«Тәуекел» тобындағы балалармен психологиялық жұмыс

«Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын ескеру қажет.  Баланың отбасы жағдайының толық еместігі, ата- ана тарапынан балаға психологиялық қолдаудың болмауы, мұғалім тарапынан оқушыға жасалынған қысым және елемеушілік әркеттердің өзі баланың бойыбндағы қиындықтарға әкеледі. Сондықтан «тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында оқушының даму маршрутына да мән берген жөн. бұл құралда қысқаша бағытта келтіріліп және нұсқау ретін...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуекел» тобында тұрған балалармен жұмыс\қазақ тобы\

Пән мұғалімдеріне*\кестедегі пән мұғалімі деген пункт\

2013-2014 оқу жылы

Аты жөні

Сыныбы

Себебі

Жүргізілетін психологиялық жұмыс бағыттары

Мерзімі

Сайлау Б

Мектептен шығып кету қорқынышы

Психологиялық мінездеме беру\алынған тест қорытындыларына сай\

Наурыз\психолог\

Бақылау\жеке және ішінара\

Наурыз\куратор\

Психологиялық кеңес\ адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру,жас және жеке ерекшелігіне сәйкес* \

Наурыз\ психолог\

Тақырыптық тренинг жүргізу\ Өзіндік «Мен» бейнесінің қалыптасуын зерттеу,мінез- құлықтың жағымды жақтарын түзету, қалыптастыру\

Сәуір- мамыр\куратор, психолог\

Жыныстық тәрбие беру- психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу\жеткіншек кезеңі\

Наурыз\куратор, психолог

Ата- анамен байланыс\отбасылық дәстүр, ата- ана міндеті, ата- ана тарапынан психологиялық қолдау-психологиялық ағарту ,әңгіме\

Наурыз-сәуір\куратор\

Кәсіптік бағдар беру\мамандыққа бейімдеу\

Наурыз\психолог, куратор\

Топтық қарым- қатынасты дамыту жұмыстары\топтық тренинг, топтық байланысты арттыру

Сәуір\куратор, психолог\

Пән мұғалімдерімен байланыс\ оқушы жайлы мәлімет,оқу мотивациясын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру\

Наурыз- сәуір\куратор, психолог, пән мұғалімдері*

Қосымша сабақтың ұйымдастырылу жоспарын құру\сапалы тиімділікке бағыттап\

Наурыз- сәуір- мамыр\пән мұғалімдері\

Жеке жұмыс маршрутын жасау\пәндік білім деңгейін көтеру\

Наурыз- сәуір- мамыр\пән мұғалімдері\

Ұсыныс\ психологиялық қорытынды\

1Оқушының психологиялық портретін ескере отырып, сабақ процесіндегі оқу әрекетін ұйымдастыру

2 Темперамент типі- флегматик. Егер бала флегматик болса, балаға барлығын көрсетіп, қайталатып отыру керек. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды.. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.\ Ақпараттың ауқымды көлемін 1\3,2\3 қатынасында беру керек\ А.Е.Личко бойынша, гипертимді тип- көптеген нәрселерге қызығады, бірақ олар тез өтеді. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш, тіпті шектен тыс сенеді. К. Леонгард бойынша, циклоидті тип- көңіл- күйі тез өзгереді, жоғары болса, қарым-қатынасқа жақсы түседі, дәлелдегіш, өз ойы дұрыс болмасада дәлелдей береді, ар- ұяты мол.

3 Оқушының сенсорлық қабылдауы визуал типке жатады. Көруге бейімділер (визуал) - бұлар ақпараттың қомақты бөлігін көздің көмегімен көру арқылы қабылдаушылар;\Көрсету баяндаудан маңызды.\ Бейнелі- көрнекі ес көлемі жоғары\эйдетикалық ес\, бірақ логикалық есте сақтау\негізгі логикалық компоненттерді бөліп шығару, солардың арасындағы мәнді байланыстарды табу\ кей кезде оқушыға қиынға соғады.

