Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Раздел Школьному психологу
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:













































ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫ

№262 мектеп - гимназиясы




Тажибаева Айнұр Ермекбайқызы

мектеп-гимназия психологы


Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс
















Тәуекел тобындағы оқушылармен

түзету-датыту жұмыстары


(эллективті курс бағдарламасы, сабақ жоспарлары)





Арал 2015





№262 мектеп - гимназиясының оқу әдістемелік кеңесінің 29 тамыз 2015 жылғы №1 қаулысымен бекітілген







Құрастырған: А. Тәжібаева

№262 мектеп - гимназиясының психологы


Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын айқындау, олармен жүргізілетін жұмыстар формалары толықтай қамтылған.

Оқушылармен кездескен қиыншылықтарды жеңе білуді үйретуге бағытталған тренингтер, дәріс сабақтары, ақыл-ой тапсырмалары нақты алынған.

Сараптамалық кеңестің 29 тамыз 2015 жылғы №1 кепілдемесі

Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезінетін, өмірдегі өзінің қажеттілігін түсінетін жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылған. Бала мүмкіндігін анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндігі бар.



















ТҮСІНІК ХАТ

Тақырыптың көкейтестілігі.

Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу - осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейтестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті.Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық мәселеге айналып отыр. Осы дауасыз дерттің алдын- алуда мектеппен отбасы арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда жинақталған «Тәуекел» тобындағы балалармен атқарылатын түзету дамыту тақырыбындағы жұмыстардың маңызы зор. Тәуекел дегеніміз - алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу. «Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын ескеру қажет. Баланың отбасы жағдайының толық еместігі, ата- ана тарапынан балаға психологиялық қолдаудың болмауы, мұғалім тарапынан оқушыға жасалынған қысым және елемеушілік әркеттердің өзі баланың бойындағы қиындықтарға әкеледі. Сондықтан «тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында оқушының даму да мән берген жөн. Негізгі көңіл аударатын басты объекті - бала өмірі мен әлеуметтік проблемалары. «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «Тәуекелдік жағдайға» жетеді. Ал, егер бұл тұста педагог-маман араласпаса кедергі көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «Тәуекел тобында» болады.







































































Бағдарлама мазмұны

р/с

Тақырыбы

Өтілу формасы

Көрнекі құралдар

1

Алғашқы сабақ

«Өзім туралы»

сауалнама

Бейнематериалдар

2

«Мен және менің отбасым»

Сауалнама, топтық, жеке жұмыстар

Бейнематериалдар әзірлеу. Жинақтар жасау, фотоальбомдар

3

«Мен - денсаулығы мықты, үлгірімді оқушымын»

Сауалнама арқылы оқушыларға қажетті жағдайлар, оның мүмкіндіктері толықтай анықталап, балалармен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі әзірленеді.

Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар.

4

«Жетістікке жету формуласы»

Баланың өмір сүріге талпындыру, қызықтыру, болашағына деген үлкен үмітпен қарауға бағытталған тапсырмалар легі. Формулалар, плакаттар.

Нәтижесінде келер күннің картасы әзірленеді.

5

«Менің кемшіліктерім мен қабілеттерім»

Кемшіліктер мен қабілеттер кестесі.

Бала мүмкіндіктерін тану, кемшіліктерін болдырмауға, қабілеттерін аша түсу жолдарын анықтау картасы әзірленеді.

6

Мінез. Мен қандаймын?

Тренинг

Мінез-құлықтар жұлдызшасы.

7

«Менің эмоциям» мінез-құлықтар жаттығуы.

Жаттығу. Тренинг

Жаттығуларға қажетті материалдар. Слайд-презентация

8

Танысу

Топтық және жеке жұмыстар. Автор орындығы әдісімен өзін таныстыруы.

Бейнематериал. Қолжазба күнделік.Таныстық туралы әңгіме үлгілері.

9

Біз. Қандаймыз?

Өздерін өзі бағалай білуі жаттығуы. Өзіңді және өзгені бағалай біл. Жақсыны көре білу де өнер.

Топтық таныстыру.

10

Дос болып жүрейікші

Жаттығу, тренинг. Әңгіме. Үзік сыр.

Достар туралы бейнебаяндар. Слайдтар. Достық әндері

11

Түсіністікке үйренеміз

Тілек жазу, ассосация, шеңбердегі әңгіме.

Презентациялар.

12

Релаксациялар

Дене қимылы жаттығулары, арт-терапиялық жаттығу

Орман, таңғы сәулелер туралы презентациялар

13

Ата - ана мен бала арасындағы қарама - қайшылықтар

Дөңгелек үстел. Топтағы әңгіме. Құпия хат. Пікірталас

Кинолардан үзінді.Жағымды ахуал туғызуға бағытталған.

14

Кикілжіңнің денсаулыққа әсері


Тренинг

Презентациялар

15

Мені ертең керемет келешек күтеді

Болашаққа эссе жазу. Болашақтың келбетін жасату. Постер қорғату.

Бейнематериалдар.БАҚ материалдары

16

Сенімнің соқпағы


Ойын түрінде

Плифчарттар, маркерлер, түрлі- түсті қағаздар.

17

Қорытындылау.

Жинақтау, мониторинг жасау, нәтижесі бойынша алдағы жұмыстар жоспарын дайындау.

Диаграммалар, сауалнамалар, жинақтар.





























«ТƏУЕКЕЛ ТОПТАРМЕН» ЖҰМЫС ЖАСАУ ƏДІСТЕРІ

«Тəуекел топтағы» балалармен жұмысты қарастырайық. Үнемі дағдарыстық ситуацияға жиі түсетін балалар «тəуекелге бейім топқа»

жатады. Ата-аналардың маскүнемдігі, ата-аналардың махаббатының болмауы, қорлықтың себебі болуы мүмкін. Мұндай балалар өз қиындықтарын жеңе алмай, қараусыз қалуы мүмкін.

Мұндай балаларға əлемге деген сенімсіздік, өзіндік бағалаудың төмен болуы, қобалжу тəн. Өмір ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын психологиялық проблемалар агрессияның мінез қалпы ретінде қалыптасуына алып келеді.

Агрессия көрсету арқылы мұндай балалар өз дегендеріне жетеді.

Агрессияның мінез бітіміне айналуы балада қарым-қатынасқа керек дағдылардың қалыптаспауымен байланысты.

Бұл ата-аналардың тəрбиесінің жетіспеуінен болады. Келесі

себеп - зақым əкелетін ситуацияларға реакциясы. Сондықтан

«тəуекелге бейім топтағы» балалармен түзету жұмысы кезінде

қарым-қатынас пен мінез-құлықтың əлеуметтік мақұлданған

стилін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.Мұндай балалардағы агрессияның себебі:

- эмоциялық зақым əкелетін жағдайдың болуы жəне одан

шығудың мүмкін болмауы;

- өзінің керек еместігін сезіну;

- ата-аналардың агрессияны қолдауы балалардың үнемі

осындай мінез-құлық көрсетуіне алып келеді;

- ата-аналардың балаларынан бас тартуы;

- болашақ алдындағы қорқыныш.

«Тəуекел топтағы» балалармен түзету жұмыстары ұзаққа

созылады. Психологтың жұмысы кеңес беруге бағытталады.

Психотерапиялық жұмыс агрессия табиғатына байланысты болады. Бір жағынан агрессияны елемей, оған көңіл аудармау керек болса, екінші жағынан, агрессиялық мінез-құлықты ойын контекстіне кіргізу керек, ал

үшіншіден, ойын арқылы агрессияның сыртқа шығып, мəселенің жағымды шешілуіне бағдарлану керек.Кіші мектеп жасындағы балалар үшін арттерапия, сюжеттік-рөлдік ойындар жақсы əсер етеді.

Агрессияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:

- өз эмоцияларын сезінуге үйрену жəне сезімдерін сөзбен

айта білуге, жеткізе білуге үйрену;

- қобалжу деңгейінің төмендеуі;

- өзіндік бағалауды жоғарылату; - баланы өз ашуын дұрыс жолмен сыртқа шығара білуге үйрету;

- өз ашуын басқара білуге үйрену;

- конструктивті қарым-қатынасқа үйрену;

- жүріс-тұрыстың деструктивті элементтерін азайту;

- мəселелік жағдайларда конструктивті мінез-құлық

дағдыларына үйрену;

- өз эмоцияларын қадағалауды дамыту. Топтық жəне жеке

жұмыс кезінде баланың өзінің жəне жағдайдың жағымды жаққа

өзгеруіне сенуіне мүмкіндік беретін жағдай жасау керек. Топтық

жұмыс ерекше, іш пыстырмайтын болуы керек. Балалардың

қызығушылығын ынталандыратын тапсырмалар болуы керек.

Агрессияны түзету кезінде балалар түрлі ситуацияларда адекват-

ты жүріс-тұрыстың моделін сезіну керек.

Балалар өз отбасындағы қарым-қатынас тəжірибелерін құр-

дастарымен арадағы қатынас кезінде де пайдаланады, «тəуекел-

ге бейім топқа жататын» балалардың басқа балаларды ренжітуіне жол бермеуге арналған жұмыс өте маңызды болып табылады.

