- Преподавателю
- Школьному психологу
- Психологическая диагностика Мен қаладым
Психологическая диагностика Мен қаладым
Раздел | Школьному психологу |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Салмаева С.И. |
Дата | 29.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Мен қаладым» саралаушы - диагностикалық сұрақнамасы
Бұл сұрақнамаға сенің бейімділігінің мен кәсіби қызығушылықтарыңа жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақнама негізінде адамды еңбек процесінде байланыстыратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық мамандық түрлері 6 типке бөлінген.
Басқа адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі - жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін), екіншісі - адамдармен тиімді іскерлік қарым - қатынас жасауға даярлау.
Табиғат. Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы, қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіне мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемінен және жануарлар дүниесімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.
Техника. Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог және т.б. Сонымен қатар, бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.
Белгілер жүйесі. Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, эксперт-сараптамашы. Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптап - саралайтын ақыл - ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.
Көркем образ. Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.
Адамның өзі. Бұл мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселен, спортсмендер, каскадерлер, кино және театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.
Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысына да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир-операция жүргізушіні айтып көрелік. Ол өз клиенттерімен қарым-қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда деректер қорын толтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады және түрлі шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы-секретардың (кеңсе менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай, мекемеге келген адамдармен қарым-қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет-бейнесі» ретінде танылатындықтан, сыртқы жүріс-тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білу керек.
Келесі әдістеме сенің қандай еңбек құралымен жұмыс істеуге бейім екендігін көрсетеді.
Нұсқау: сен белгілі бір оқу түрін тәмамдаған соң, кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс жұбының біреуін ғана таңдау қаежт болса, сен қайсысын қалар едің? Кестеде келтірілген түрлі жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды біреуін ғана таңдап ал да, оның нөмірін жаз.
1а
Нашақорлықта пайдаланатын заттарды іздеп табатын қызмет иттерін өсіру мен тәрбиелеу.
1ә
Тұрмыстық техникалардың жаңа үлгілерін жасап шығару
2а
Авария мен зілзала апатынан кейін адамдарды құтқару
2ә
Құжаттарды куәландыру, сенім хат пен келісім - шартты рәсімдеу
3а
Музыкалық топта ән салу
3ә
Үнемі жаттығу, жетілдіру арқылы жаңа спорттық нәтижелерге жету
4а
Компьютерлер мен құралдардың жұмысын жөндеу, ретке келтіру
4ә
Тауарлар туралы әңгімелеу, адамдарды сатып алуға үгіттеу
5а
Ғылыми мәтндерді аудару
5ә
Әңгіме, сценарий, фельетон жазу
6а
Ауыр дене салмақтарына төзімді болу үшін өз ағзаңды жаттықтыру
6ә
Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда іс-шаралар жүргізу
7а
Оргтехника, компьютерлер мен телефондарды жөндеу.
7ә
Басылымға дайындалып жатқан мәтіннің мағыналық және стилистикалық қателерін түзету
8а
Ғимарарттарды гүлмен безендірумен айналысу
8ә
Ластанған орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың жай-күйін саралау
9а
Автомобиль, автобус, трейлер, поезд локомотивтерін басқару
9ә
Компьютердің көмегі арқылы фото суреттерді түзету немесе музыканы іріктеу, үйлестіру
10а
Спорт зал, бассейн, стадион, корт және т.б. күнделікті атлетикалық дағдыларыңды жаттықтыру
10ә
Спорттық автомобильдердің жұмысын ретке келтіру, бұзылған жағдайда механизмдерін ауыстыру
11а
Басқа қалалармен елдерге туристік сапарларға шығу үшін адамдарға ақыл-кеңес беру
11ә
Әмбебап дүкендердің сөрелерін, концерттер мен шоуларды безендірумен айналысу
12а
Декоративті балықтарды өсіру және кеңселердегі аквариум балықтарын күту
12ә
Адамдарға медициналық жәрдем көрсету
13а
Фирманың құжаттарын реттеу, жаңа құжаттарды дайындау (келісім-шарт, есеп,ведомость,сенімхат және т.б.)
