Урок Тұлғааралық қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренингтер

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұлғааралық қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренинг

Тренинг мақсаты ұжымшылдықты, басқа топтың мүшелерімен табысуды, жағымды эмоциялық фонды құру. Тренинг қатысушылары тренинг тобының негізгі ережелерімен таныстырылды.

Студенттерге мынадай жаттығуларда қатысу ұсынылды:
Жаттығу 1. «таныстырылым» - қатысушыларға 3 топқа бөліну ұсынылды: "европалықтар", "жапондар" және "африкалықтар", содан кейін әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық ойыншылармен «өз тәсілмен» амандасуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды тренинг жағдаятына кірістіру.
Жаттығу 2 . «жарнама» - қатысушылар 2 топқа бөлініп, минуттан кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топтың жағымды қасиеттерін тану.
Жаттығу 3. «қызықты санамақ» - жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді дамыту.
Жаттығу 4. «театр: бәрі қатысатын пьеса» - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ - сценаристер, екінші топ - режиссерлер, үшінші топ - актерлер, төртінше топ - критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті - пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.
Жаттығу 5. «миссис Мамбл» қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей « кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі « жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын» деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.
Жаттығу 6. «не істегенімізді тап» - қатысушылар белгілі бір іс - әрекетті көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс - әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топты біріктіру .
Жаттығу 7. «имитатор» - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды эмоциялық жа,жағынан ашу.
Жаттығу 8. «психологиялық көмек» - қатысушыларға «мені мынау үшін жақсы көрмеуі мүмкін ....» сөйлемін аяқтау беріледі. Ал көршісі «бәрібір сен жақсысын, өйткені ......». Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушылардың төмен өз бағалауын көтеру.
Жаттығу 9. «қоңырау» - қатысушылар бір - біріне тығыз тұрып, шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал басқалары оны тербетеді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне деген сенімділікті арттыру.
Жаттығу 10. «мен саған сыйлаймын» - қатысушылар бір - біріне алғыс айтып, бір - біріне жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.
Тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Студенттер тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен қатысты. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.

Педагог-психолог С.Ж.Сулейменова

© 2010-2022