Тренинг по психологии на тему Нашақорлық-қорлық

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Нашақорлық-қорлық»

Мақсаты: оқушыларға нашақорлықтың қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. Оның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. Зиянды заттардан туындайтын тәуелділікті көрсету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қиынды тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Амандасу

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

«Сәлем достар!»

2) «Тренинг шеңбері»

Психологиялық дайындық: (хормен)

Біз тәртіпті боламыз

Біз де ержетіп толамыз

Салауатты өмір құрамыз

Жат әдетті жоямыз

Күнде ерте тұрамыз

Жалқаулықты қоямыз

ІІ. Кіріспе

  1. Психолог түсіндірмесі:

-Нашақор дегеніміз кім?

Слайд көрсету арқылы түсіндіру

  1. Сергіту сәті «Дені саудың -жаны сау»

Оқушыларға заттардың аты жазылған қағаздар таратылып, олардың зияны мен пайдалы жақтарын айту.

Мысалы: алма, стақан су, айран, бәліш, спорт киімі, доп, темекі қорабы, ине (медициналық)


  1. «Қисық жол» әңгімесін айту

-Қисық жол дегеніміз не?

Түзу жол дегеніміз не?

  1. «Қасиетті сөздерді ата» ойыны

«Қ», «С», «А»

ІІІ.Қорытынды

Тәрбие сағатының ұраны:

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!

Сабақты мынадай дана сөзбен аяқтайық.

«Ауырып ем іздегенше

Ауырмайтын жол ізде»



© 2010-2022