Сенім менің серігім 11 сынып

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сенім менің серігім

Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.

«Топқа бөлу» .

Сыныпты үш топқа бөлу үшін, үш түстегі конфеттер таратып беріп, бір түстегілер

бір топқа ал қалған екі түстегілер екінші және үшінші топқа бөлінеді. Бұл топқа еш талассыз тез бөлінуге көмектеседі.

«Сиқырлы қобдиша» (оның ішінде домалақ айна болады).Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мыны қобдишаны бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы қобдишаны алған оны ашып,ішіне қарайсыздар. Оның ішінде жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер.Оған күліп қарауларың керек.
Барлық оқушылар қобдишаға қараған соң, психолог сұрақтар қояды:
-Жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
- Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?
«Жапон әліппе» (Слайд көрсетіледі)
А-ка З-з П-но Ц-ми
Б-зу И-ки Р-ши Ч-кэ
В-ру К-мэ С-ари Ш,Щ-хи
Г-жи Л-та Т-чи Ь,Ъ,Ы-зук
Д-тэ М-рин У-до Э-мэй
Е-ку Н-то Ф-лу Ю-фу
Ж-су О-мо Х-ри Я-на

ІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

«Үш жыл» жаттығуы (15 минут)

  1. Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.

  2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.

  3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.

  4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.

  5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?

Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз
«Ізшіл-зерттегіш»

Сендер мектепке келгендеріңе бірнеше жыл
болды.Бүгін түрлі сұрақтар арқылы сендердің байқағыштық деңгейін зерттейміз. Әр сұраққа негұрлым тез жауап беру қажет.
-Кіреберіс жерде қанша баспалдақ бар?
-Екінші қабатта қанша есік бар?
-Химия кабинетінде қанша парта бар?
-Біздің мектепте қанша сынып бар?
-Мектеп директорының аты-жөні кім?
-Қай сыныпта ең көп оқушы?
-Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары қай пәннен сабақ береді?
-Математика пәнінің мұғалімі Алипбекова Сауле Капазовнаның жақсы көретін гүлі?
-Кітапханашының аты-жөні?
-Тарих пәнәнің мұғалімі Қасымбекова Гулмираның жақсы көретін түсі?
-Асхана меңгерушінің жақсы көретін тағамы?
-Мектепте қанша психолог жұмыс істейді?
-Мұғалімдер бөлмесінде диванның артында қанша тышқан өмір сүреді?

5. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

«Әріптер әлемі »жаттығуы. «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» сөзі берілген осы сөздегі әріптерді пайдаланып, барынша көп сөз құрау қажет. Уақыт 1 минут негізі 30-дан аса сөз құрастырылады.
Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»
Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады.

Оның соңынан ілесісушы дәл соны жасайды

7. «Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың рефлекциялық қабілетін дамыту, жеке тәжірбиелік әсер етулерін бағалау және анализдеу.

Психолог топ мүшелеріне өздерінің алғашқы ұстаздарын естеріне алуды ұсынады. Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалау, сынптағы ахуал қандай болғанын естеріне алуы қажет. Жаттығудың эффективтілігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірибесінде кездестірген алғашқы ұстаздарына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ, әділдірек болғысы келетіндігі жайлы пікірлерін сұрауға болады. Тағы бір маңызды жайт, олар өздерінің балалық елестерінің негізінде өз оқушыларын терең сезіне алуына үйрету.

  1. «Сергіту» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың бірін - біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.

Нұсқау: Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

  • Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.

  • Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.

  • Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.

  • Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.

  • Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.

  • Иттерді жақсы көретіндер үрсін.

  • Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.

  • Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.

  • Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.

  • Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.

  • ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.

  • Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.

  • Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.

  • Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

  • Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

  • Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сіл болса да ұқсайды?»

  • Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған Сенім менің серігім 11 сынып

13.«Сен ғажайыпсін!» марапаттау сәті
Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз.Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді.Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға.Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсін!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екенін, ғажайып адам екенін ешкашанда ұмытпаңыздар.

© 2010-2022