Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Бұл ұсынып отырған жобаны біз өз мектебімізде іске асырдық. Нәтижесін көзбен көріп отырмыз. Мектеп ішіндегі оқушылар арасындағы шиеленістер  азайды. Оқушылардың жалпы тәрбиелік көрсеткіштері жақсарды, қарым-қатынастар өзгерді.   Толеранттылықты қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы,ең өзекті мәселесі. Біз өзгерісі көп, жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз,дүниенің бәрі жаңарып өзгеріп жатса да, тек сол қалпында қалатын, адамгершілік пен ізгілік. Толерантты адам-ол мейірімді, өзгеге жаны ашитын,...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Ақсу қаласы Достық селолық округі Парамоновка ауылы орта мектебі»

Шығармашылық жобаның тақырыбы:

«Толеранттылық- адамдар достығы»

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Орындаған: 5 сынып оқушысы Қожагелді Жания

Жетекшісі: психолог Баезова Г.Ш.

Ақсу қаласы

22 қыркүйек 2014 ж

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Аты-жөні: Қожагелді Жания

Туған жылы: 2003 жыл

Мектебі: Павлодар облысы

Ақсу қаласы, Парамоновка ауылы

Парамоновка орта мектебі

Сыныбы: 5 «А»

Жеке қасиеттері: Ақкөңіл, кішіпейіл, мейірімді, еңбекқор, талапшыл.

Отбасында: Үлкендердің «қолғанаты», туыстарына қамқор.

Жетістіктері: Оқу озаты, мектепішілік математикалық сайыстың жеңімпазы. «Балалар әлемі» атты жас суретшілер байқауының жүлдегері. «Шын жүректен» клубының белсенді мүшесі.





Мазмұны

1. Аннотация

2. Кіріспе

3. Негізгі бөлім

а) Зерттеудің мақсаты

ә) Әдебиеттерге шолу

б) Толеранттық қатынастастар түрлері

в) Толеранттықты дамыту факторлары

г) Зерттеудің материалдары мен әдістері

4. Қорытынды

5. Қолданылған әдебиеттер









Аннотация

Зерттеудің мақсаты

Түрлі адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу.

Адамгершілік нормалары мен шиеленісті жағдайдағы қатынасты салыстыру.

Толеранттылық қатынасқа мектеп қабырғасынан жетуге болатынын дәлелдеу.

Толеранттылықты қалыптастыру жолдарын ұсыну.

Зерттеудің болжамы мен кезеңдері

Күнделікті өмірде жергілікті жердегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты бақылау.

Ауылымыз бойынша ұлт өкілдері туралы мәлімет жинап білу.

Мектептегі, ауылдағы түрлі шаралар арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтап дәлелдеу.

Мәліметтерге сүйене отырып салыстыру.

Тәжірибенің әдістемесі

Тәжірибелік әдістемелерге сүйену.

Теориялық білім деңгейлерін толықтыру.

Зерттеудің өзектілігі

Көпұлтты Қазақстан Республикасында толеранттылық қатынастың дамуы біздің қоғамның ілгері жылжуына , достық пен ынтымақтастыққа,бейбітшілікке жетелейтін жол.

Зерттеу жаңалығы

Толеранттылық қатынасқа мектеп қабырғасынан үйренуге болады.

Нәтижесі қолданылатын мекемелер

Мектеп,балабақшалар

Кіріспе

«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев :

Толеранттылық бұл - біздің қоғамның адамгершілік нормалары.

«Ғаламдық трендтерді ескере отырып, біз мемлекет, қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің тиімді моделін табуымыз қажет.

Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл - біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы дегеніміз бұл - озық, толерантты, ашық қоғам.

«Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты болып келді.

Толеранттылық бұл - біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев толеранттылық қатынас туралы әрдайым баса айтады, елдің ішкі саясатының негізгі тірегі де осы. Себебі біз көпұлтты мемлекетпіз, халықтар достығы елдегі бейбіт өмірдің кепілі.

Бейбіт өмір сүру-ол әр адамның бақыты. Адам өзін бақытты сезіну үшін не істеу керек? Әрине айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау қажет. Сонымен, толеранттылыққа қалай үйренуге болады, өзімізді, өзгені де қалай бақытты ете аламыз?

Өз зерттеулерімнің нәтижесінде толеранттылыққа мектеп қабырғасынан үйренудің тиімді әдістерін дәлелдеп көрсетейін.



Әдебиеттерге шолу

Толеранттылық (лат. tolerantia - төзімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.

Толеранттылық - адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі.

Толеранттылық - қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Tolerancia (исп.) - өзіңнің идеяңнан, өзге идеяны қабылдау.

Tolerance (англ.) - шыдамдылық, төзімділікке әзір болу

Tolerance (фран.) - басқалар сенен өзгеше ойлауы да, әрекет етуі де мүмкін жағдайда қатынас жасау.