4 . Топтық тапсырмаларды\ топтық жұмысты\ жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастыру. Сабақ барысында топтағы лидердермен байланысты үнемі қадағалау.*\ оқушының шеттеп қалу проблемасы да бар.\ «Жеңілден- күрделіге » принципін ескере отырып, баланың қызығушылығын қалыптастыру үшін арнайы тапсырмалар ұйымдастыру

5. «Жаңа сабақты хабарлау» құрылымында баланың визуал екендігін ескере отырып, интерактивті тақта немесе мультимедиялық тақтадан түсіндірме \көрнекі құралдармен\ көрсетілсе, баланың сол сабаққа мотивациясы артады. Визуал балаларда көріп- қабылдау функциясы жақсы дамыған.

«Жаңа сабақты бекіту» құрылымында баланың жинақылық қасиеті және ойлаудың дедуктивтілігін дамыту мақсатында балаға акцент түсіре отырып, баланың түсінгенін тексеру.\ бірнеше экспресс- сұрақтар қою,есте қалдыру механизмін тексеру арқылы\

6.Оқушының қорқыныш деңгейін ескере отырып, сыныпта қауіпсіз климатты қалыптастыру\білім деңгейін тексерудегі қорқыныш жоғары\

7. Аудиториядағы мінез- құлқын жіті қадағалау\ мадақтау, жазалау әрекеттерін тиімді пайдалану\

8. Жалпы ақыл- ой дамуындағы қорытынды деңгейі:

Математикалық IQ- коэффициентін анықтауға арналған әдістеме\С.М.Жақыпов бойынша\ қорытындысы бойынша 11 балл\орта деңгей\

Анықталатын деңгейлер:

- Интеллектуалдық дамуын зерттеу;

- Математикалық байланысты түсіну қабілетін зерттеу

Сөздік- логикалық IQ- коэффициентін анықтауға арналған әдістеме\С.М.Жақыпов бойынша\ қорытындысы бойынша 10балл\орта\

Анықталатын деңгейлер: 1. Ойлаудың мақсатқа мүдделі болуы

2. Логикалық ойлау ерекшелігі

3.Мәтіннің ауыспалы мағынасын түсіне білуі және оларды ортада қолдана білуі\қабылдау, қиял, сөйлеу, түйсіну функцияларының дамуы\

4.Тілдік қабілетінің дамуы және мазмұндылығы

Интеллектуальдық лабильділікті анықтауға арналған әдістеме\С.М.Жақыпов бойынша\ қорытындысы бойынша 12 балл\орта\

Анықталатын деңгейлер: 1. Лабильділікті зерттеу

2. Бала зейінінің бөлінуі

3. Нақты зейін аудара алу қабілеті

9. Баланың іс- әрекетін демеп, қолдап отыру қажет.\ жас ерекшелігіне сәйкес\

10. Сайлау Б-№16 позиция- көбіне оқушы өз күшін жоғары бағалайды .

\Д. Лампенов әдістемесінің қорытындысы бойынша\ сыныптағы ахуалы, өзіндік сезінуі\ , оны күнделікті практикадан да байқауға болады.\ күрделі материалдарды оқумен айналысу\

11. Балада жауапкершілік, ұқыптылық, жинақылық *секілді жеке адами құндылық функцияларын дамыту мақсатында арнайы пәнге қатысты мерзімі шектеулі, қысқа логикалық * тапсырмаларды орындауға беру.\ логикалық, практикалық, жедел түрде орындалатын\*

