. Бірақ ортадағы бала (бастаушы) пайдалануға болмайтын заттарды да атауы мүмкін (алкоголь, уксус, мухомор, т,б,) - бұл жағдайда балалар үнсіз қолдарын көтермей тұрады.

  5. «Бұзылған телефон» Балалар бір-бірінің артында сапқа тұрады. Мұғалім бірінші тұрған баланың құлағына сыбырлап бір сөйлем немесе қысқа әңгіме айтады. Балалар бір-біріне не естігендерін жеткізеді. Соңғы тұрған бала естіген нәрсені дауыстап айтады.

  6. «Сенім серуені» Балаларды жұптасқан топтарға бөледі. Жұптағы біреудің көзін байлайды. Серігінің қолына сүйеніп, бөлменің ішінде жүреді. Сонан соң рөлдерін ауыстырады. Сұрақ: Досыңның қолына сүйенгенде не сезіндің?

  7. Балалар дөңгелене шеңбер бойына тұрып, қол ұстасады. Бастаушы өзінің оң жағында тұрған адамның қолын қысады, сөйтіп жалғаса береді. Уақытты белгілеп қол қысысудың қаншалықты шеңбер бойымен айналып шыққанын білуге болады. Сұрақ: Қалай ойлайсыз, бұл жаттығу жарысу ма, ынтымақтастық па?

  8. «Музыкалық аспап ойыны. 5-6 адамнан тұратын топтарды құру (еркін түрде). Тапсырма: әр топ кез келген музыкалық аспапты бейнелейді. Қалған қатысушылар бейнеленген аспапты табады.

  9. «Келіңдер бір-бірімізді қошеметтейік!» Мұғалім барлығы орындарынан тұрып, әрбір оқушының өзінің сыныптас жолдастарына жақындап бір-бір мақтау сөз айтуларын сұрайды.

  10. Мұғалім бұл жаттығуды орындағанда толық тыныштық сақтау қажеттігіне, тапсырманы үнсіз жасауға назар аударады. Оқушыларға көздерін жұмып, жақсы бір нәрсені ойша елестету ұсынылады. Сонан соң көздерін ашып, бір-біріне қарап күлімсірейді. Қайтадан көздерін жұмып жағымжы бір нәрсе туралы ойлайды. Көздерін ашады. Сұрақ: «Сіз не сезіндіңіз?»

  11. «Бой - бойымен сапқа тұру»

  12. «Аралдар» Еденге 2-3 қағаз тасталады. Балалар оларды айналып жүреді, алақанды ұрған кезде олар екі аяқтарымен «аралды» басу керек. Кім үлгермесе немес симаса ойыннан шығады, бір «арал» алынып тасталады. Бір арал қалғанша жалғастырыла

Ақылға арналған жаттығу.

Ақылға жаттығу.

Сөз шығармашылығы

  • Айтылған білдірілген бір сөзбен алмастыр:

- Қатқан су -

- Ауаның қозғалысы -

- Теңіздегі қатты жел -

- Қатты жел -

- Найзағай мен жарқырау -

- Көмек сөздер: жел, жаңбыр, боран, мұз, жарқыл.

  • Берілген білдірімдерге қарама қарсы сөздерді қой:

- Ашулы жел - жай жел

- Бұлыңғыр күн -

- Сұр аспан -

- Кіші жаңбыр -

  • Сөйлемді аяқтаңдар

Кімге және не үшін күшті көру керек?

- Теңізшіге, керек ....

- Аңшыға...

- Жүргізушіге....

- Шекарашыға....

- Тігіншіге....

- Оқушыға...

  • Сөздерді кезекпен жалғастыр, сөздегі бір әріпті ауыстыра отырып: балық, салық, салып; мысық -...; ауыр - ....

  • Қысқаша қысқы ертегілерді ойнайық.

- Ақшақарды құтқарамыз. Оттан секіріп ерімеу үшін, не істеу керек?

- Қардың туыстарын тауып, олар туралы ертегі құру (қырау, мұз, бұршақ)

- Жұмбақты шешіп, шешімін суретке салу.

Орман аспанға дейін өсті. Жай жүріп, оған кірмейсің, атпен де кірмейсің (шыныдағы аязды өрнектер)

- Ақпан мен наурыздың кездескені туралы ертегі шығару.

Салыстырамыз, қоямыз, құраймыз, қиялдаймыз.

  • Немен ұқсас, несімен ажырайды: әке мен шеше, балабақша тәрбиешісі мен әже, қыз бен ұл.

  • Ағаштан жасалатын 5 нәрсені айт (үстел, орындық), осы заттарды басқа тағы неден жасауға болады.

  • Әртүрлі дыбыстарды еске түсіріңіздер:

- Автобус өтті;

- Ара ұшты;

- Жел гуілдейді;

- Жаңбыр жауып жатыр.

  • Әзіл - сұрақтар:

Кімде ақша жоқ, сақалын алу үшін? (ешкі)


© 2010-2022