Kuan rong (кит.) -басқаларға кеңпейілділік таныту.

Tasamul (араб.) - адамдарға кешірімділік, төзімділік,қайырымдылық, шыдамдылық .

Толерантность (рус.) - способность терпеть что-то или кого-то, быть выдержанным, выносливым, стойким, уметь мириться, принимать существование кого-то, считаться с мнением других, быть снисходительным.

Толеранттылық(қаз)-айналаңдағылармен иманжүзділік қатынаста болу





Толеранттылық -ол

Мейірімділік

Төзімділік Түсіністік

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Шыдамдылық Сыйластық

Кеңпейілділік





Зерттеудің материалдары мен әдістері

Біздің ауылда 2300 адам тұрады. 11 ұлт өкілі бар.

Парамоновка орта мектебінде осы ұлт өкілдері оқиды. Оқу қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ сыныптарында тек қазақ балалары оқиды да, басқа ұлт өкілдері орыс тілінде оқиды. Мектептегі түрлі шаралар аралас тілде өткізілгенмен , үзіліс кезінде қазақ сыныбының балалары бөлек, ал орыс сыныбының балалары бөлек жүретінбіз, онша араласа қоймайтынбыз.

Кейде шиеленіс туғызатын жайттар да болатын.

Бұл проблеманың шешімін мектептің әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету кабинетінің белсенділері « Сізге шын жүректен», «Искренне к Вам» атты клуб мүшелері оқушылар мектеп психологтары, әлеуметтік педагог проблеманың шешімін іздедік.

Мен осы клубтың белсенді мүшесі ретінде толеранттылыққа үйрететін шығармашылық жобамды ұсындым.

16-қараша халықаралық Толеранттылық күніне қарсаң «Толеранттылық апталығын» өткіздік. Апталық мақсаты - толеранттық мінез-құлық қалыптастыру , сонымен қатар « толеранттылық» сөзінің мағнасын түсіну, және ең бастысы түсіністік, достық, мейірімділікке үйрену.

Апталыққа дайындық керек, жауапты адамдарды таңдап, жұмыстарды бөлу, шараны жоспарлау, бағдарлама жасау, онымен оқушыларды , мұғалімдерді таныстыру. Ақпараттық стенд жасалу керек.

1-күні « Шуақты көңіл-күй» атты ойын-акция өтті.

Клуб мүшелері мектеп оқушыларын, педагогтарды, мектеп қызметшілеріне кәмпит ұсынып, жақсы көңіл-күй тіледі немесе жылы сөз айтты. Бұл акция бәріне қатты ұнады екінші күні паралель сыныптар бір- біріне жақсы тілек айтып, кәмпит ұсынды.

3-күні «Алақандар» ойын-акциясы болды. Жауапты 7 «Б» сыныбы болды.

Акварель бояумен алақандарын бояп , оның ізіне басқалар әр балаға тамаша тілектер жазып берді. Бұл акция да балаларға қатты ұнады.

4-күні «Толеранттылық -ол достық» атты сынып сағаттары болды.

Бұл сынып сағаттарында оқушылар толерантты және интолерантты жеке адамның қасиеттерін салыстырып, «толеранттылық Бәйтерегін» жасап, оған мектепте толерантты қарым-қатынас жасау үшін не істейу керек екенін жазды.

5-күні « Толеранттылыққа жол» ойын-акциясын өткіздік, үзіліс кезінде оқушылар осы тақырыпқа бірігіп суреттер салды, коллаждар жасады.

6-күні «Ерекше адамдар» атты киносеанс ұйымдастырдық.

Арамызда мүмкіндігі шектеулі адамдар бар, олар сау адамдармен құқығы бірдей екенін балалар кішкене кезінен білуі керек.

Айта кететінім, біздің мектеп инклюзивті бағытта 4 жыл жұмыс жасайды.

«Инклюзия» ол француз тілінен аударғанда кірігу,ену деген мағынаы білдіреді. Ол дегеніміз дені сау, төрт құбыласы тең адамдармен бірге бұл өмірде денсаулығына байланысты кемтар адамдар да бар. Ондай «ерекше» адамдар оқшауланып бөлек қалмай басқа адамдармен бірге болуы керек. Біздің мектепте көзі нашар көретін оқушы, қимыл-қозғалысы қиын балалар, оқу үлгерімі қиын балалар бар. Біз дені сау балалар осындай мұқтаждығы бар балаларға түсіністікпен, оларды алаламай бірдей көруіміз керек.

Толеранттылық -ол қайырымдылық пен мейірімділік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Толеранттылық апталығы өте қызықты өтті, барлық оқушыға ұнады.

Ең бастысы оқушылар бұл шараға белсенді қатысты, бір біріне деген сыйластық, достық, ынтымақтастықты нығайтты.