13ә
Сахнада өнер көрсету үшін әдемі жүріс-тұрыс, икемді қозғалыс дағдыларына дайындықтар жүргізу
14а
Генетиканы зерттеп, өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіру
14ә
Мұрағат қорларында істеп, қажетті құжаттарды табу
15а
Нұсқаушы есебінде күрделі туристік саяхаттарда адамдарға жол көрсету
15ә
Күрделі акробатикалық трюктерді, спорттық нөмірлерді ойлап табу және жасау, дайындықтан өткізу
16а
Ит, мысық, жылқы және т.б. емдеу
16ә
Компьютерлерді жинақтауды іске асыру
17а
Түрлі формаларға қызметкерлерді іріктеу, қажетті адамдарды ізлеу
17ә
Бағалы қағаздар нарығына қаржы талдауларын жүргізу
18а
Сахнада ойнау, киноға түсу,трюктер қою
18ә
Спорттық өнер көрсетулердің алдында әдемі әрі нақты қозғалыс - қимылдарды жаттықтыру мен дайындықтан өткізу
19а
Медициналық лазерлердің ультрадыбыс аппараттарының жұмыстарын ретке келтіру
19ә
Мектепте, техникумда, институтта және т.б. оқу орындарында түрлі пәндерді оқыту
20а
Тауарды тұтынушыларға тасымалдаудың тиімді жолдарын табу, санау
20ә
Сайттарды, кітап, журналдарды безендіру
21а
Жарыстарға турнирлерге, өнер көрсетуге үнемі психологиялық, физиологиялық дайындықты іске асыру
21ә
Табиғат құбылыстарын зерттеуге арналған экспедицияларға қатысу
22а
Жоспар бойынша үй тұрғызу, жобаға сәйкес электр жарығын жүргізу
22ә
Қаржы заңдарымен, кодекстерімен жұмыс істеу
23а
Бақшалық-саябақтық зоналарды жобалау, өсімдіктердің көмегімен учаскелерді безендіру
23ә
Қанның молекулалық құрамын талдау
24а
Жаңа өндіріс құралдарын, үйлерді жобалау
24ә
Тарихи орындарда қайта жөндеу, сәулеттендіру жұмыстарын жүргізу
25а
Шаршау мен қорқынышқа қарамай, спорттық жаттығуларды орындау
25ә
Спорттық тренажерлердің, велосипедтердің, спорттық құралдардың жаңа үлгілерін жасау
26а
Мерекелерді ұйымдастыру, асабалық қызмет атқару
26ә
Концерттік бағдарламаларды жүргізу, көрермендерге орындаушылардың аты-жөні мен нөмірлерді хабарлау
27а
Электронды микроскоптың көмегімен ағзалардың тіршілігін зерттеу
27ә
Адамдарға психологиялық көмек көрсету, сенім телефондарымен жұмыс істеу
28а
Әлеуметтік деректерді өңдеп, талдап, жинақтау
28ә
Өз дене бітіміңнің сымбатты да тартымды болуы үшін кәсіби жұмыс істеу
29а
Зақымдаушылар мен вирустардан өсімдіктерді қорғаудың құралын жасап шығару
29ә
Компьютерлік бағдарламаларды жазу
30а
Фитнесзалдарда, бассейндерде, спорттық алаңдарда адамдарға ақыл-кеңес беру
30ә
Жалпы төзімділікті шыңдап, жаттықтыру, жеке спорттық, әртістік дағдыларды жетілдіру
СДС-ның жауап парағы
Оқушының аты-жөні:_________________________
Сынып___________ Мектеп____________________Күні______
-
Табиғат
Техника
Басқа адамдар
Белгі жүйесі
Көркем образдар
Адамның өзі
1а
1ә
2а
2ә
3а
3ә
4а
4ә
5а
5ә
6а
6ә
7а
7ә
8а
8ә
9а
9ә
10а
10ә
11а
11ә
12а
12ә
13а
13ә
14а
14ә
15а
15ә
16а
16ә
17а
17ә
18а
18ә
19а
19ә
20а
20ә
21а
21а
22а
22ә
23а
23ә
24а
24ә
25а
25ә
26а
26ә
27а
27ә
28а
28ә
29а
29ә
30а
30ә
Алты бағанның ұпайлары жеке-жеке саналады. Әр баған бойынша жинақталған қорытынды ұпай сенің қандай еңбек түріне бейім екеніңді көрсетеді.
9-10 ұпай - бейіміңді айқын көрсетеді;
7-8 ұпай - бейіміңнің айқындылығы орта деңгейде екенін байқатады;
4-6 ұпай - бейімің орта деңгейде;
2-3 ұпай - бейімің айқын емес;
0-1 ұпай - мүлдем келмейді, яғни «басқа болуы мүмкін, тек бұл емес».
6. Қызығушылықтар картасы
(А.Е.Голомшток әдістемесі бойынша)
Мақсаты - тұлғаның қызығушылығын, қабілетін айқындау. Қызығушылық картасы 29 қызмет саласына бағытталған 174 сұрақтан тұрады.
Қызығушылық картасының жауап парағы 29 қатар, 8 бағаннан тұрады. Әр бағанда 29 сұрақ бар: (1 баған - 1-ден 29-ға дейін;
2 баған - 30-дан 58-ге дейін;
3 баған - 59-дан 87-ге дейін;
4 баған - 88-ден 116-ға дейін;
5 баған - 117-ден 145-ке дейін;
6 баған - 146-дан 174-ке дейін;
7 баған- «+» (бұл бағанда өзің үшін ұнамды жауаптарды белгілейсің);
8 - баған «-» (бұл бағанда ұнамсыз жауаптар белгіленеді).
Нұсқау: «Сенің басты қызығушылықтарыңды анықтау үшін сұрақтар тізімін ұсынып отырмыз. Әр сұраққа зейін қойып, дәл жауап беруге тырыс. Егер сұралып отырған нәрсенің саған ұнайтынына бірнеше рет көзің жеткен болса, онда сол сұрақтың тұсына екі қосу белгісін (+ +) қой. Егер жай ғана ұнаса, онда бір ғана қосу белгісін (+) қой. Егер жауап бере алмасаң, өз-өзіңе сенбесң - 0 (нөл) қоясың, ұнамаса (-) алу, егер мүлдем ұнамаса - екі алу белгісін (- -) қоясың. Бірде-бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап бер. Парақты толтыру уақыты шектелмейді».