Өзіе-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Махаббат өмір өзегі (5-сынып)

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БЕКІТЕМІН»

.............................. Мектеп 163 Мерзімі: 12.12.2015 №10

З.Шоманова

Тақырыбы: Махаббат - өмір өзегі

Құндылық: Дұрыс «іс-әрекет Қасиеттер: мейірімдлік, қамқорлық, еңбекқорлық

Мүғалім: Корпебаева Гульжан Сынып: 5 Оқушы саны: 30

Сабақ мақсаты: оқушылардың махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу;

Міндеттері

- «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- сүйіспеншілік қарым - қатынастарын дамыту;

- оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Тыныштық сәті (2-5 минут)

Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде.... Тыныштық бар әлемде.... Күлімдеген күн, әсем табиғат, барлық адамдардың жүзі мейірімге толы, қандай әсем, қандай керемет. Біздің де жан дүниеміз бір тыныштық тапқандай бір рахат күйдеміз. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Р.Розденстсенскийдің «махаббат шуағы» өлеңін оқып талдаудатамын.

  • «Бәрінің бастауы - Махаббат!» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?

  • Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл

қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты.

Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата - анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сендералғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірлеген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.

Дәйексөз

Сабақтың дәйексөз ретінде « Махаббат бар жерде - бақыт бар» деген сөздің оқушылардың қалай түсінетіндерін сұраймын.

Балалардың ойын қорытындылай келе, сыртқы сұлулықты көзбен көруге болады, ал ішкі сұлулықты жүрекпен, яғни адамның адамгершілігі ішкі сұлулығын сезінетіндерін таратып түсіндіремін.

Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы)

Махаббат деген не?

Махаббаттың сен білетін қандай түрлері бар?

Шығармашылық жұмыс

Оқулықта берілген «Қайдасың, қасқа құлыным?» және «Қасиетті туған жерді қастерле» атты екі мәтінді оқушылар өз бетімен оқып шығып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнелеу ұйымдастырылады. Ол үшін сынып оқушыларын екі топқа бөліп сыныптың жартысы «Қайдасың, қасқа құлыным?» мәтінін оқып, өз сезімдерін салған суреттері арқылы білдіреді, ал екінші топ «Қасиетті туған жерді қастерле» әңгімесі арқылы сурет салады. Бұл шығармашылық жұмыс оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

ҮІІ.Топпен ән айту

«Махаббат мәңгі ертегі» әнін бірге орындау

ҮІІІ. Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген мәтінді оқып келу

ІХ. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.



© 2010-2022