Жұмыс кезінде балалардың өздерін рефлексиялауына үйрету керек, өз өмірлеріне өздерінің əсер ете алуына жағдай жасау керек. Пайда болған мəселелерді шешу керектігін сезінуге үйрету керек. Агрессияның пайда болуына əсер ететін жағдай - ол фрустрация, ата-ана махаббатына зəру болу, олардан үнемі жазалану арқылы бала осындай фрустрация күйін кешеді.

Егер ата-аналары үнемі жазалап отыратын болса, бұл агрессияның пайда болуының бірден бір шарты болып табылады. Сондықтан түзету жұмыстары ата-аналармен де жүргізілу керек, онда ата-аналар конструктивті тəрбиелеу жолдарына үйреніп, баланың жеке-дара ерекшеліктері туралы ақпарат алады.





















№1 сабақ

Әрбір адам - өз жеке өмірінің

авторы



Сабақтың тақырыбы: ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Мақсаты:

  • Оқушылардың өзі туралы ойларын анық жаза білуге үйрету

  • Өзі туралы жаза отырып, өзгеге деген құрметті арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өздері туралы ойларын толық, анық, нақты жеткізе біледі.

  • Өзін және өзгені құрметтей алады.

Көрнекілігі: бейнематериалдар, сауалнама парақтары.

Түрі: Сауалнама

Саған өтініш, мына төмендегі сауалнамаға жауап беруге тырыс

  1. Аты-жөні, тегің: ________________________________________________________________

  2. Туған жылы, айы, күнің:___________________________________________

  3. Мекен-жайың:___________________________________________________

  4. Үй телефон номерің:_______________________________________________

  5. Сенің қызығушылығың: _________________________________________________________

Спорт

Музыка

Саясат

Кітап

Компьютер

Теледидар

Сөзжұмбақтар

Басқа__________________________________ Мектептегі беделің:____________________________________________

  1. Қатысатын үйірме түрі:___________________________________________________________

  2. Сені қызықтыратын пән:__________________________________________________________

  3. Оқу барысында қиындық тудыратын пән:__________________________________________________________

  4. Сен оқитын газет:_________________________________________________

  5. Сүйікті теледидар бағдарламасы:__________________________________

  6. Өткен оқу жылын қалай аяқтадың:_______________________________________________________

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

  1. Сен жиі конфликтіге келіп қаласың:______________________________

Сыныптастарыңмен

Достарыңмен

Ата-анаңмен

Мұғаліммен

  1. Соңғы оқыған кітабыңның аты және авторы:________________________________________________________

  2. Бос уақытыңда немен айналысасың?__________________________________________________

  3. Сүйіп тыңдайтын әуенің:_________________________________________________________

  4. Сүйікті тағамың:_______________________________________________________

  5. Сүйікті ісің:___________________________________________________________

  6. Сүйікті ұстазың: ________________________________________________

  7. Ондағы сен бағалайтын қасиет:____________________________________


№2 сабақ

Отбасында адамның тұлғасы дамиды

және мінезі қалыптасады.

Сабақтың тақырыбы: МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Мақсаты:

  • Әр баланың өзі және отбасы туралы ойларын дамыту,

  • Отбасы мүшелеріне деген құрметін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Әр бала өзі туралы, отбасы туралы ойларын жаза алады.

  • Отбасы туралы жаза отырып, оларға деген құрметі артатын болады.

Көрнекілігі: Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар.

Түрі:

1. Әкеңнің аты-жөні, тегі: ______________________________________

2. Туған жылы, айы, күні:_______________________________________

3.Білімі:_____________________________________________________ 4. Жұмыс орны:_______________________________________________

5. Қызметі:___________________________________________________

6.Жұмыс орнының мекжайы:_____________________________________

7. Телефоны:__________________________________________________

8.Анаңның аты-жөні, тегі:_______________________________________ 9. Туған жылы, айы, күні:_______________________________________

10. Білімі:____________________________________________________

11. Жұмыс орны:______________________________________________

12. Қызметі:__________________________________________________ 13. Жұмыс орнының мекен-жайы:________________________________

14.Телефоны:____________________________________________________15. Бала саны:_________________ __________________________________ 16.Сен нешінші баласың?__________________________________________

17.Отбасы құрамы:_______________________________________________ Отбасыңдағы бағалайтын ең басты құндылық қандай?_____________ Отбасында кімге бағынасың?_______________

Менің отбасым (эссе)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс

№3 сабақ

Мұғалім білімге есікті ашып беруші,

сен оған өзің кіруің қажет

Сабақтың тақырыбы: МЕН - ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ, ҮЛГІРІМДІ ОҚУШЫМЫН

Мақсаты:

  • Денсаулықты күте білуге үйрету.

  • Сабаққа үлгірімді болуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Денсаулықты күту жолдарын біледі. Өзара пікір алмасады. Деректерден үйренеді.

  • Үлгірімді оқушы болуға талпынады.

Көрнекілігі: Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар

Түрі: Сауалнама арқылы оқушыларға қажетті жағдайлар, оның мүмкіндіктері толықтай анықталап, балалармен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі әзірленеді.



Мен - үлгерімді оқушымын


Оқу үлгерімі:____________________________

Мен ұнататын пән: __________________________

Оның себебі:________________________

Мен ұнатпайтын пән: _______________________ Оның себебі:_________________________

Сабақ оқуға күніне қанша уақыт бөлесің?_____________________

Білімді оқушы болу үшін не қажет?___________________________

Сенің қолыңнан білімді оқушы болу келе ме?_______________________________________

ҮТәуекел топ оқушыларымен жұмысйде үй кітапханасы бар ма?______________________________________ Кітапханаға қаншалықты жиі барасың?__________

ҮТәуекел топ оқушыларымен жұмысй тапсырмасын орындау кезінде кім көмектеседі?______________

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс



Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс





Өмірде тек 2 құндылық бар:

бірі таза ар,екіншісі денсаулық.


Мен - денсаулығы мықты адаммын

Бойы: __________________________

Салмағы:_____________________

Қан тобы:__________________

Осал жері:__________________________

Спорттық қандай үйірмелерге қатысасың?______________

Дені сау адам болу үшін не істеу қажет?________________


№4 сабақ

Жетістікті асыға күтсеңде,

өздігінен келмейді

Сабақтың тақырыбы: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ

Мақсаты:

  • Өзін -өзі жетістікке жету жолдарын меңгерту

  • Жетістікке жетіп, үлгірімді оқушы болуға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:

  • Өзін -өзі жетістікке жету жолдарын үйренеді

  • Үлгірімді оқушы болуға талпынады.

Көрнекілігі: Нәтижесінде келер күннің картасы әзірленеді.

Түрі: Сауалнама.

Баланың өмір сүруге талпындыру, қызықтыру, болашағына деген үлкен үмітпен қарауға бағытталған тапсырмалар легі. Формулалар, плакаттар

Өмір - саяхат. Осы оқу жылы сен үшін жетістік жылы болу үшін және де есте мәңгілік қалатындай етіп өткізуге тырыс. Өз өміріңе қызықты саяхатқа қарағандай қара. Жолың болсын!

Болашақ жетістікке сенетін адамның қолында

Жетістік ассоциограммасы

«Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысЖетістік» сөзін естігенде ойыңда қандай ассоциация туады? Оны бұлтқа жаз.







Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс





Жетістікке жету формуласы

Егер біреуге ұнаймын десең күліп жүр. Әрбір күлген адам сүйкімді. Сәлемің түзу болсын!

Ж- жеңіс

Е-

Т-

І-

С-

Т-

І-

К-



Жетістікке жету баспалдағы немесе өмірде кім болғым келеді?

Өзіңнің болашағыңды әртүрлі өмір сфераларында (білім, отбасы, жұмыс) қалай көретіндігі туралы «жетістікке жету баспалағын» құрастыр.

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс

30 жылдан соң




10 жылдан соң

5 жылдан соң

Сен үшін отбасы мен карьераның қайсысы ең маңыздысы:__________

Карьера үшін білім қанщалықты орын алады?_______________





№5 сабақ

Кемшілігі жоқ адамның

өмірде беделі аз болады.

Сабақтың тақырыбы:

МЕНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІМ МЕН ҚАБІЛЕТТЕРІМ

Мақсаты:

  • Кемшілікті жаза білуге дағдыланадыру

  • Қабілеттерін көрсете білуге үйрету

Күтілетін нәтиже:

  • Кемшіліктерін атап, жаза білетін болады.

  • Қабілеттерін көрсетіп, айта, жаза біледі.

Көрнекілігі: бала мүмкіндігін тану, кемшіліктерін болдырмауға, қабілеттерін аша түсу жолдарын анықтау картасы әзірленеді.

Түрі: кесте

Менің кемшіліктерім

Өзіміздің кемшілктерімізді беделге айналдыруға үйренейік.

Әрбір адамның кемшіліктері болады. Бедел кемшілік сияқты бірден көзге ұрып тұрмайды. Өзіңді сыйласын десең, бірінші өзіңді өзің сыйла!

Менің кемшіліктерім Менің беделім

1.

2.

3.

4.

5.

Мен туралы өзгелер не ойлайды?

Егерде сен туралы адамдар жақсы пікірде болсын десең, өзіңді өзің мақтама. Беделіңді өзгелер сенің көмегіңсіз байқасын.

Сыныптасыңнан оның көзқарасы бойынша сен туралы ойын жазып беруіңді өтін. Төмендегі кестеге өзіңнің өзіңді бағалауыңды және өзге адамның бағалауын жаз және оларды салыстыр.


