Тренинг Өзіңді өзің тани біл

Раздел Школьному психологу
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзіңді өзің тани біл»

(тренинг әзірлемесі)

Мақсаты: қарым-қатынастың белсенді стилін орнату, әрі қарай ашық сөйлеуге үйрету, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындау, өзін-өзі тану, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және оқушылар арасында жылы қарым-қатынас орнату.

Құралдар: карточкалар, қағаздан жасаған журекшелер, слайд, доп, баяу әуен.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу, сәлемдесу рәсімдерін жүргізу, тренинг тақырыбымен таныстыру.

Баяу музыка арқылы қатысушылар алақандар арқылы бір-біріне жылы импульстер жібереді.

ІІ. Негізгі бөлім.

1-тапсырма: «Қане, танысайық».

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есіміне, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.

Біз бір-бірімізден таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?

2-тапсырма: «Мен кіммін?»

Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді әрі қарай жалғастырады.

Мен……………………

Мен……………………

Мен……………………

3-тапсырма: «Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау: Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс -жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыныз қандай, соған тоқталайық.

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар, шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз.елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тауелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыныз жоқ емес.

Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеіуге дәрменсіздік танытасыз.

Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығынызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болсада, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сөзді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

4-тапсырма: «Жүректен жүрекке».

Нұсқау. Қағаздан қиылған жүрекшелерге жақсы тілектер жазып, бір-бірлеріңізге сыйлаңыздар.

Қорытынды.

Оқушылармен рефлексия жүргізіледі. Содан соң тренингке қатысқандары үшін рахмет айтылады.



© 2010-2022