Биылғы жылы да «Толеранттылық апталығын» өткізуді жоспарлап отырмыз.

Мектептегі адамдар арасындағы сыйластықта, достыққа үйренуге ықпал ететін тағы бір шара -ол үзіліс кезінде өткізілетін түрлі ойындар.

Мысалы «Жүректен жүрекке». Әр сыныптың оқушылары жиналып шеңбер жасап тұрады, қасындағы балаға шеңбер бойынша «комплимент» айтып «жүрек» ұсынады, қазақша да, орысша да, ағылшынша да айта беруге болады.

Бұл ойын, өзге тілді үйренуге, танымайтын баламен танысып дос табуға, өзің туралы жылы сөз естіп, көңіліңді көтеруге, жалпы адамдарды сыйлауға, үйретеді.

Ақпан айында дәстүрлі «Бөбек» қоры ұйымдастыруымен республикалық «Махаббат және шығармашылық педагогика» атты декада өтеді.

Осы декада барысында мен өз достарыммен бірге «Шын жүректен» атты акция өткіздік. Әшекейлеп жасаған пошта жәшігіне оқушылар жақсы тілек тәлеп өз достарына, мұғалімдерге ашық хат жазып салды.

Пошташылар ол ашық хаттарды табыс етуге тиіс. Хат жазудағы ең басты ереже тек ізгі тілектер айту. Бұл ойын-акцияға бүкіл мектеп оқушылары қатысты, оларға өте қатты ұнады. Кейбір адамдар ұяң болады, көңілдегісін сөзбен жеткізе алмайды, ал хат жазып айтқысы келген тілегін жеткізуге болады.

Балалардың қарым-қатынасындағы тағы бір проблема ол,

ересектермен мұғалімдермен, кейде ата-аналармен ренжісіп жататын кездер болады. Толеранттылық ол кең ұғым тек ұлт аралық, я болмаса мүмкіншілігі шектеулі жандаға байланысты ғана емес.

Адамдар барлық адамдармен толерантты болуы қажет.

Ең бастысы-ол туған адамдарыңмен. Өзге адамдармен бір, ал үйдегілеріңмен басқа мінез көрсету -ол мәдениетке жатпайтын қылық. Әрине , кейде ересектермен келіспейтін кездер болуы мүмкін, сол кезде өз ойыңды ешкімді ренжітпей әдепті жеткізуге үйренуге болады. Ол үшін психологиялық тренингтердің көмегі зор.

Топпен, құрбылырыңмен, ата-анамен бірге өтетін «Қарым-қатынас» тренингтері бар. Мектеп психологтары «Толеранттылық сабақтары» тренингтерін өткізді.

Бұл тренингтерде оқушылар:

  • жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтауға;

  • шиеленіс жағдайдан шыға білуге

  • өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;

  • негативті шығару, жоюға

  • адамгершілік қасиеттерін дамытуға

  • өзге адамдармен толерантты қарым-қатынас жасауға үйренеді

Қорытынды

Бұл ұсынып отырған жобаны біз өз мектебімізде іске асырдық. Нәтижесін көзбен көріп отырмыз. Мектеп ішіндегі оқушылар арасындағы шиеленістер азайды. Оқушылардың жалпы тәрбиелік көрсеткіштері жақсарды, қарым-қатынастар өзгерді.

Толеранттылықты қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы,ең өзекті мәселесі.

Біз өзгерісі көп, жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз,дүниенің бәрі жаңарып өзгеріп жатса да, тек сол қалпында қалатын, адамгершілік пен ізгілік. Толерантты адам-ол мейірімді, өзгеге жаны ашитын, қасындағыларды сыйлай білетін, ішкі жан дүниесі бай, нағыз достықтың не екенін білетін адам.

Қазақ халқының рухани ұлттық құндылығы-ол имандылық.

Яғни, қазақ халқы әуел бастан толерантты, иманын арын сатпаған халық.

«Малымнан жаным артық, жанымнан арым артық» деген халық, біз болашақ ұрпақ осы дана өсиетті мәңгі сақтауымыз,нығайтуымыз керек.

Пайдаланған әдебиеттер

Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр»

К.Сариева «Ұлттық идеология негізі» , Алматы,2011

О.Чумакова «Формирование толерантности» ,ж-л «Открытая школа» № 115

Клейменчук М «Эффективное общение», г Алматы, Мирас,2013

Гурцева А «Тренинг общения»

Долина М «Уроки толерантности» Киев,2011









Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Мектептің әлеуметтік психологиялық «Искренне к Вам..» клубының «Толеранттылық елінде» атты қабырға газеті







Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

«Жүректен жүрекке» -ойын-акция

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

Апталықтан көріністер

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасыА

Толеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасыТолеранттылық-ол достық мектеп оқушысының ғылыми жобасы

© 2010-2022