Мен өзімдегі мынадай құндылықтарды бағалаймын

Мені бағалайды












Өзіңді - өзің бағала. Төмендегі шеңберлердің біріне «МЕН» деген сөзді жаз.

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс





Төмендегі геомериялық фигуралардың біріне «Мен» деген сөзді жаз, яғни өзің қай фигура болғың келеді?

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс







Қабілет - бұл талант емес,

оны әрі қарай дамыту қажет

Менің қабілеттерім

Мен неге қабілеттімін? Өзін - өзі бағалау

Нұсқау: Сенде әлсіз және күшті жақтар бар: бір адам спортқа жақын болса, бір адам музыкант.Төмендегі критерийлербойынша 1 ден 5ке дейінгі шкалалар арқылы өзіңді өзің бағала.


1

2

3

4

5

Сөздік қабілет






Өздігімнен шығармалар жазып, өз ойымды еркін білдіре аламын






Ақпарат алу үшін және де жақсы ләззат алу үшін көп оқимын






Шет тілдерді жақсы көремін






Шығармашылық қабілет






Менің сахнада артисттік қабілет бар






Менде суретке қабілетім бар






Менің музыкалық қабілетім бар






Оқуға қабілет






Мен жақсы оқимын






Қиын тапсырмаларды орындағанды ұнатамын






Компьютер, интернетпен еркін жұмыс жасай аламын






Қарым-қатынас қабілеті






Мен көпшілмін, менің достарым көп






Мен тыңдай және түсіне аламын






Мен өз қатарымның алдында лидермін






Қосымша дағдылар






Мен үтік, теледидар, розеткалар жөндеуге қабілетім бар






Мен машина жүргізе аламын






Мен бау-бақша өсіре аламын






Мен кафельдер жабыстырып, қабырға сылап, жөндеу жұмыстарын жүргізе аламын






Мен тігін тігуді, тоқыма тоқуды тамақ пісіруді, банка жабуды білемін






Спорттық қабілет






Спорттық ойындарды жақсы ойнаймын






Спорттық үйірмелерге қатысамын






Өзіңді-өзің сендіру қабілеті






Мен талапшылмын






Мен дегеніме жетемін






Мен ортақ пікірге қарсы тұра аламын






Мен өзгелер сияқты болмаудан қорықпаймын






Мен жауапты әрі өз бетіммен жұмыс жасай аламын






Өзіңнің ең жақсы қабілетіңді жаз: ________________________________















№6 сабақ

Біз байлық жоғалтсақ, бір нәрседен айрыламыз,

Біз денсаулықты жоғалтсақ, көп нәрседен айрыламыз,

Біз мінезімізді жоғалтсақ барлығынан айрыламыз.

Сабақтың тақырыбы: МІНЕЗ. МЕН ҚАНДАЙМЫН?

Мақсаты:

  • Жасөспірімдердің мінез-құлқының қоршаған ортаға бейімделуін анықтау

  • Өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Жасөспірімдердің мінез-құлқы қоршаған ортаға қарай бейімделе алады.

  • Өздерін-өзі, мінез-құлықтарын ерте жастан тәрбиелей алатын болады. .

Көрнекілігі: бала мүмкіндігін тану, кемшіліктерін болдырмауға, қабілеттерін аша түсу жолдарын анықтау картасы әзірленеді.

Түрі: кесте


Мінез

Менің мінезім:_________________________

Өзімдегі бағалайтын 3 жақсы мінез________________________

Өзімдегі ұнамайтын 3 жаман мінез______________________________

Ең жақын досыңдағы бағалайтын мінез-құлық:_________________

Досыңдағы ұнатпайтын мінез-құлық:_________________________

Сыныбыңдағы мінезің: _________________________________

Достарыңның арасында мінезің:_________________________

Отбасыңдағы мінезің:________________________

Мен қандаймын?

Қоршаған адамдарға өзіңнің сыртыңнан бақылай отырып, «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап беріп көр. Жауап кезінде 3 мінездемені қолдан:

  1. Мен қалай көрінемін? (айнаға қарап, өзің туралы ойыңды сыртқа айт)

  2. Мен өзіме ұнаймын ба?

  3. МТәуекел топ оқушыларымен жұмысен өзімнен не өзгерткім келеді?

ӨТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмысзіңмен ашық бол. Сенің жауап нәтижең өзіңе қажет.



Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс







МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ТРЕНИНГТЕР

Балалар мен жасөспірімдер мінез-құлқын қоршаған ортаға

бейімдеу үшін мінез-құлыққа арналған тренингтер жүргізіледі.

«Жанжалдар тренингі» (тренинг тұжырымдамасын Томас

Гордон өңдеген). Ата-аналар жəне педагогтар балалардың

жағымды əлеуметтік мінез-құлқын байқамайды, ал агрессивті

мінез-құлқын жазалайды.

Тренинг ата-аналармен жұмыс жасауға бағдарланған жəне

оның мақсаты -ата-аналарды балаларымен «бір тілде» сөйлеуге

үйрету, жанжалды шешудің конструктивті формасын көрсету.

Тренингтің алты қадамы:

1. Жанжалдың себептері қойылады да оларға атау беріледі;

2. Мүмкін болатын баламалы шешімдер өңделінеді;

3. Баламалы шешімдер сыни бағаланады;

4. Қолайлы нұсқа қолданылады;

5. Шешімді орындау жолдары жасалынады;

6. Шешімді тексеру жүзеге асырылады.

№7 сабақ

Өкпе, реніш, оларды білдіру жолдары»

тақырыбында жүргізілетін психологиялық жаттығу

Сабақтың тақырыбы:

МЕНІҢ ЭМОЦИЯМ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты:

  • Жасөспірімдердің коммуникативті мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым-қатынас жасау тәсілін үйрету.

  • Жанжал жағдайларда конструктивті әрекет жасай білуді қалыптастыру. .

Күтілетін нәтиже:

  • Жасөспірімдердің коммуникативті мәдениеті дамиды, қарым-қатынас жасау тәсілін үйренеді.

Жанжал жағдайларда конструктивті мәдениеті дамиды, қарым-қатынас жасай біледі.

Көрнекілігі: Жаттығуларға қажетті материалдар.

Түрі: слайд-презентация

1. «Менің эмоциям» жаттығуы

Мақсаты: артистік қабілетті белсенді ету, өзін еркін сезінуге жету, эмоциясын ситуацияларға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Материал: Адам тәнінің мүшелері және эмоциясы белгіленген түрлі эмоция топтамалары. Топтамаларда түрлі эмоциялар берілген, олар: «Қайғы бет», «Қуаныш ерін», «Ренжу оң қол», «Көкіректік арқа», «Қорқыныш аяқтар», «Таңқалу Қастар».

Нұсқау: Мен қазір сіздерге адам тәні мен эоциялық жағдайы белгіленген топтамалар таратамын. Сіздер оны мұқият қарап, эмоцияны бейнелеңіздер.Мсыалы «Қайғы қолдар» топтамасы нені білдіреді соны қолдың көмегімен көрсету қажет. Топтың міндеті - сол эмоцияны анықтап табу.

Талдау:

Эмоцияның сіздер үшін қандай маңызы бар?

Адам өмірінде ол қандай роль атқарады?

Ол қандай өмірлік ситуацияларда туындауы мүмкін?

2. «Өз эмоциянды қалай басқару керек» мини-лекция

Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болады?

Сізді түсінетін достарыңыздың арасында жағымсыз эмоцияңыздан арылу. Егер сіз бір жағымсыз эмоцияңыздан арылғыңыз келсе, онда жастықты ұрыңыз, бет орамалды құрғақ болса да сығыңыз. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғарғы бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кез келген дыбыс шығарыңыз, ашу күші мойныңызға тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан саулығына ие.Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысынап және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу арқылы эмоцияны реттеу. 3-4 қысқа тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет.

Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің, емдік қасиеттері бірігеді. Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.

1. Бас бармақты ішіне қаратып, жұдырықтаңыз. Тынысыңызды жаймен ішке жинап, жұдырығыңызды қысыңыз. Сосын жұдырығыңызды біртіндеп босатып, тынысыңызды шығарыңыз. 5 рет қайталаңыз. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.

2. Екі грек жаңғағын алақанда айналдырыңыз. Екі алақанға кезекпен жасаңыз.

3. Кішкентай бөбек саусағыңыздың басына массаж жасаңыз.

4. Жаңғақты кішкентай бөбек саусағыңызға жақын орналастырып, екінші алақанмен 3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.

3. «Бұзық телефон» жаттығуы

Мақсаты: Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Сіздер аспан және жер принципі бойынша екі топқа бөлінесіздер. Ең соңында тұрған адам алдағы тұрған адамның иығынан түртіп қаратып алып, би қимылын көрсетеді. Қайырылып қараған адам би қимылын есіне сақтап, келесі адамға адамды қаратып, осылайша жаттығу жалғасады. Сосын топ аяқталғанда, бидің алғашқы нұсқасы мен соңғысы салыстырылады. Сөйтіп, алғаш би қимылын көрсеткен адам топтың бас жағына барады.

Талдау: Көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. Қимылды ойлап тауып, оны қайталау қиын болды ма? Ойынның мағынасы не?

