МақалаҰБТ-ге психологиялық көмек (11 сынып)

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















ҰБТ-ға психологиялық көмек



Психолог: Макашева Умит

Сүмбе ауылы

2015-2016 оқу жылы

ҰБТ-ға психологиялық көмек

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқытумен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту. ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қортынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарының біріктіру болып табылады.

ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық - оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ - оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі,ҰБТ-оқушылардың орта білімін бағалау көрсеткіші болып табылады. Бір ұпайдың жетпей қалуы оқушылар мемлекеттік оқу гратынан, жоғарғы оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар қажетті ұпай санын жинай алмау - үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы ҰБТ-ге дайындық- көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде. Оқушылардың ҰБТ жайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды нашар күйзеліске , стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпай жинағанның өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен , жеке бластарындағы уайымдаулармен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тесттің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.

ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындаудың мынадай кезеңдері бар:

  1. Оқу-танымдық қабілеттерін түзете дамыту;

  2. Шығармашылық - танымдық қабілеттерін дамыту;

  3. Сенімділікті бойларына қондыру;

  4. Психикалық күштенуден (стресс пен қорқыныштан) арылту;

ҰБТ-ге дайындық кезінде әр баланың оқу іс -әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты: ойлау, есте сақтау, зейін.

ҰБТ тапсыру кезінде қиыншылық көру ықтимал балаларды, мынадай топқа бөлуге болады:

  • Мидың оң жақ жарты шары дамыған бала;

  • Синтетиктер;

  • Мазасыз балалар;

  • Өз-өзіне сенімі жоқ балалар;

  • Озат оқушылар;

  • Астеникалық (енжер) балалар;

  • Гипертимді (жылдам) балалар;

  • Баяу қабылдайтын балалар;

  • Аудиалдар мен кинестетиктер.

11-сынып оқушыларының жас ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен деген» бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын , олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестікте байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері , ауыр жағдай. Өйткені құрбы- құрдастарының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, 11 жыл бойы сабағы үштік «3» баға деңгейінде келген сыныптастарының Ұлттық біріңғай тесттен кездейсоқ «5» алып, жоғарғы ұпай жинап қалуы, осы кезде тек жақсы оқып, «қызыл аттестат», «Алтын белгі» алуға үміткер болып отырған өзінің төмен ұпай жинап қалуы- оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезінеді; «Мен» сезімі шиеленеді, ішкі психологиясында өз - өзімен ішкі кикілжің пайда болады, күтілген нәтижеден төмен баға алып қалған жағдайларда балалар, көбінесе өз достарын көруден де бас тартады, қиын да қауіпті жағдайға тап болады.

Жалпы ҰБТ -ға дайындық оқушылар арасында ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте, психолог мамандар арасында, мектеп пен жанұялық қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді, себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді, кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді, содан «егер осыны ақтай алмасым» деген ой туындайтын қорқыныш сезімдері де болады. Балалар көбінесе, бұрын -соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген, сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам, жақсылып дайындал» деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап, алдын ала үрейлене бастайды. Тек отбасы жағдайында ғана емес, кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандары тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер жеткілікті көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады. Мектептер оқушылардың бос уақыттарын ҰБТ-ға әр пән бойын,ша дайындайтын факультативтік, яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды. Ата-аналар балаларының үйдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады, құрбы-құрдастарының барлығы барлығы дайындықпен уайым үстінде. Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын орта буыннан бастап жүргізсе оң нәтиже береді. Әл - Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі», - деген терең мағыналы сөзі, біздің заман үшін ескірді деп ешкім айта алмас. Қайта біздің заманға келіп тұр. Сөйтіп заман талабына сай білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға түрлі жолдар ашуымыз қажет.



© 2010-2022