Мен болашаққа сенемін тренинг – кеңес

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мен болашаққа сенемін (тренинг - кеңес)

11 сынып оқушыларымен жұмыс
Мақсаты: Мектеп бітірушілерге көмек көрсету және ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Болашақ өмірге деген көзқарасына үлес қосу. Өзіне деген сенімділігін арттыру. Жас түлектерге кеңестер беру.
Көрнекілігі: суреттер, жұмыс парағы, слайд

Құрметті мектеп бітірушілер!

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі «Мен болашаққа сенемін» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер. Сабақты бастамас бұрын тренинг ережелерімен танысайық.

1.Бір- бірімізді тыңдаймыз және естиміз.

2.Әркімнің өз ойын айтуына мүмкіндік бар.

3.Барлық пікірлер мен ұсыныстар ескеріледі.

4.Жылышырайлық пен құрмет ахуалын қолдаймыз.

5.Талқылау таңдалған тақырыптан ауытқымайды.

-Осы ережелермен келісесіңдер ме?
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Біз тренингімізді мына аңыз-әңгімемен бастағым келіп тұр.

«Көбелек» аңыз әңгімесі

Бірде пілләде кішкене ғана саңылау пайда болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан бір адам сол саңылаудан көбелектің шығуға тырмысқанын қарап ұзақ бақылап тұрады. Көп уақыт өтті, көбелек тырбынуынқойды, ал саңылау сол баяғыдай кіп-кішкентай. Көбелек қолынан келгеннің бәрін қолданып көріп, басқасына шамасы жетпейтіндей көрінді.

Сол кезде адам көбелекке көмектеспекші болып, бәкісін алып, пілләні кесіп жібереді. Көбелек сол сәтте ұшып кетті. Бірақ оның денесі әлі әлсіз еді, қанаттары қатпаған және әрең қимылдайды. Көбелек қазір қанаттарын жайып ұшып кетер деп адам біраз бақылап тұрады. Бірақ ондай ештеңе болмайды.

Өмірінің соңғы сәттерінде көбелек әлсіз денесін, жайылмаған қанаттарын жерде сүйретіп өткізді. Ол сол күйі ұшып кете алмады.

Кейде бізге өмірге күш салу керек болады. Егерде біз қиындықтарға кездеспей өмір сүреміз тиіс болсақ, өміріміз толыққанды болмас еді. Қазіргідей мықты болмас едік. Ешқашанда ұша алмас едік.

Мен күш сұрадым.... Ал өмір маған мені күшті ету үніш қиындықтар сыйлады.

Мен даналық сұрадым..... Ал өмір маған шешуге тиісті мәселерелі берді.

Мен байлық сұрадым.... Ал өмір маған жұмыс істей алсын деп ми мен бұлшықеттер берді.

Мен ұшуға мүмкіндік сұрадым.. Ал өмір маған жеңіс деп кедергілер берді.

Мен махаббат сұрадым... Ал өмір маған мәселелерін шешін деп адамдарды берді.

Мен жақсылықтар сұражым... Ал өмір маған мүмкіндіктер берді.

Мен сұрағанымның ешқайсысын алмадым. Бірақ мен маған қажеттінің бәрін алдым. Үлкен рахмет, өмірде жетістікке жетулеріңді тілеймін! Әрине, біздің болашағымыз сіздерсіздер . Біз болашағымызға сенміз. Сол сенімді әрқашан ақтай біліңдер.

Болашаққа сеніммен жету үшін барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз сол мақсатымызға жету үшін «Мақсат Ағашы» ойыны арқылы барлығымыз өз мақсат ағаштарымызды салайық.

1.Оның түбі- мақсаттарың

2.Ал бұтақтары-осы мақсатқа жетудегі міндеттерің. Бастайық . Кім өзінің мақсат ағаш суретімен таныстырады?

Рахмет! Демек өз мақсатымызды және оған жетудегі мінедеттерімізді айқындап алдық.

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест) Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.

Мен болашаққа сенемін тренинг – кеңес

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

Демек, сендердің жеңіске жетіп, болашаққа деген сенімдеріңнің, өз мақсаттарыңның орындалатынына күмән келтіруге болмайды.

Кесте бойынша әр қатысушы өзін сипаттау

«Мен қазір»

«Мен -- айдан кейін»


«Мен 5 жылдан кейін»


«Әр қашан күн сөнбесін» жаттығуы

Бүгін -- маусым, мен таңертең сағат 5.30-да тұрамын.... Ары қарай оқушылар бір-бір сөйлемнен айтып жаттығуды, жақсы жетістікпен аяқтайды. (Кешкі сағат 17.00. алақай, мен 125 ұпай алдым! Барлығы аяқтарын көтеріп, тізелерін бүгіп, бірдей секіреді).

Қорытынды:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! - деп
біздің де түлектерімізге артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздар дегім келеді.





© 2010-2022