4. Кіші топтағы пікір-сайыс

Мақсаты: теориялық материалды бекіту.

Уақыты: 25 минут.

Нұсқау: кіші топқа төмендегідей бөлесіздер

Сіздердің құлақтарыңызға бір-бір эмоция жазылған сөздер айтылады. Міндеттеріңіз: дәл сондай сөз айтылған адамды дауыс шығармай, вербальды емес тәсілмен табу. Әрбір құрылған топ өз сөздерін ым-ишарамен көрсетеді. Сөздер: таңқалу, қорқыныш, қөұмарлану, қуаныш.

Ал енді 4 кіші топтар құрып, таймер, хатшы, спикер, төрайым немесе төраға таңдайсыз. Қазір емн сіздерге сұрақтарды талқылауға беремін. Пікір-сайыс кезінде ми шабуылын пайдаланып, топ қағидасын сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут беріледі.

1- Топқа тапсырма: Қорқынышты қалай жеңуге болады?

2- Топқа тапсырма: Жолы болмаушылықты қабылдаудың жағымды және жағымсыз тәсілдері.

3- Топқа тапсырма: «мынадай сәтте жолым болады...» және «мынадай сәтте жолым болмайды...» деген сөйлемдерді аяқтаңыз.

4- Топтың тапсырмасы: Өз эмоцияңызды қалай жеңуге болады?

Ал енді спикерлерге өндейтін топтың идеяларын айтуын сұранамыз.

5. «Менің өзіндік бағамның декларациясы» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік бағаны арттыру, өз күшін тексеруге мүмкіндік алу.

Уақыты: 15 минут:

Нұсқау: Мен қазір сіздерге «Менің өзіндік бағамның декларациясын» оқып беремін. Бұл өз-өзіме арналған ұран. Мен сіздерді менімен бірге дауыстап оқуды сұранамын.

«Мен - бұл мен мен. Бүкіл әлемде мен сияқты, маған ұқсас адам жоқ. Маған кейбір жері ұқсас адамдар бар, бірақ олар дәл мендей емес. Сондықтан да менен шыққанның барлығы менің ғана төлтумам, өйткені оны мен таңдадым. Өзімдегі барлық нәрсе, маған тиесілі; менің тәнім, оның барлық әрекеті; менің санам, ондағы ойлар мен жоспарлар; менің көзім, оның көрген барлық образдары; менің сезімім, қобалжу, құмарлану, қатаю, махаббат, тітіркену, қуаныш сияқты қандай сезім болмасын; менің ауызым және ол айтатын барлық сыпайы, мейрімді,дөрекі, дұрыс, дұрыс емес сөздер; менің қатты және жай дауысым; менің басқа адамдарға және өзіме бағытталған қимылым, тек маған ғана тән.

Барлық қиялдарым, армандарым, үміттерім және қорқыныштарым маған ғана тән. Барлық жеңістерім мен жетістіктерім, қателерім маған ғана тән. Мұның барлығы маған ғана тән. Сондықтан да мен өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өзімді жақсы көре аламын, достаса аламын және мен барлық ерекшелік менің қызығушылығыма қарай әрекет етуіне ықпал жасаймын.

Мені кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін кей нәрсе бар екенін білемін. Мен өзімді жақсы көріп, өзіме дос болғандықтан, өзімдегі кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін нәрселердің қайнар көзін шыдамдылықпен біртіндеп ашуға мүмкіндігім бар. Дәл осы сәттегі менің көргенім, сезінгенім, түйсінгенім, сөйлегенім, жасағаным, ойым менікі және бұл маған осы сәтте менің кім және қайда екенімді білуге нақты мүмкіндік береді. Мен өткеніме қарағанда, менің не көріп, не түйсінгенімді не айтып, не істегенімді, не ойлап, не сезінгенімді ойланамын, менің бұған көңілім толмайтынын көремін. Мен өзіме сәйкес келемейтіннен бас тартып, қажет дегенді сақтап, өзіме жаңа нәрсені аша аламын.

Мен көріп, естіп, сезіп, ойлап, сөйлеп, әрекет ете аламын.

Мен өзіме ғана тәнмін, сондықтан да мен өзімді құра аламын. Мен - бұл мен және Мен - бұл тамаша!»

Талдау: Өзіңізді қалай сезінудесіз? Топ қатысушыларымен өз көңіл-күйіңізбен, ішкі жан дүниеңізбен бөлісіңіз. Бұл жаттығу не білдіреді?

6. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы.

Мақсаты: босаңсу мүмкіндігін алу, мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту.

Уақыты: 5 минут.

Нұсқау: Міне, қоштасатын да сәт жетті! Дегенмен де тренинг барысында жарық берген біздің жұлдыздары қалды. Бұл жұлдыздар бізбен бір ай бірге болды. Қараңыздаршы, олар қалай жанып тұр. Егер жұлдызды жандырса, яғни оның біреуге қажет болғаны! Олар біздің энергиямызбен, мейрімізбен, ертеңгі күнге деген үмітімізбен, жетістіктерімізбен толы. Енді әркім өзінің білім, даналық, жетістік, бақыт, махаббат жолында оны бағыттап, жарық беретін жұлдызын алсын. Егер өте қиын болса, біздің тренингті, біздің жұлдыздарды еске алыңыз, олар сіздерге дұрыс жол сілтеп, сіздің проблемаңызды шешуге көмектеседі.

№8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ТАНЫСУ

Мақсаты:

  • «Келісім шартты» қорытындылау, топтан не күтетініңді диагностикалау, вербальды жəне вербальды емес

танысу.

Жетекші балаларға сабақтың мақсаты, оның ерек-

шеліктері жайлы айтады жəне сабақта белгілі бір мінез-құлық

ережесін қабылдауды ұсынады, ерекше түрде бұл ережелерді жетекшіге де қатысы бар екенін атап көрсетеді. Əр ереже балалармен талқыланады.

Күтілетін нәтиже:

  • Топта жұмыс жасай алады,

  • Ерекшеліктер туралы әңгімелей, талқылай алады.

  • Көрнекілігі: бейнематериал, Қолжазба күнделік. Таныстық туралы әңгіме үлгілері.

Түрі: Топтық, жеке жұмыстар. Автор орындығы әдісін пайдалану.

«Келісім шартты»:

1. Өзінің позициясын нақты анықтауда қатысудың өз

еркімен болуы: тапсырманы айтқың немесе орындағың келмесе

- оны орындама, бірақ шартты тыйым салатын белгінің

көмегімен айтуыңа болады.

2. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болмайды. Сенің

айтып отырған пікірің дұрыс жауап болып табылады.

3. Ақпараттарды топтың ішінен шығармау. Сабақтан кейін

талқыламау.

4. Өтірік айтпау (жай ғана үндемей қалуға болады).

5. Егер де өзі сұрамаса басқа адамның айтқан ойын

бағалауға болмайды. «Келісім шарттың» барлық тармақтары

талқыланып болған соң, жетекші бұл ережелерді сақтауға

«салтанатты түрде уəде беруге» міндетті жəне мұны

жасөспірімдерден де, талап етеді. Сосын осы ережелер жазылған

плакатты тақтаға іледі де əрқайсысы астына қолын қояды. Осы

плакат барлық сабақтарда қатысушылардың көз алдында болуы

қажет. Осыдан кейін сабақтың басталу салты орындалады -

жалпы белгі немесе «келісім шарттың» қортындысын еске

салатын леп белгісі.

1-жаттығу. «Визитка»

Жүргізуші.

Əр адам өзін визиткадағы мəліметтер арқылы өзін басқа

адам ретінде ұсына алады.

Əр адамның өмірінде басшылыққа алатын бір ұраны неме-

се ережесі бар.

5-7 минут аралығында ойланып осы сөзді өз визиткаңызға

жазыңыз.

Əркім өзінің жазуын оқиды. Барлық жағдайларда да жетек-

ші эмоционалды қолдау көрсетеді. Сосын қысқа талдау

жүргізіледі:

- жазбада негізінен не жайында айтылады;

- өзіміз жайлы басқа адамдарға не айтқымыз келеді?

Соңында жетекші өзінің визиткасындағы жазбаны көрсе-

теді. 2-жаттығу. «Мені шақыр...»

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жетекші балаларға

топта өздерін қалай атағанын қалайтындары бойынша қандай да

бір ат, лақап ат таңдап алуды ұсынады. Əрбір қатысушы ортаға

шығып қолмен қимыл жасай отырып аттарын айтады. Балалар

алға бір қадам шығып, ишара белгісін қосып аттарды қайталап

айтады. Барлық топ өздерінің жаңа аттарын айтып шыққаннан

кейін ортаға жетекші шығып өзін таныстырады.

3-жаттығу. «Сенімді - арсыз - ұялшақ»

Жүргізуші ойыншыларға кезекпен шығып үш карточканың

біреуін алуды ұсынады. Карточкада былай деп жазылған:

біреуінде - «сенімді», ал екіншісінде - «арсыз», үшіншісінде -

«ұялшақ». Қатысушының қандай карточканы алғанын топ

білмейді. Қатысушының міндеті - көрсетілген адамның мінез-

құлқын бейнелеу. Ойыншының қандай мінез-құлықты көрсетіп

жатқанын топ табуы қажет.

