Мақала Бала зейіні мектеп психологі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


н балалармен жұмыс



Бала зейіні

Кейбір балалар табиғатынан өте белсенді, тым қозғалғыш, беймаза, көңіл күйі тұрақсыз болып келеді. Мұндай өзгерістерді психологиялық тілінде «Зейін тұрақсыздық белгісі» деп атайды. Мектепке енді баратын балалардың ішінен осы мінез-құлықтың бұзылуы жиі кездесетіні байқалады және қыздарға қарағанда, ұлдардың арасында көбірек кездеседі.

К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп: «Зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады» деген болатын. Оның бұл пікірі психологияда өзінің өміршілдігін дәлелдеп келеді. Психологтар зейін тұрақсыздығының бірнеше клиникалық белгілерін айқындап отыр. Диагностика бақылау тәсілімен жүргізіледі. Мектепке баратын баланың бойынан осы диагнозды анықтаудың көрсеткіштері төмендегідей:

1-жаттығу: «Тауып ал да,астын сыз»

Әріптер тобының ішінен әр жолдағы «а», «с» әріпінің үстінен сызып отырамыз. Тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі.

2-жаттығу: «Баланың зейін көлемі »деп аталады. Балалардың зейінін анықтау үшін оларға мынадай тапсырма беруге болады.Геометриялық фигуралар орналасқан шеңберлерді 2-3 минут көрсетілгеннен кейін геометриялық фигураны алып тастап,оны сол көрген қалпында салдыру

3-жаттығу: «Бақылағыштық»

Оқушылар,а мектеп ауласын немесе мектеп пен үйдің арасындағы жолды, яғни күнде көріп жүргендерінің есінде қалғанын нақты баяндап беру ұсынылады. Кіші мектеп жасындағы оқушылар әңгімені ауызша айтады,біреуі екіншісіне қосып, жіберілген жерлері ескеріледі. Үлкендері жазады, содан соң өз жазғандарын нақты әрекетпен салыстырып отырады. Жұмысты орындағанда зейін мен көру есі туындайды.

4-жаттығу: «Қателерді түзету»

Жүргізуші қазаз парағына сөздердегі әріптер тасталып кеткен және орындары ауыстырылып жазылған бірнеше сөйлем жазады. Оқушыға мәтінді оқып, 1 рет қана қатесін тез арада фламастермен жөндеу бұйырылады. Содан соң ол парақты басқа оқушыға береді, ол қалған қателерді басқа түстегі фламастермен түзейді. Жарысты қос адаммен де өткізуге болады.







5-жаттығу: «Шоғырлану»

Шоғырлану дене ағзаларында немесе ойда, сыртқы материалды обьектілерде болуы мүмкін. Будильникті алып әр жаттығуға 1-ден 30 минутқа дейін шоғырлану уақытын қоюға болады.Сонымен уақытты қоясыз. Ыңғайлы қозғалысты қолданасыз. Бұлшыұ еттеріңізді босатып, шоғырлану обьектісін таңдаңыз. Егер сіздің ойыңыз бір обьектіден, екінші бір обьектіге ауысқанын байқасаңыз, көзіңізді қимылдатпай, басыңызды шайқамаңыз. Ой қалай басқа жаққа кетеді, соны бақылаңыз.

Содан соң оны жаймен шоғырлану обьектісіне алып келіңіз. Берілген уақыт аралығында ой жан-жаққа 3 реттен артық кетпеуін бақылаңыз.

Зейінді дамыту тәсілінің тиімділігі:

  • Білім мазмұнын меңгертуге ықпалын тигізеді;

  • Баланың танымдық қабілеттері дамиды;

  • Білім сапасының өсуіне оң әсерін тигізеді.

Қорытындылай келе әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі.









«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

психологы Ж.К.Сулейменова



















© 2010-2022