Өмір қымбатсың, маған!

Оқушыларға өмірдің  басты құндылық екенін түсіндіру,.өмірде кездескен қиындықтарға мойымай,күресу керек .Сонда ғана мақсатыңа жетіп,арманың шындыққа айналады.Сабақтың тақырбы:Өмір қымбатсың,мағанСабақтың көрнекілігі:Интер белсенді тақта,шарлар,плакат,мақалдар,ұсақ-ірі тастар,аудиокассета.Сабақ түрі: Ашық сабақ.Оқушыларға Ш.Сариевтың "Өмір деген тұрмайды қап-қарадан" өлеңін оқыту арқылы өмірдің тек жақсылық пен қуаныштан тұрмайтынын,алға қойған мақсатқа жету үшін сол жолдарда аянбай,адал еңбек ет...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Өмір қымбатсың , маған!

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз деген-Ұлағатты Ұлы есім,

Тек жақсылық Ұстаздарға тіледім.

Сабақтың мақсаты: «Ұстаз-Ұлы есім»екенін ұғындыру,мәнін ашу,ұстазға деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту,сүйіспеншілігін ұстаздарына деген тілектерін көрсете алуға баулу ,ұстазды құрметтеуге,еңбегін бағалай білуге,шәкірттік махаббатын жеткере білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер:Жүректің суреті,шарлар,айдың суреті,үнтаспа,жұлдызшалар,А4-формат,фломастер.

Сабақ барысы: Өмір қымбатсың , маған!

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме,ұлағатты ұстаздар,қымбатты оқушылар!11сынып оқушыларының ұстаздар күніне дайындаған Ұстаз деген-Ұлағатты Ұлы есім,Тек жақсылық Ұстаздарға тіледім. -атты тәрбиелік

іс-шарасына «Қош келдіңіздер!»

Ұстаз-ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.Сондықтанда ол әрдайым қасиетті де киелі тұлға. Білім көшін жылжытып, саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздар қауымына күн сайын құрмет арта бермек. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, алдарыңызда бас иеміз.

1.Әйгерім: Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда. Білімді шәкірт болып, өмірден өз орнымызды табуға жол сілтер ұстаздар сіздердің еңбектеріңіз.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездіңкүн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, -

деп Ғафу Қайырбеков жырлағандай сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз, алдарыңызда бас иеміз.

2.Рамазан: Ерінбеген бір минут,

Үйретуден балаға.

Ғылымның түрлі сырларын

Сіңдірген терең санаға.

Жылма-жыл беріп зор білім,

Шығарған ғылым шыңына

Жол басшы болып апарған

Талай биік шыңдарға.

3.Медет: Сенімімді ақтар деп,

Қараған мендей ұлына.

Бағдар беріп шығарған,

Тұрмыстың айдын жолына,

Қуанышты көзіңнен,

Зор үмітті көреміз.

Сеніміңізді ақтаймыз,

Деп уәде береміз.

4.Әйгерім: Тұрмыста қайда болсақта,

Мәңгі есте жүресіз.

Біз істеген әр істен,

Үлесіңді көресіз.

Құтты болсын ұстазым,

Бүгінгі мейрам тойыңыз.

Іске ассын әрдайым

Арман менен ойыңыз.

5.Ержан: Қамқор болған жасыңнан,

Сыйпалаған басыңнан,

Қуанышты қайғыда,

Табылады қасыңнан,

Кім еді ол балалар

Оқушылар хормен: Әлбетте, ол ұстазым!

Мектепке алғаш келгенде,

Қолыңа берген әліппе.

Оқу-жазу үйретіп,

Жан енгізген әріпке.

Кім еді ол балалар? (ол алғашқы ұстазым)

Мұхаммед: Ұстаз біздің анамыз

Оянады санамыз.

Жігерлі бол! жастан-деп

Үйретер ұстаз данамыз

Айтқаныңды ұғамыз

Қияға қанат қағамыз

Мерекеңмен құттықтап

Жүректен жырлар жазамыз

1.Рамазан:Ұстазының әсерлі үні,сөйлеген сөзінен қамқорлықтың,аналық-әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай,адамның жан дүнесін түсініп,ренжітпей,қателігін сездіре білу-нағыз шеберлік емес пе? Ұстаздар сондықтан да мен сіздерді мейірімді жүрекке теңеймін.

Ұстазым мейірімді де мерейлі болсын!-деп тақтадағы ұстаз жүрегіне жүрекшені ілдіреді

2.Медет «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол,қиын да жауапкершілікті жұмыс екенін мойындаймыз.Ұстазыма сабырлылық,шыдамдылық тілеймін-деп жүрекшені тақтаға ұстаз жүрегіне жабыстырады.

3.Айгерім:

Өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкірттерінің жанына нұр құйып,өмірде өзінде,өзгеніде бақытқа жеткізем деп жүретін ұстаздардың жөніде,жолы да бөлек .Ұстазыма шырақ болып жанып,көшбасшы болып жүруін тілеймін.Жүрекшені апарып жабыстырады

4.Ержан:Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,адамгершілік,әдептілік,ар-ұят сана-сезімді сіңіруші адам-Мұғалім.Ұстаздарыма мәңгілік өшпейтін махаббат тілеймін? Жүрекшені апарып тақтаға ілдіреді.