Талқылау: қандай мінез-құлық оңай табылды? Не үшін?

Өзіне сенімді мінез-құлықтан арсыздықты ажырату оңай ма?

Айырмашылығы неде?

Тақырыбы: «Сенімнің соқпағы»

Мақсаты: топ ішілік өзара сенімді қарым-қатынасты

орнату.

Тыйым салатын белгілерді қабылдау. Жүргізуші сенімнің кез келген

компанияның өмірінде, топта, ұжымда маңызды фактор екенін

айтады. Бүгінгі сабақта «Сенімнің соқпағы» деп аталатын

ойынды ойнауды ұсынады.

Ойын ережесі:

Барлық əрекеттер уақытпен орындалады.

Ойынға қатысушылар бір-бірімен емес «Идеалды уақыт-

пен» санасады, ал ол уақыт əр жаттығу үшін əр бөлек. Барлық

тапсырмалар топтық, түгелдей барлық ойыншымен орындалады.

Кезеңдер арасында барлығы ойын жүріп жатқан кабинеттен

бірге шығады. Кабинеттен кіріп-шыққанда олар қол ұстасып

шығуы керек. Егер де тізбек үзілсе, бұл үшін айып ретінде қосымша уақыт беріледі. Жол парағында кезеңдер атауымен,

уақыты жазылып отырады, ол жерде «идеалды уақыт» жəне

кезең атауы көрсетілген. Ойыншылар қол ұстасып кабинеттен

бірге шығады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша олар қайтадан

кіреді.

1-кезең. «Сауық кеші»

Жүргізуші. Алыс жолға шығар алдын кішкене уақыт

отыра тұру салты бар. Міне қазір сіздер де отыруларыңыз

керек, бірақ бұл жерде сіздер əрқайсыңыз біреудің тізесіне

отыруларыңыз керек жəне сіздің тізеңізде біреу отыру қажет.

Басқа еш нəрсе түсіндірмей жетекші «Басталды!» деген

бұйрық беріп секундомерді қосады.

Ойыншылар шеңбер болып бір-бірлерінің алдына отыруды

түсініп, солай отырған кезде ғана секундомер тоқтайды.

2-кезең. «Нөмірлер»

Жетекші ойыншыларға арқаларына жапсыруға болатын

(қатысушылар саны бойынша), қағаздан дайындалған нөмірлер

көрсетеді. Барлығына шеңбер болып тұру ұсынылады.

Жүргізуші: «Қазір мен əрқайсыңызға нөмір жапсырамын

бірақ олар рет-ретімен емес. Сіздің міндетіңіз: бірінші нөмір-

ден ең соңғысына дейін қатарласып тұра қалу жəне ойынның

маңызды шартын сақтау керек - ешнəрсені дауыстап айтуға

болмайды. Өз нөміріңізді шешіп алып қарауға болмайды,

саусақтармен көрсетуге жəне басқа əдістермен де көрсетуге

болмайды. Бұл ережелерді бұзғанға - 10 секунд айып салынады,

жаман сөздер айтқанға - 20 секунд. Басталды!»

3-кезең. «Бұзылған телефон»

Жетекші бұл кезеңнің де алдындағылардай сөйлемей

өтетіндігін түсіндіруі қажет. Барлығына бір сызықтың бойымен

тұру ұсынылады.

Жүргізуші. «Қазір барлықтарыңыз бір-бірлеріңіздің арт-

тарыңыздан тұруларыңыз қажет. Ең соңғы ойыншыға

спорттың бір түрі жазылған карточка көрсетемін. Мысалы,

«футбол». Ойыншы карточкадағы сөзді оқып басын изегеннен

кейін мен секундомерді қосамын. Осыдан кейін ойыншы алдында

тұрған ойыншының иығынан ұстау керек, сол кезде ғана алдында тұрған ойыншы артына қарауы қажет. Ойыншы

карточкадағы сөзді алдыңғы ойыншыға қимылмен түсіндіреді.

Ол ойыншы осылайша алдында тұрған ойыншыға осы сөзды

қимылмен түсіндіреді, басқа қимылдарды қолданса болады.

Қатардың ең алдында тұрған ойыншыға кезек жеткен кезде ол

көрсетілген қимылды дауыстап айтады. Ойын барысында

дауыстап ешнəрсе айтуға болмайды. Əр айтылған сөзге -

10 секунд айып салынады, жаман сөз айтылса - 20 секунд айып

салынады. Иықтан түртпей тұрып қарауға болмайды, ондай

жағдайда да айып салынады. Егер де ең алдында тұрған

ойыншы карточкада жазылмаған, спорттың басқа түрін

айтса онда артындағы ойыншылардың қайсысынан қателік

кеткенін біртіндеп анықтаймыз. Қателескен əр ойыншыға

10 секунд айып салынады».

Жүргізуші топтың сұрақтарына жауап береді, ойыншылар

бір-бірлерінің арттарынан қатарласып тұрады, жаттығу

басталады. Карточкада мынандай сөздер болуы мүмкін:

«баскетбол», «жүзу», «волейбол».

4-кезең. «Лабиринт»

Топ кабинеттен шығады, жетекші 5 орындықты бір

сызықтың бойымен шахмат тақтасы секілді орналастырады. Топ

кіреді. Жетекші капитан тобын таңдауды ұсынады.

Жүргізуші. «Қазір мен капитанның көзін байлаймын. Ол

ирек сызық жасап орындықтардың арасынан өтуі қажет

(қалай жасалатынын көрсетеді). Кез келген орындыққа немесе

басқа ойыншыға тиіп кетсе онда 10 секунд айып салынады. Топ

қалай жүру керек екенін айтып капитанына көмектесуі керек».

Жүргізуші ойыншыларға бөлменің ішін есептеп алуға жəне

капитанға кезекпен айтып отырғанның дұрыс екенін айтпайды.

Капитанның көзін байлап, жетекші «Басталды!» деген бұйрық

береді.

5-кезең. «Қысқа жіп» Топ ойынға шыққанда, жүргізуші орындықты үстел үстіне

қойып, оған жіп байлайды, жіп орта бойлы ойыншының кеуде

тұсының биіктігіндей болуы керек. Жіптің екінші шетін

жүргізуші өз қолында ұстайды. Бөлме жіппен бөлінген болып

шығады. Жүргізуші. «Қазір менің бұйрығыммен сіздер барлық-

тарыңыз жіптің басқа жағына шығуларыңыз керек.

Жіптен тек аттап өтуге болады. Ешқандай заттарды -

орындықтар, үстелдер т.б. қолдануға болмайды. Егерде, бір

ойыншы жіпке тиіп кетсе, онда алдын өтіп қойған ойыншылар

ойынды қайтадан бастайды. Егер де біреу құлап қалса барлық

топ ойыннан шығып, 300 айып секундын алады. Басталды!»

Жүргізуші ойыншыларға олардың бір-біріне көмектесуі

керек екенін ескертпейді. Ойыншылар бір-бірін демеп ойнаса,

жүргізуші олардың жіберген ұсақ қателіктерін байқамағандай

болып, кейбір жағдайларда тіптен жіпті сəл түсіруі мүмкін.

6-кезең. «Қорап»

Жүргізуші топқа бір сызыққа тұруын өтінеді жəне сіріңке

қорабының сыртын көрсетеді.

Жүргізуші: «Қазір сіздерге қорапша бірінші ойыншыдан

бастап соңына дейін беріледі. Шарты: қорапшаны біз қолмен

емес мұрынмен мұрынға береміз. Бірінші ойыншыға мен өзім

мұрнына қолыммен қорапшаны кигіземін. Егер де қорапшаны

беріп жатқанда құлатып алса, онда сол қорапшаны берген

адам қолымен қорапшаны қайтадан мұрнына кигізіп ойынды əрі

қарай жалғастырады. Басталды!»

7-кезең. «Хайуанаттар бағы»

Жүргізуші: «Қазір мен сіздерге əр түрлі жануарлар

жазылған карточкалар таратамын. Сіздер бір мезгілде екі

нəрсені жасауларыңыз керек:

біріншіден, осы жануардың шығаратын дыбысын жасай-

сыз, екіншіден, тағы кімдердің осындай дыбыс шығарып жат-

қанын естіп соларға барып қосыласыз да, «үйір» жасайсыздар.

Мысалы, егер де сізде «қой» деп жазылса, онда сіз «бе-е-е» деп

айғайлайсыз. Барлықтарыңыз тұрып болғаннан кейін мен

секундомерді тоқтатып карточкаларыңызда не жазылғанын

тексеремін. Егер де кімде кім өз үйірінде болмаса немесе

қателессе топқа 10 айып секунд беріледі»

Жетекші барлығын дөңгелектене тұрғызып карточкалар

таратып береді. Ойынның басталуы «басталды!» бұйрығынан

соң басталады. 7 адамнан тұратын топқа карточкалар: «ит» -

2 дана, «мысық» - 3 дана, «қаз» - 2 дана. 8-кезең. «Соқпақ жəне жар».

Жүргізуші екі орындықты қосады (7 адамнан тұратын топ)

жəне оларды жіппен байлайды (тұрақты болуы үшін). Тағы да 4

орындықты байланған орындықтан 30 сантиметрдей алшақтықта

қарама-қарсы қояды, «соқпақ» жəне «арал» болуы үшін.

