ҰБТ кезіндегі стресстен қалай арыламыз?

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?

Мақсаты: Стресс туралы түсінік беру; Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру; Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.

Барысы: Стресстің пайда болу себептері туралы әдебиетте көп жазылады. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрушілік және т.б.факторлар болады. Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Сонда не істеу қажет? Ең алдымен өмірдің стилі мен өз-өзіңді өзгерту қажет.

Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек: «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз». «Істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» шығыс даналығы осылай дейді.

Барлық істеген ісіңізді қуанышпен және ең жақсы белгілі әдіспен орындаңыз. Оқуға деген сүйіспеншілік сіздің физикалық және жан дүниелік күшіңізді молайтып, шаршағандықтан және «сағыныш» ауруынан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық денсаулығыңызға көңіл аударыңыз.

Стрестің физиологиялық белгілері:

  • ұйықтай алмау,

  • бас аурулары,

  • жүректің қатты соғуы,

  • арқада,

  • асқазанда,

  • жүректе қысым пайда болуы

  • қысылу.

Стрестің психологиялық белгілері:

  • алаңғасарлық,

  • жадының бұзылуы,

  • қобалжушылық,

  • ашуланшақтық,

  • уайымдаушылық,

  • себепсіз қорқыныш сезімдері.

  • Бұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуына, психикалық іс-әрекетінің төмендеуіне және дәрілік тәуелділікке әкеледі.

Ал қазір эмоцияналды күш салуды төмендету үшін келесі жаттығуларды орындаймыз:

Бас бармағыңды алақаныңа салып, саусақтарыңды жинап,

жұдырығыңды қыс, асықпай ақырын тынысыңды шығарып, жұдырығыңды одан да қатты қысып, содан соң қысымын төмендетіп, тыныс алыңдар. /5 рет қайталаңдар/. Бұл жаттығуды көздеріңді жұмып орындасаңдар тиімділігі екі есе өседі.

Екі грек жаңғағын алып, әр алақаныңда кезегімен айналдыр.

Кішкентай бөбек саусағыңның ұшын сипап, уқала.

Жаңғақты кішкене бөбек саусағыңа жақындатып, алақаныңа орналастыр, басқа қолдың алақанымен 3 минут бойы жаңғақты айналдыр.

Стресті жеңу үшін не істеу қажет

Біріншіден: стресс кезінде ағзада дәрумендер қоры бітеді, әсіресе, В дәрумені жетіспейді. Дәрігерлердің көбі дәрумендерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып, дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер:

баяу музыканы тыңдап,

түнгі аспанға қарап армандаңдар,

бұлттарға қарандар,

армандандар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарына, өздеріңнің әже-аталарына, аға-апайларына және басқа жақын туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.

Жағымсыз эмоциялардан қалай босаңсуға болады?

Сені түсінетін және саған жаны ашитын достардың ортасында ойыңды айтып теріс эмоциялардан босаңсуға болады. Егер сен жалғыз болсаң, онда өзіңнің ашуыңды жастықты соғып немесе құрғақ болса да орамалыңызды бұрап сығу арқылы төмендетуге болады. Ашу энергиясының көп бөлігі негізінен иықтың бұлшық еттерінде, қолдың жоғарғы бөлімдерінде және саусақтарында жиналады. Әр түрлі спонтанды дыбыстарды шығар - күш салу тамағыңда «тығылып тұруы» мүмкін. Қандай да бір спорт түрімен айналысу толық жағымсыз эмоциялардан босаңсуға көмектеседі. Сондықтан да нағыз спортсмендерде дене және де жан-рухының денсаулығы зор болады.

Табиғат адамға жағымды әсер етеді. Ең қиын жағдайда да табиғаттың кереметтілігіне қызығу арқылы, судың ағынына қарағанда, ормандағы дыбыстар мен иістерді сезініп, естігенде адамның көңілінің жайлануы мен жұмысқа қабілеттілігін ең қиын жағдайларда да нормаға келтіруге болады.

Стресс кезінде: 3-4 қысқа тыныс шығарып, соншама рет тыныс алу керек. Терең тыныс алған кезде миға баратын импульстердің ағыны бөлінеді-стресс күйінде бұл өте маңызды.

Табиғат, күлкі мен жылау сияқты, біздің миға шамадан тыс психикалық күштің түсуінен қорғаныс ретінде тамаша тәсіл береді.

Күлкі жүйке жүйесінің өзгеше бір қорғанысы болып табылады. Күлкіні қысқа тыныс шығару сериясы ретінде қарастыруға болады. Бұл қысқа тыныс шығару қауіпті импульстердің ағынын бөлшектейді. Осы жаттығуда жылау мен күлудің дәрілік қасиеттері бірігеді.

Қорытынды: Балалармен шаттық шеңберге тұрып, тренинг - сабақта алған әсерлері жайлы әңгімелесу.



© 2010-2022