12 Қызығушылық картасының қорытындысы бойынша оқушының саналы әрекетке бағытталуы қиын.\48%\ Сондықтан мұғалімнің кәсібі біліктілігін қажет етеді. \пәнге қызығушылығы өз деңгейінде\ .Қызығушылық картасының қорытындысы бойынша оқушының саналы әрекетке бағытталуы өз деңгейінде.\51 %\ . Әрекетке бағыттылығы механикалық еске бағытталған. Оқушының оперативті есі де \бір әрекетке бағытталған, керек болғанды ғана есте сақтау\ дер кезінде өтілген материалды меңгеруге септігін тигізеді.Бала бойында қалыптасқан дағдылар аз. Сабақ процесінде мнемотехникалық әдістерді қолданған жөн\қосымша сабақтарда да\ Зерттеулер қорытындысы бойынша, мәліметтің басындағысы мен аяқталғандығысы есте жақсы сақталады . Сол үшін маңызды және керекті нәрсені сабақтың басына немесе соңына қою қажет.\. Балада ұмыту процесі бар. Ұмыту -бұл тек қана есте сақтаудың нашарлығы емес, егер мұғалім сабақты түсіндіргенде оқушының берілген білімге қызығуы болмаса, бала көбісін ұмытып қалады. Өйткені эмоцияға байланысқан мәліметтер жақсы сақталады және қайта жаңғыртылады. Мұның табиғи себебі бар, эмоция тәнмен байланысты, ми адамға керектісін қана сақтап алады., басқасын ұмытуға жібереді. Агата Кристи айтқандай, «Сенсациялар құрып кетеді де, қорқыныш ұзақ қалады.»*

13. Сабақ процесінің соңында алынатын рефлексия бөлімінде бала пікіріне аса назар аудару.

Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында қосымша қызықты тапсырмалар беру\ құрылымдастырылған кестелер, ойын түрінде, кроссвордтар, жаңаша бағыттағы әдістер, қысқаша терминдік сөздерді , хронологиялық кестелерді жаттату арқылы, глоссарий жасату\түсінбеген материал бойынша\\

14.Бір пәннен екінші пәнге ауысуы \лабильділік\ өте жай\ *. Ойлаудың қасиеттері: ойдың сындылығы12,2%, ойдың асығыстығы 42%, ойдың тездігі 19% , ойдың икемділігі 18%, ойдың тереңдігі 26%, ойдың кеңдігі 20%. Зейіннің бөлінуі, шоғырлануы, көлемі, ауысуы тұрғысында тапсырмалар түрлі бағытта берілуі тиіс.\ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді есте сақтауды қалыптастыруға бағытталған.\ Мыс: 1 аптада тексерілетін жедел түрдегі , 1айда тексерілетін бақылау тапсырмалары\ Оқушыда ойдың кеңдігі жоғары.\процентке шаққанда, сол мүмкіншілікті ескерген жөн.*\

15. Оқушыны үнемі моральдық тұрғыдан қолдау

16. «Оң және сол жақ жарты шар»\адам миындағы жарты шардың жұмыс функциясы\ экспресс- талдау әдісінің қорытындысы бойынша оң жақ жартышардың қызметі басым болып шықты.Яғни, эмоциялық сферасы жақсы дамыған. Талдау мен синтезге қатар бағытталған тапсырмалардан гөрі талдауы басым тапсырмалар берілген жөн.

17. ДДО \депрессиялық деңгей\- 48 балл\депрессиясыз\

18. Мінез- құлықтың еріктік реттелуі қимыл- әрекеттердің шашыраңқылығымен тікелей байланысты. Оқушыда мақсат қою мен орындау деп аталатын екі функция айқын көрініс таппайды.\жоспарлау түсінікті емес\ бірақ баланың ниеті\ мотиві\ жоғары. Тіпті балада мүмкіндігі келмейтін нәрсеге ұмтылыс бар. Сондықтан балаға қозғаушы стимулдың мәнін айқындап беру керек\ Мыс: нақты мәлімет- мазмұны- әрекет- білім көзі де нақты көрсетілуі керек.\

19. Оқушы қазіргі кезде «Жеткіншектік дағдарыс» кезеңінде жүргендіктен оның психо- физиологиялық даму динамикасымен де санасқан жөн.

20. Баланың генетикалық зерттеу нәтижесі баланың оқу әрекетіне, тәрбиесіне ешқандай кері әсерін тигізбейтіні анықталды.

Педагог- психолог: Байтелиева Н. С









© 2010-2022