Жүргізуші. «Қазір менің бұйрығыммен сіздер мына

соқпақпен жүгіріп өтулеріңіз керек (орындықтарды көрсетеді)

жəне мына аралға барып тұрасыздар (байланып тұрған орын-

дықтарды көрсетеді). Аралда барлықтарыңыздың тұруларыңыз

қажет. Барлықтарыңыз аралда тұрған кезде бірігіп бір ұран

шығарасыздар. Барлықтарыңыздың аралға жиналып айғай-

лағандарыңызды естігеннен кейін мен секундомерді өшіремін.

Егер де біреуіңіз соқпақтан құлап қалсаңыздар, барлық топ

ойыннан шығады жəне айып ұпайы салынады. Басталды!»

Ойынды талдау. «Идеалды уақытпен» салыстыру. Қай

кезеңдер көп есте қалды, не үшін? Не оңай болды, не қиын

болды? Достарыңыз жайлы жаңадан не білдіңіздер?


№10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ДОС БОЛЫП ЖҮРЕЙІКШІ


Мақсаты:

  • Ұйымшылдыққа, достыққа үйрету,

  • жақсы достықтың беріктігін үйрету

нәтиже:

  • достықты бағалай білетін болады.

  • Өзара ұйымшылдыққа үйренеді.

Көрнекілігі: достар туралы бейнебаяндар. Слайдтар. Достық әндері

Түрі: жаттығу, тренинг, әңгіме. Үзік сыр.

«Басқалардың өзіңе қалай қатынас жасағанын қалайсың,

оларға да солай қатынас жаса» тақырыбында жетекшіге сөз

беріледі.

1-жаттығу. «Сөйлейтін алақандар»

Жүргізуші. «Қазір жұпқа бөлініп, қолдарыңыздан ұстап,

көздеріңізді жұмыңыздар. Қолдарыңыздың сөйлеп тұрғанын

елестетіңіз. Тек қолдарыңыздың көмегімен сізге мынаны жасау

керек: бір-бірлеріңізбен танысу, пікір таластыру, ұрысу, айты-

су, достасу, бір-бірлеріңізден кешірім сұрау».

Талқылау: Осы жағдайларда сіз қандай сезімде болдыңыз,

олардың қайсысы жағымды, қайсысы жағымсыз, не үшін?

Үй тапсырмасын талқылау: қандай жағдайлар сізде жағым-

сыз бағалауды тудырды, не үшін? Қайсысы жағымды, не үшін?

Жаттығу «Мәке Жәке Қоқиев» 10 мин.

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы - ол жаман қасиет».

  1. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.

  2. Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».

  3. Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.

  4. Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.

Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

Жаттығу «Бұдан да жылдамырақ бола ма?» 15 мин.

Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.

  1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұраңыз). Топта барлығы жақсы араласқан соң. «Тоқта» дейсіз.

  2. Бәрі жабулы көздерімен тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа айтыңыз: «Сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деңіз.

  3. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз; есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл - оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.

  4. Ойынның әр раундынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раундқа, ойыншыларға, қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.

Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Жаттығу «Танысу»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.

Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатынын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.

Осындай қойылым қатысушылардан өз қасиеттеріне, жеке ерекшеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икемділігін, тапқырлығын талап етеді.

Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

Жаттығу «Біз»

Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: «Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан ынтымақты қауым құрайық. Мұны бірнеше кезеңмен ақырындап жасаймыз. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз /қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші бір шеңбер жасауға болады/. Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топқа ынтымақтастық ықпалын тигізеді - бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады /бірліктің болуына әкеледі/, ортада тұрған әлде біреуге шабуыл жасау жақсы, дәл осы жағдайда маған… Енді шеңбердегі орындарыңызды ауыстырыңыздар, бәрі - ұл - қыз «арқылы» тұратын болсын.

Келесі адым - өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірлеріңізге өте жақын тұрыңыздар және бір-бірлеріңізді қолпаштаңыздар. Қолдарыңыздан, иықтарыңыздан, белдеріңізден ұстаңыздар - кімге қалай ыңғайлы.

Әрі қарай - қауымдастығымызды сезініп көрейік. Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңбермен тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты - сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? /топ өлең таңдайды/. Сонымен, бастайық…

Соңында, қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік».

Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.

Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды /бірлікті/ аз да болса біз сездік пе? Біз шеңберге тұрғанға дейін және осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөлді. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.

Жаттығу «Алфавит» 20 мин.

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.

Олар «Команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.

  1. Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адым - әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).

  2. Жүргізуші: «Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды».

  3. Бәрі есімдерін айтып болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса алдына, соңғы әріптен басталса аяғына тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз көрсетілген ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреулеріне ғана, өз орнына тұру үшін орындарын ауыстыруына белгі беруге болады.

  4. Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі - бәрі өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады.

  5. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

№9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: БІЗ. ҚАНДАЙМЫЗ?

Мақсаты:

  • Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.

  • Бірін-бірі тыңдай, бағалай білуге үйрету.

Нәтиже:

  • Топ мүшелерінің мінез-құлықтарымен жете танысады.

  • Бірін - бірі тыңдауға дағдыланады.

Көрнекілігі: таныстыру (презентациясы, бейнематериалдары электронды түрде) топтардың.

Түрі: жаттығулар.

Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?


№11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ТҮСІНІСТІККЕ ҮЙРЕНЕМІЗ


Мақсаты:

өзара вербальді әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту.

Күтілетін нәтиже: өзара вебральді әрекеттесуге дағдыланады. Әлеуметтік бақылағыштық қабілеттері дамиды.

Көрнекілігі: презентациялар

Түрі: Тілек жазу, ассосация, шеңбердегі әңгіме.


  1. «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші белгі берген кезде әр қатысушы қиынға соқпайтын қимыл-қозғалыстар жасауы тиіс. 5-10 секундтан соң жүргізуші келесі белгі бергенде, әр қатысушы өзінің сол жағында тұрған қатысушының қимылын жасауы тиіс. Ойын әр қимыл өз авторларына қайтқанша жалғасады.

Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысына қызығушылықтарын арттыру.

Талқылау:

  • Жаттығуды орындағанда қандай әсерде болдыңыздар?

  • Жаттығу қиынға соқпады ма?



  1. «Үш мүсін». Тыңдаушыларға ежелгі аңыз-әңгіме ұсынылады:

  • Бұрынғы өткен заманда қытай императоры мен хан дос болыпты. Екеуінің

достығына дүйім жұрт қызығушылықпен, қызғанышпен қарайды екен. Ұзақ уақыт мемлекет басқару ісіне байланысты бір-бірін көрмей қалса, біріне-бірі сыйлық, сәлемдеме жіберіп, сағыныштарын басып отырады екен.

Күндердің күнінде қытай императоры өз империясындағы уәзірлерінің іс - әрекеттеріне ренжіп, соның шешімін табу үшін ханға жұмбақ-сыйлық жібереді. Оның ішінде адамның алтыннан жасалған үш мүсіні болады. Бұл үш мүсіннің бір-бірінен көзге бірден көрінетін айырмашылығы болмайды. Бірақ император өз хатында «... Қымбатты, досым! Мына үш мүсіннің бір-бірінен айырмашылығы жоқ сияқты көрінгенімен, жақсылап ойланып қараған көреген көзге бірден көрінетін үлкен айырмашылықтарын табуға болады. Досым соның шешімін тауып көрші....» деп хат жазыпты. Хан әбден ойланып шешімін таба алмаған соң уәзірлеріне тапсырма береді. Уәзірлері олай-бұлай іздеп шешімін таба алмайды. Үшеуінің салмақтары да, ұзындықтары да, алтын құрамы да, тіпті бейнелері де бір-бірінен айнымайды екен. Уәзірлері не қыларын білмей әбден сасады.

Сол кезде ең жас, ақылды уәзірі тұрып: «Хан ием, егер рұқсат берсеңіз бұл жұмбақтың шешімін мен айтайын» деп рұқсат сұрапты. «Бұл мүсіндердің сырт көзге айырмашылықтары байқалмағанымен, жақсылап қарасаңыздар мүсіндердің үшеуінің де құлақтарында көзге ілінер-ілінбес тесіктер бар екен. Бұл не қылған тесік деп, сым темір өткізіп едім, сым темірдің екінші ұшы біреуінің екінші құлағынан, екіншісінің аузынан, үшіншісінің кіндігінен шықты. Содан бұл адамның мінез-құлқына байланысты-ау деген шешімге келдім. Себебі, бір адам естігенін бірден екінші құлағынан шығарып жібереді, екінші біреулер бірден түсінбей жатып, басқаларға айтады, ал үшінші біреулер естігенін жүректен өткізіп, талдау жасайды емес пе?! Яғни, «ақпа құлақ», «ашық ауыз», «есті, жүректі адам» дегенге келеді. Сіздің досыңыз өз уәзірлерінің ішінде осындай адамдардың бар екендігін айтқысы келген болуы керек» деп жауап беріпті.

  1. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.

Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқа

мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Идеяны айтқаны үшін - 1 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін - 2 ұпай беріледі.

Талқылау:

  • Топта ролдер қалай бөлінді?

  • Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?

  • Бір-бірлеріңізге олдау көрсете алдыңыздар ма?

  1. «Жүректен жүрекке» ойын-жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір

біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.