5.Құдайберген:Бұл күн мен үшін ерекше күн,себебі білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлы ұстаздардың мерекесі.Мерекелеріңізбен ұстаздар,сіздерге шығармашылық сәттілік тілеймін! Жүрекшені ілдіреді. 6.Мұхаммед:

« Ұстаз деген ұлағатты-Ұлы есім

Мен сіздерге тек жақсылық тіледім!» жүрекшені тақтаға ілдіреді.

Өмір қымбатсың , маған!

Мұғалім оқушылармен шеңберде тұрып «Ұстазым әнін орындайды»

3. Көрініс.

Өмір қымбатсың , маған!


4. Би:орындайтын 11сынып оқушысы А.Аманова.

Өмір қымбатсың , маған!

5. Ұстаздар туралы мақал-мәтелдер

6. Мұғалім: «Ән-көңілдің ажары,таусылмасын ұстаздармен шәкірттердің базары»деп ендігі кезеңіміз «Келіңіздір,ән шырқайық!»Ойын-жаттығу

Ойын шарты.

Мұғалім алдын ала дайындап қойған әріптерді теріс қаратып, ұстаздардан таңдап алуын сұрайды.

Таңдаған әріптен басталатын әннің екі қатарын айтады,шәкірттері жалғастырады.

Кезек шәкірттерге беріледі мұғалімдер аяқтайды.7 Әндер топтамасы (папури) 11сынып оқушыларыӨмір қымбатсың , маған!

8. Пантомимика ыммен түсіндіру.Бір оқушы мұғалімнің іс-қимылын салады,оны оқушылар табу керек. Өмір қымбатсың , маған!

9. Пән мұғалімдеріне оқушылардың шығарған өлеңдерін оқу.

10. Мұғалім: сынып жетекшісін ортаға шақырады «Сен оқушыңды қаншалықты танисың?»ойын

Оқушылар алдын ала жүрекшеге сөз жазып қояды,соны сынып жетекші қай оқушының жазғанын ажыратып.танып беруі керек

11. Мұғалім оқушыларды ІІ-топқа бөліп тапсырма береді.

2топқа ұстаз бейнесін қағазға салу тапсырылады,салған суреттерді дәлелдеп топ басшысы түсіндіреді.

12. Қорытынды:

Мұғалім: Бұл өмір ұстаздармен мәнді де,сәнді екен,енді оқушылар өмірді ұстазсыз елестетіп көріңдерші.

Оқушылардың жауаптары:1.-Ұстаз болмаса жарық күніміз қараңғы, 2.-білімсіз,топас болар едік,

3-өмірде ешқандай жаңа идеялар болмас еді, 4.-Жолымызды таба алмай адасқан болар едік. 5.Зорлық-зомбылық,мейрімсіздік орын алар еді. 6-Мәңгүрттік орнап,қара түнек болатын еді

Мұғалім: Өте орынды айттыңдар,тамаша,керемет.Шынында да ұстаз болмаса,мектеп болмас еді,мектеп болмаса біз осында бақытты шаттықта білім алмаған болар едік.



Жүректен жүрекке:

Өмір қымбатсың , маған!

Мұғалім: Балалардан сонымен ұстаздарды неге теңейді екенбіз? -деп сұрайды. Оқушылар «Айға»

деп жауап береді.Қиылған айды қара матаның бетіне әкеліп іледі,ал біз шәкірттер айдан қуат алған жұлдыздармыз

деп әр жұлдызшаға өздерінің аттарын жазып,ұстаздарға тілектерін арнап,айдың айналысына жұлдызша-

ларды іледі.Мұғалім өзінің «Ұстаздарға тағзым» деген жырын оқиды.

Ұстаздарыма тағзым

Жарық берер жол көрсетер-Ұстазым

Қараңғыда адастырмай адал жолға бастадың.

Жарық сәулең нұрландырып санамды

Жұлдыз болып,жарқырауға талаптана бастадым

Сондықтанда теңеп өтем ұстаздарды айға мен

Сен болмасаң мен өмірде мақсатыма жетерме ем?

Сенің арқаң қанат байлап биіктерге самғауым

Сен үйреттің махаббаттың бастауын

Нәр беріп сен сусындаттың білім атты бұлақтан

Нәзік үнің кетпейді еш құлақтан

Ғалым болып,атақты боп мен есейіп кетсем де

Нұрлы бейнең жүрегімде мәңгі есте сақталған!

Ұстаз деген-Ұлағатты ұлы есім

Тек жақсылық ұстаздарға тіледім

Құттықтаймын мерекеңмен бүгінгі

Ұстазыма тағзым етіп, ,басымды мен иемін!

Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып, «Ұстазым-менің ұстазым» әнін орындайды.

СҚО Айыртау ауданының білім бөлімі

Имантау орта мектебі

Сыныптан тыс тәрбиелік ашық сағаты.

Тақырыбы:

Өткізген: Есболова Г.А.

2012-2013 оқу жылы












© 2010-2022