Тренинг «Менің ортам»

Тақырыбы:«Менің ортам». (жоғары сынып  оқушыларына арналған) Психолог: Искакова А. О. Қарағанды облысы Қарқаралы  қаласы Балалар және жасөспірімдер орталығы Тренинг элементінің  мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Тренинг элементтерінің  міндеттері: - адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну; - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; - сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын та... Тренинг  элементінің құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тренинг элементінің мақсат-міндеттерін хабарлау. ІІІ. Негізгі бөлім. а)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. б) «Автопортрет» жаттығуы. в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. е) «Өрмекші торы» жаттығуы. ІV. Қорытынды бөлім. а) «Жүйрік ой» жаттығуы. б) «Қайта байланыс» жаттығуы. Тренинг элементінің  жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ ІІ.Тренинг элем... 2. Қауіпсіздік. 3. Телефон. 4. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.   5. Сенімділік. 6. Белсенділік. (Шамаңыз келгенше) 7.  Мен – жолдау.   8. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 9. Басқаның  ой-сезімін кекетіп, мазақ қылмау. ІV. Негізгі бөлім. а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің  және ұнататын тағамын қоса айту.  Келесі қатысушы алдыңғы барлық қатысушылардың есімімен тағамдары мен өзінің есіміе және тағамын айту.  Мысалы, Асель, ет деген сияқты.  б) «Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді психолог жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишарал... Социометрия – Кімнің кімге жақын екендіктерін байқау. Нұсқау:  Жұлдыз болып аспанда жүру, оң қолыңмен  бірінші кезектегі ең жақын және ең жақын сөйлесетін,  жақсы танитын адамыңның  иығынан ұста, ал енді сол қолыңмен екінші кезектегі  адамыңның иығынан ұста  Психологқа ескерту: Барлығын бақылау, кімге-кім жақын, сыртта қалған адамдар бар ма екен, сол сыртта қалған адамды бақылау, зерттеу жұмысын жүргізу. Тыныштық сәтін ұйымдастыру . Көзімізді жұмып, терең тыныс алып, тынысты жайлап шығару ІV. Қорытынды бөлім. а) «Жүйрік ой» жаттығуы Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ - Маған қажет қасиеттер, мыналар...... - Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... - Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... - Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... Рефлексия: б) «Қайта б...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Топтық-психологиялық тренинг элементтері.
Тақырыбы:«Мен және менің ортам».
(жоғары сынып оқушыларына арналған)
Психолог: Искакова А. О.
2014 ж. 27 наурыз

Қарқаралы қаласы
Тренинг элементінің мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру.


Тренинг элементтерінің міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;


Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Тренинг элементінің құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренинг элементінің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а)Амандасу - «таныстыру» жаттығуы.
б) «Автопортрет» жаттығуы.
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
е) «Өрмекші торы» жаттығуы.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы.

Тренинг элементінің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренинг элементінің мақсат-міндеттерін хабарлау
ІІІ. Тренинг
элементіне дайындық, ережесімен таныстыру.
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау.

2. Қауіпсіздік.

3. Телефон.
4. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

5. Сенімділік.
6. Белсенділік. (Шамаңыз келгенше)
7. Мен - жолдау.
8. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

9. Басқаның ой-сезімін кекетіп, мазақ қылмау.
ІV. Негізгі бөлім.
а) Амандасу - «таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің және ұнататын тағамын қоса айту. Келесі қатысушы алдыңғы барлық қатысушылардың есімімен тағамдары мен өзінің есіміе және тағамын айту. Мысалы, Асель, ет деген сияқты.

б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді психолог жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау: психолог алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар - қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік.

Социометрия - Кімнің кімге жақын екендіктерін байқау.

Нұсқау: Жұлдыз болып аспанда жүру, оң қолыңмен бірінші кезектегі ең жақын және ең жақын сөйлесетін, жақсы танитын адамыңның иығынан ұста, ал енді сол қолыңмен екінші кезектегі адамыңның иығынан ұста

Психологқа ескерту: Барлығын бақылау, кімге-кім жақын, сыртта қалған адамдар бар ма екен, сол сыртта қалған адамды бақылау, зерттеу жұмысын жүргізу.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру . Көзімізді жұмып, терең тыныс алып, тынысты жайлап шығару
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар/смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренинг элементтеріне қатысушыларға рахмет айта отырып, аяқтау.

© 2010-2022