№12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: РЕЛАКСАЦИЯЛАР


Мақсаты:

  • Оқушылардың ой-қиялын жетілдіру,

  • түрлі құбылыстар арқылы бейнелердкөрсете білу қабілеттерін арттыру

Күтілетін нәтиже: ойлау, қиялдау қабілеттерін артатын болады. Түрлі құбылыстарды, бейнелерді елестете боларды көрсете білу дағдысы дамиды.

Көрнекілігі: презентациялар орман туралы, таңғы сәулелер туралы.

Түрі: арт терапиялық жаттығулар


Релаксациялар. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

«Нұр сәулесі» релаксация

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

«Жаны сұлудың - тәні сұлу» психологиялық тренинг

Тренинг мақсаты: оқушылардың рухани жан дүниесінің сұлулығын түсіндіру.қатысушылардың өмір туралы қөзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау, өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау, қоғамдағы; жарнамаларға қалай қарайтынын білу; өмірдегі қиындық неден шығатыны електеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.

«Мен және өмір» жаттығуы

Шарты: қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

«|Балалығым бақытым» жаттығуы.

Шарты: балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінектіндерін тақтаға сурет салу арқылы талқылап айтады.

«Жан дүниемдегі сырымды таба біл» жаттығуы.

Шарты: қатысушылар бір- біріне, сол адам жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды. Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.

«Менің таңдауым» жаттығуы.

Шарты: қатысушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші қатысушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.

«Өмір» жаттығуы

Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке жеке талдап беру.

Мысалы: өмір- өзен, өмір -мейрім, өмір- ірге, өмір- рахат.

«Өмірге эксперимент» жаттығуы

Шарты: банкаға тас, кұм, бұршақ, су сыйғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай талдау. Мыс:банка -өмір, құм - ұсақ-түйек, бұршақ - кедергілер, су- өмірдің ағысы.

«Релаксация» жаттығуы.

Шарты: психолог жаттығуы мазмұнын оқиды,оқушылар көздерін жұмып отырып оны елестетеді.

Терең демалып, дем шығарыңыздар, сіздер орман ішінде демалып жүрсіздер, алдарыңызда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік, жұпар , ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің гүлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңізге мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңізге сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «біз бақытты адамбыз» деп қуанып, бір- біріңізге қолдарыңызды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қондыңыздар. Көздеріңді ашып, бір -біріңе күлімдеңдер. Психологиялық терапия

Әрбір адам жетістікке жету үшін ең бірінші өз күшіне сенімді болу керек. Жауапты жұмыс бастарда немесе қиыншылыққа кездескенде өміршеңдік ережесін еске алып, іштей қайталау арқылы өз -өзіңізге деген сеніміңізді арттыруға болады.

Мен-жігерлімін. Мен-күштімін. Мен-кешірімдімін. Мен-ақылдымын. Бәрі де өзіме байланысты, бәрі де өз қолымда-деп өзіңізді сендіріңіз.

«Шеңберге кіру» жаттығуы

Мақсаты:

  • Топтық бірлікке ынталандыру

  • Эмоциялық күштенуді түсіру

Топ мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап, тұйық шеңбер құрады. Алдын-ала жүргізуші алдыңғы ойын қорытындыларына сүйеніп, топтың қай мүшесі топқа ене алмай қалғандығын анықтайды және оған жаттығуды бірінші болып орындауды, яғни, шеңберді жарып, ішіне өтуді ұсынады. Дәл осылайша әрбір қатысушы ойнайды.

Тренингтік жаттығуларды жүргізіп болған соң, жалпы қорытынды жасалады. Онда әр қатысушының сұрақ-жауап алмасуы жүреді, сұрақтар тізбегін топ құрастырады.

Мысалы,

  • өзін-өзі тануда, өзін-өзі ашуда мен қандай қиындықтарға тап болдым?

  • Бұл кезде мен қандай сезімді бастан кешірдім?

  • Менің өз-өзімді іске асыруыма нелер кедергі келтіреді? Т.с.с

Пікірталас біткен соң мынадай екі сұрақ тобына жауап беру арқылы шығармашылық түрде қорытынды кешенді жазбаша (неме,се ауызша) талдау жұмысын жүргізуге болады:

  1. Тренинг барысында мен неге қол жеткізе алдым (неге жеткізе алмадым);

  2. тренинг барысында өзара рефлексия кезінде (тренермен) маған ұнағаны... (ұнамағаны...)

«Иә жаттығуы» релаксациясы

Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету

Мәтін: Көздеріңізді жұмыңыздар, өздеріңізді орманда жүрмін деп елестетіңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңыздар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындадыңыздар.Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезініңіз. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр.Соны табыңыз. Судың аққанын және орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тынгыштықпен үйлесімге кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқтолтырсын, «иә»деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңіңізге күлімдеңіз.Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты. Ол сіздіңішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс таратады. өзіңізге айтыңыз. «Мен бақытты, салмақты болғым келеді, әлі мен сондай боламын».

№13 сабақ

Балалар дөрекі қызғаншақ ашуланшақ, қызыққыш, ұстамсыз, өтірікші және тұйық; ашуын күлкі арқылы да жылау арқылы да көрсетеді. Ұсақ түйекке бола қатты қуанып, соншалықты қайғыруы мүмкін. Жанын ауыртқанына шыдамайды. Бірақ өзгелердің жанын ауыртады. Олар енді ересек адамдар. ЖАН ЛАБРЮЙЕР


Сабақтың тақырыбы:

АТА - АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРАМА - ҚАЙШЫЛЫҚТАР


Мақсаты:

  • Ата - аналар мен балалар арасында болатын кикілжіңнің алдын алу.

  • Үлкендерді құрметтей білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: ата - аналарды құрметтей білуге үйренеді.

Көрнекілігі: кинолардан үзінді. Жағымды ахуал туғызуға бағытталған фильмдер

Түрі: дөңгелек үстел. Топтағы әңгіме. Құпия хат. Пікірталас.


Кеңестің мақсаты - ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас қайшылықтарын реттеу үшін сындарлы шешім кілттерін табу және соған орай баламалы әрекет моделін жасау.

Кеңестің міндеті: «Қайшылық» ұғымының мәнін түсіндіру, ата-аналар мен есейген балалар арасындағы типтік қайшылықтардың бастау көздері мен психологиялық механизмдерін айқындау.

Балалар өскен соң үлкендердің талабына қарсы тұра бастайды, өздігінен әрекет етуге деген құқығын қаймықпай алға тарта бастайды. Олар енді ешқандай қысымға төзбейді, үлкендердің өз тараптарына айтылған сын-ескертпелерін де тойтаруға тырысады. Ата-аналары болса, тіршіліктегі өз проблемаларынан әбден шаршап, енді қиялында балаларының үлгі боларлық бейнесін жасайды, соған сәйкестендіреді. Бірақ іс жүзінде олардың шынайы бейнесімен бетпе-бет келеді. Баланың оқу мотивациясы төмен, оның үстіне дөрекіліктері бар. Содан көңілі қалады. Отбасында қайшылықтар туындайды. Не істеу керек? Мұндай конфликтілі жағдайларды реттей білу керек.

«Конфликт» сөзі латын тілінен шыққан. Ол «қақтығыс» деген ұғымды білдіреді. Конфликт - әр түрлі тілек-талаптар мен мүдделердің қақтығысы болып табылады. Жанжал - тараптардың тікелей қақтығысқа баруына себеп болып табылатын жағдай. Екі не одан да көп адам жанжалдасқан жағдайды біз тұлғааралық конфликт деп атаймыз. Осы конфликтілі жағдаяттарды шешу сатылары мынадай:

  • Конфликттің жасырын және айқын себептерін анықтау

  • Конфликтіге түсушілердің мүдделерін, тілектерін айқындау.

Бала мен ата-ана арасындағы конфликттерді реттеуге арналған жаднамалар, жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған ұсынымдар, баламен қарым-қатынас жасау ережелері ата-аналар назарына ұсынылды.

№14 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

КИКІЛЖІҢНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Мақсаты:

  • Кикілжің және оның денсаулыққа әсері, кикілжіңді шешу

жолдары, дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету, кикілжіңнің пайда болу

себептерін анықтау

  • Айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға

дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

  • Кикілжің және оның денсаулыққа әсері туралы білетін болады.

  • Айналадағы ортамен қарым - қатынас жасай алады.

Көрнекілігі: презентациялар

Түрі: тренинг

Психологиялық дайындық

І. Кіріспе бөлім

Сәлеметсіздар ме, балалар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін

сіздермен өткізгелі отырған тренингтің тақырыбы «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» деп аталады. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты.

І. «Сіздермен араласқаныма қуаныштымын»

Шарты: Сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беру

(Амансыз ба? Сәлеметсіз бе? Халіңіз қалай? Жақсымысыз?т.б)

Адамдар бір-бірімен кездескенде осындай жылы сөздермен амандасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады. Сондықтан адамдар әрқашан осындай жылы сөздер естігісі келеді. Біз әртүрліліміз. Біздің көзіміз, киіміміз,бойымыз, жасымыз әртүрлі. Бірақ бір жағдайда бәріміз ұқсаймыз: көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз болған жағдайда жылаймыз. Көңілдің әртүрлі күйі: мазасыздану ал эмоция жан сезімі. Біздің көңіл-күйімізді ашық аспан, шуақты күн, бұлтты күн, жауынды күн сияқты бейнелеуге болады. Эмоцияның екі түрі бар. Жағымды, жағымсыз. Жағымды эмоция -бақыт қанағаттану, келісу, қуаныш. Жағымсыз эмоция-көңілсіздік, қайғы стресс, келіспеушілік т.б

Ситуациялық сұрақтар.

