Презентация по психологии на тему Сіздің балаңызда темпераменттың қай типы басым

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сіздің балаңызда темпераменттың қай типы басым?

Сіздің балаңызға көбірек келетін жауапты тандаңыз. Қорытынды аса анықтау болады, егер сұрақтарға тек анасы ғана емес, әкесі, атасы, әжесі де жауап берсе; кейін барлық жауаптарды салыстырыңыз сосын тиісті тұжырым шығарыңыз.

1. Балада мінез-құлықтың қандай сипаты басым?
а) Өмірсүйгіштік, оптимизм, келісімдік, жанасымдық, туәкелділік.
б) Сабырлық, ақырындық, баяндылық, шыдамдылық, бейбітшілдік.
в) Болымдылық,тынымсыздық, тентектік, қызбалық, жанжалқойлық.
г) Ұялшақтық, ұяндық, өкпелегіштік, әсерленгіштік, жасқаншақтық.

2. Қандай эмоциялар аса жиі, қатты?
а) Оңды эмоциялар.
б) Қарқынды реакциялар жоқ, оңдық эмоцияларға жақындау.
в) Қарқынды эмоциялар, ашу.
г) Қорқыныш.

3. Жазалауға білдіретін реакциялар:
а) баяу;
б) эмоциясыз;
в) сөздерге - баяу, қалғандарға - қарқынды наразылық реакция;
г) өкпе, келеңсіз эмоциялар.

4. Бала ойда болмаған ситуацияларда өзін қалай ұстайды?
а) Қызық құмар (ұнамды қатынас басым).
б) Азэмоционалды.
в) Қарсылық білдіргісі келеді (жеңуге мұқтаждық).
г) Бұл оқиғадан құтылуға тырысады (өз-өзін сақтауға мұқтаждық).

5. Бала қандай ойындарды қалайды?
а) Кез келген, тек онда өмір ұрып тұрса.
б) Жай, тынышты, оңашалық.
в) Шуылдаған, құмартатын, қимылды, жиі агрессиялық.
г) Тыныш, оңашалық; шуылдаған, қимылды - тек жақындармен ғана.

6. Сіздің балаңыз жанасқыш па?
а) Балалар мен улкендердің қауымын жақсы көре ма, тез танысады.
б) Жалғыздықты артық көреді.
в) Әрдайым серік және көрермендер керек.
г) Жалғыздықты артық көреді, тек жақындармен ғана жанасқыш.

7. Құрдастары арасында қандай, жетекшілікке жақын ба?
а) Компанияның жаны, балалардың таңдауы бойынша лидер.
б) Балалар арасында белсенді емес, жетекшілік туралы сөз жоқ.
в) Құрдастары әртүрлі қатысады, өзі өзін жетекшілікке ұсынады.
г) Тек көпшілік достарының арасында ғана белсенді, бірақ лидер емес.

8. Жана нәрселерді қалай сіңімді етеді?
а) Жеңіл және тез.
б) Баянды, бірақ ақырын.
в) Тез ұғады және соншалықты да тез ұмытады.
г) Жағдайларға байланысты тез немесе ақырын қабылдайды.

9. Жаттап алудың ерекшеліктері. Бала ертегіні тез қалай жаттайды? Детальдарды немесе жалпылай ұға ма? Ұза есіне сақтай ма?
а) Жалпылай жеңіл және тез ұғып және ұзақ есіне сақтайды (жақсы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау).
б) Жалпылай жаттайды, бірақ ақырын, мүлдем ұмытпайдыт (жақсы ұзақ мерзімді есте сақтау).
в) Өте тез, негізінде детальдарды есіне сақтайды, бірақ та тез ұмытады (жақсы тек ұзақ мерзімді есте сақтау дамыған).
г) әртүрлі, ұсақ түйекті ұғады (жоғары алаңдау қысқа мерзімді есте сақтауға кедергі жасайды, ал өзіне көңіл толмаушылық - ұзақ мерзімдікке).

10. Қай бір қызметтен кейінгі шаршағандық:
а) орташа (қызметке сәйкес шаршайды);
б) төменгі (тіпті шаршамайды);
в) орташа, кейде жоғары (өз эмоциясының шайқалуына байланысты);
г) жоғары (сәл ғана қызметтен шаршайды).

11. Бала жас дағдысын жеңіл үға ма?
а) Жеңіл және қиындықсыз.
б) Қиындықпен (дағдылар ұзақ қалыптасады, бірақ ұзаққа дейін).
в) Жасына сәйкес (тек өзіне қызықтысын ғана жасайды).
г) Тез, бірақ тиянақсыз (стресс кезінде регресс болуы мүмкін).

12. Балада қандай қимылдар басым?
а) Батыл, нақты, ырғақты.
б) Сылбыр, жайбарақат, орнықты.
в) Ұйытқыған, тік.
г) Сенімсіз, дәлсіз, беймаза.

13. Тіл ерекшелігі.
а) Тілі мәнерлі, жандандыратын, мимика және ымдары бар.
б) Тілі бәсең, мәнерсіз, ымсыз.
в) Тілі жылдам, үзінді, эмоциялық, жиі айқайға кетіп қалады. Буындар мен сөздерді жұтып, дабырлап сөйлейді.
г) Тілі мәнерлі, бірақ жәй және сенімсіз.

14. Ұйқы ерекшелігі.
а) Әншейінде тез ұйықтайды, жақсы ұйықтайды, күлкімен оянып тұрады.
б) Тез ұйықтайды, тыныш ұйықтайды, ұйқыдан кейін солбыр және ұйқылы күйде жүреді.
в) Ұзақ және қиындықпен ұйықтайды, мазасыз ұйықтайды, әртүрлі көңіл күйде оянады: ең жақсыдан жаманға дейін.
г) Ұйықтауға ұзақ жатқызылады, бірақ тез ұйықтайды, көңілді болып оянады.

15. Бала бала бақшаға, мектепке қалай үйренді?
а) Жеңіл, тез бейімделді.
б) Жаналықтан қорқады, өзгерісті қаламайды, ұзақ бейімделді.
в) Жаңа жағдайға тез үйренді, улкендердің талаптарын қиындықпен жасады.
г) Тіпті де үйрене алмады, қиындықпен бейімделді.


Егер жиі а) варианттары кездессе, онда балада күшті, байсалды, қимылды тип- сангвинник басым.

Егер жиі б) варианттары кездессе, онда балада күшті, байсалды, солбыр флегматиктың темпераменті.

Егер жиі в) варианттары кездессе, онда баланың мінезі күшті, байсалсыз, солбыр -холерик.

Егер жиі г) варианттары кездессе, онда меланхолик темпераменті басым.

Өз балалық шағыңызды есіңізге түсіріп, дәл Сізге сай келетіндерден жауап таңдаңыз, сонда баланың темпераменті мен өзініздікің салыстыруға мүмкіндік пайда болады, сосын тұжырым жасаңыз.
Мүмкін, Сіз күшті темпераментіңізбен баланың әлсіздеу темпераментін «басып жүрген» шығарсыз. «Жақсартпаңыз» және «әдемілемеңіз» балаңыздың темпераментін. Ол сол үшін аурумен, ал сіз - баланың тәрбиесінде және дамуында проблемалармен сазайын тартасыңдар.

Ольга Анисимович, педагог-психолог,
Материалдар solnet.ee - сайтанан алынған


© 2010-2022