А) Сенің парталас көршің сенен дөрекі түрде сызғыш сұрады.

Егер сен сыпайы болсаң не істер едің?

Ә) Сен сабаққа кешігіп келдің. Сенің орныңа жолдасың отырып қойыпты. Не

істер едің?

Кикілжіңді шешу үшін сөйлеу әдебін сақтауымыз керек.

1.Сөйлеген сөздің соңын ойлап соған байланысты сөйлеу. 2. Ешкімнің көңілін қалдырмау, сөйлегенде басқаның сөзін бөлмеу. 3.Біреуді мақтағанда артық кетпеу. Үлкендердің қасында дабырлап сөйлемеу. 5.Адамның сырын басқаларға айтпау. 6.Тілді жаман сөзге үйретпеу, өтірік сөйлеуден, сөз тасудан сақтану.

Енді мына кестеге назар салыңыздар Проблемамен конфликт дау-жанжал Әкем

Анам

Мұғалім

Достар Материалдық қажеттіліктер

Рухани қажеттіліктер

Сабақ

Туыс-бауыр

Рольдік ойын. Шарты: іс-қимылмен кӛрсету

1.Бақылаудан «5» алған оқушы.

2. Сабаққа кешіккен оқушы.

3. Диктанттан «2» алған оқушы.

4.Қыдырып жүрген оқушы.

Психологиялық кеңес.

Психологтар көңіл-күйі болмаған адамдарға кеңес береді. Себебі іштен тынған адам ауруға шалдығады. Көз жасыңыз шықпай ма? Онда бойыңыздағы жинаған эмоциялық жүк түскенше барынша қатты айқайлаңыз. Сол сәтте сіздің бойыңыз жеңілдеп қалады. Адам ағзасында бәрі де өзара байланысты болады. Аздап жымисаңыз болды, миға «Өмір тамаша» деген рефлекстік дабыл түседі.

ІІІ.Қорытынды.

«Сенімен қарым-қатынас жасағаныма қуаныштымын» бөлімі. Шарты: Сол жағыңыздағы оқушыға қолыңызды бере тұрып, сенімен қарым-қатынаста болғаныма қуаныштымын деп қолынан ұстап, осы сөз әрі қарай жалғаса береді де барлығымыз бар дауыспен «бір - бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға өте қуаныштымыз!













№15 сабақ

Өткеніміз - өнеге, күткеніміз- келешек

Н. Назарбаев


Сабақтың тақырыбы:

МЕНІ ЕРТЕҢ КЕРЕМЕТ КЕЛЕШЕК КҮТЕДІ

Мақсаты:

  • Болашаққа бағдар жасай білуге үйренетін болады.

  • Келешекке жақсы үмітпен қарайтын болады

Күтілетін нәтиже:

  • Болашаққа бағдар жасай алатын болады.

  • Келешекке жақсы үмітпен қарай алады.

Көрнекілігі: презентациялар, музыка, жұлдызшалар

Түрі: тренинг

1 «Өз жұлдызыңды тап» /арт терапиялық жаттығу/

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз.Үш рет демалып,үш рет дем шығарыңыз...(баяу музыка ойнап тұрады)

- Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кішкентай,жарық және сығырайған.Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар,ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап,біресе алыстайтын жарық нүктелер.

- Сол жұлдыздарға қарап ең кріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды,әлде бақытты,қуанышты,шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсіреді ме?Тағыда жұлдыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз!Сіз міндетті түрде оны аласыз.Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап қарап,оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап,төмен қарай аяқтарыңызды сипап,керіліп көздеріңізді ашуға болады. Сіздерге елестеткен жылтырақ жұлдызыңызды таратамыз. Алған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер.Олар сендерге білім жолында,барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар,олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды.Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді, келешекте сіздерді жарқын болашақ күтсін!

  1. «Бір күннің қорытындысы»

Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз,өзіңіздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып,бір-бірімізге тілек тілейміз.бір кісі сөйлеп отырғанда,басқаларды мұқият тыңдау,сөзді бөлмеу,сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.

Талдау:

1. Өткен трениг сізге не өзгеріс алып келді?

2. Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз?

3. Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

4. Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз?

Соңынан тренинке қатысушыларға алғыс айтылып, тренингтен естеліктер ұсынылады.

№16 сабақ

Өткеніміз - өнеге, күткеніміз- келешек

Н. Назарбаев


Сабақтың тақырыбы:

СЕНІМНІҢ СОҚПАҒЫ

Мақсаты:

  • Топішілік өзара сенімді қарым - қатынас орнату.

Күтілетін нәтиже:

  • Топтағы бірлестік орын алатын болады.

Көрнекілігі: презентациялар, музыка

Түрі: ойын.

Ойынға қатысушылар бір - біоімен емес, «идеалды уақытпен» санасады. Ал, ол уақыт әр жаттығу үшін әр бөлек. Барлық тапсырмалар топтық, түгелдей барлық ойыншымен орындалады. Кезеңдер арасында барлығы ойын жүріп жатқан кабинеттен бірге шығады. Кабинеттен кіріп шыққанда олар қол ұстасып, кіріп шығуы керек. Егер де тізбек үзілсе, бұл үшін айып ретінде қосымша уақыт беріледі. Жол парағында кезеңдер атауымен, уақыты жазылып отырады. Ол жерде «идеалды уақыт» және кезең атауы көрсетілген. Ойыншылар қол ұстасып, кабинеттен бірге шығады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша олар қайтадан кіреді.

1 кезең: «Сауық кеші» деп аталады.

Жүргізуші: алыс жолға шығар алдында кішкене уақыт отыра тұру салты бар. Міне қазір сіздер де отыруларыңыз керек. Бірақ бұл жерде сіздер әрқайсысыңыз біреудің тізесіне отыруыларыңыз керек және сіздің тізеңізде біреу отыру қажет. Басқа ешнәрсе түсіндірмей жетекші «Басталды» деген бұйрық беріп секундомерді қосады. Ойыншылар шеңбер болып, бір- бірлерінің алдына отыруды түсініп, солай отырған кезде ғана секундомер тоқтайды.

2 кезең: Жетекші ойыншыларға арқаларына жапсыруға болатын (қатысушылар саны бойынша ) қағаздан дайындалған номерлер көрсетіледі. Барлығына шеңбер болып тұру ұсынылады.

Жүргізуші: «Қазір мен әрқайсысыңызға номер жапсырам, бірақ ол рет- ретімен емес. Сіздің міндетіңіз: бірінші нөмерден ең соңғысына дейін қатарласып тұра қалу және ойынның маңызды шартын сақтау керек - ешнәрсені дауыстап айтуға болмайды. Өз нөмеріңізді шешіп алып қарауға болмайды. Саусақтармен көрсетуге және басқа да әдістермен көрсетуге болмайды. Бұл ережелерді бұзғандарға 10 с айып салынады. Жаман сөздер айтқанға 20 с айып салынады»

3 кезең: «Соқпақ және жар» Жүргізуші екі орындықты қосады (7 адамнан тұратын топ.) және оларды жіппен байлайды. Тағы да 4 орындықты байланған орындықтан 30 см алшақтықта қарама - қарсы қояды, «Соқпақ» және «арал» болуы үшін.

Жүргізуші: «Қазір менің бұйрығыммен сіздер, мына соқпақпен жүгіріп өтулеріңіз керек (орындықтарды көрсетеді) және мына аралға барып тұрасыздар (байланған орындықтарды көрсетеді) аралда барлықтарыңыз тұруларыңыз қажет. Барлықтарыңыз аралда тұрған кезде бірігіп бір ұран шығарасыздар. Барлықтарыңыздың аралға жиналып, айғайлағанды естігеннен кейін мен секундомерді өшіремін. Егер де біреуіңіз соқпақтан құлап қалсаңыз барлық топ ойыннан шығады және айып ұпайы салынады. Басталды!»

Ойынды талдау. «Идеалды уақытпен» салыстыру. Қай кезеңдер көп есте қалды, не үшін? Не оңай болды, не қиын болды? Достарыңыз жайлы жаңадан не білдіңіздер?


№17 сабақ

Жылы, нәзік қолдауы бар, оң ортада өскен балалар,

өсе келе гүлденіп, өз жемісін береді.

ГЭРИ ЧЕПМЕН


Сабақтың тақырыбы:

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Мақсаты:

  • Жүргізілген жұмыстарды қорытындылау

Көрнекілігі: презентациялар, оқушылар жұмыстарының жиынтықтары,

Түрі: жинақтау сабағы

Оқушылардың жеке жазба жұмысы

Эссе «Мен не үйрендім?»

«Нені үйренгім келеді?»


Топтық жұмыс: «Жобаларын қорғау»

Сергіту жаттығулары.

Кері байланыс жасау: «Мақсат ағашы»



Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс







Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

Тәуекел топ оқушыларымен жұмысТәуекел топ оқушыларымен жұмыс

© 2010-2022