БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегелі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген идеясын дамыта отырып, Н.А. Добролюбов: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тіле...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӘОЖ 17:37.01

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Дандыбаева А.С., Есембекова Қ.

ҚУ «Болашақ»

Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегелі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген идеясын дамыта отырып, Н.А. Добролюбов: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді[1].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Тәуелсіз еліміздің азаматын парасатты да білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, қалың көпшілік бірлесе күш салу керек. Сондықтан мектеп адамгершілігі болашақ ұрпақты қалыптастыру үшін халықпен, оның өмірімен тығыз байланыста болуы тиіс, халықтан нәр, және әсер алып отыруы тиіс -деген [2].

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Сондықтан халқымызға байланысты тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер.

Адамның рухани ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің саулығы, тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихы тамырын тереңнен алады. Халқымыздың жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп, кейінгіге талай ұлағатты сөздерін, іс-тәжірибиесін қалдырған.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және салауаттылық деңгейі жоғары ұрпақты тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген[3].

Ұлттық ойын түрлері, ұлттіқ мәдениет, ұлттық мүлде, ұлттық сана-сезім, ұрпақты руханилыққа және салауаттылыққа тәрбиелеуде ұлтымыздың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, жазба мұралары негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, келе жатқан асыл мұраларды жинақтап, зерттеп зерделеудің құндылығы арта түсуде. Қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, салауттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «Адамдықтың белгісі иіліп сәлем берген», «Адамгершілік болмай, әділдік болмас», «Кішіпейілділік - кісінің көркі» «Ақылың болса, арыңды сақта, ар ұят керек әр уақытта» деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Ұлт тағдыры ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді ұлттық ойындар арқылы өнерге, еңбекке шақыра отырып, рухани адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу мәселесін алғашқы орынға қойған. Ұлттық ойындар халық мұраларында рухани-адамгершілік қасиеттерді әсіресе, ар-ожданды қастерлеу тәрбиенің басты қағидасы болып саналған.

Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік етіп отырған заманда жасанды ар-ождан тазалығын сақтауға, рухани-адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Салауаттылық пен рухани-адамгершілікке баулитын халқымыздың сан ғасырлық ұлтпен бірге жасасып әр дайым дамып отырған ұлттық ойын түрлерімен тәлім-тәжірибесін, мұраларын болашақ жастар тәрбиесіне пайдаланудің берері мол екендігі халқымыздың зиялы азаматтар, ұлы ғұламалары да атап көрсеткен.

Адамгершілік парасаттылық, имандылық, тәлім-тәрбиесі туралы мәңгі өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, түрік ғұламаларының қалдырған мұраларынан көруге болады: Ибн Сина «», әл-Фараби «», Ж.Баласағұни «Құтты білік», М.Қашқари «» т.б Сонымен қатар адамның қоғамдағы орны, маңызы, тәлім-тәрбиесі, жан мен тән, өмірдің қыры-сыры туралы толғаныстары, ақыл-кеңес, даналық өсиеттер жөніндегі толғаған ақын -жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат, Махамбет.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының білім беру саласында үлкен үлес бетбұрыстар болды. Ұлттық негіздегі төлтума оқулықтар, рухани-адамгершілік тәрбиесі мәселесіне арналған ғылыми еңбекте жарық көрді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұралардыжинақтау, оны бүгінгі оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ғ.Қараш, және т.б., ал ұлттық ойындар туралы М.Гуннер, А.Гумьбольд, А.Диваев, А.Құралбекұлы, А.Әкімбайұлы, Е.Уаңбаев т.б. еңбектерінен көруге болады.

Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтканда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік жауынгерлік және табиғаттын дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа,саулыққа, салауттылыққа тәрбиелеп отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған.

Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды бастауыш сыныпта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский[2]: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы ақыл ойын дамытады, адамгершілікке, еңбекке, зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді.

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі- халық данышпандығының белгісі.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді: 1. Жалпы ойындар; 2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; 3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 5. Демалыс ойындары; 6. Ат үстіндегі ойындар; 7. Аттракциондық-көрініс ойындар. Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы[4].

Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары болып табылады.

Ұлттық ойындарды қолдануың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен әсіресе бастауыш сыныпта тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

А.Гумьбольд айтуынша:«Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады»деген[4].

Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістікпен қанағат табады.

Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тат баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, дүниеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы ойын. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабамыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекеттерінен бастау алады.

«Қазақстан Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-мазмұны туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

Қазақ халқы- ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды.

Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.

Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.

Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі:

1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;

2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;

3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б[5].

Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан ойын өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.

Дала ойындары ашық та икемді. Талаптарына шартты түрде келісуге болады. Ойын тәртібін ойыншылардың өздері де, көрермен де бағалауға бірдей мүмкіндік алды. Ойынға төрешілік халықтық сипатта жүргізілді. Үлкендер ел ақсақалдары баталарын беріп, ойынның басталуына рұқсат берліп немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тіледі. Халықтық ойындар біртіндеп дәстүр мен еңбек мерекесіне айналды, әдет- ғұрып негізінде тамыр жайды, жасөспірімдердің қозғалмалы ойындары ретінде өріс алды.

Қазақтың әдет-ғұрып ойындары қазақтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап береді. Оған Наурыз мерекесіндегі ойын-сауық түрлері дәлел болмақ.

Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған орыс ғалымы А.Диваев өзінің «Игры киргизских детей» (1905ж) атты еңбегінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: 1-ші кішкентай балалар ойыны, 2-ші ересек балалар ойыны, 3-ші жігіттер ойыны[6].

А.Диваев ұлттық ойындарды топтап, жинаушы ғана емес, оның бала тәрбиесіндегі әлеуметтік құнын көрсеткен ғалым.

Ойын - бір жағы, дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, бір жағы: көңіл көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын- сауықтар жиі атқарылады.

Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жұртқа жібермейді, адамгершілік қасиеттерді сақтап, бағалап, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіп, тұтастыққа, бірлікке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен, табысты тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдікке қызығу оның тамашалау көшпенділердің жас кезінен қанынан сіңірген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән бимен өрнектелген сауық түрі. Ұлттық ойындар жасөспірімдердің ой қабілетін, өмірге деген адами көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшін ойын - баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін тартқызатын жеңімпаздардың мәртебесін көтеретін кеңестік пен қолдау тоғысы.

Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі, сүйкімді әнші мен әңгімешілерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын сауықта жалғыздық сезім, арам ниет билей алмады, ойыншы үнемі ізденісте болады. Ондағы құдірет өнерпаздық, түсіністік және келісімге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдіретке тәнті болған, сол құндылыққа жетудің мүмкіндігін арнайы және үнемі іздестірумен әуреленген.

Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік көзқарастарын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді.

Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.

Тәрбиелеудің дәстүрлі әдіс - тәсілдері оқушы деңгейіне сай болу үшін түрлендіруді, жаңашыл инновациялық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Жас ұрпақ дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой өрісінің жоғары болуы оқу -тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Құрманбаева С.К. «Алматы» 2004 ж. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі»

2.Саханова С.А Ұлттық ойындар. // Бастауыш сынып=Начальная школа. - 2009. - № 5. - С. 11-13 б.

3. "Білім туралы" жаңа заң сапалы білімге кепілдік береді [Текст] / Ж. Түймебаев // Егемен Қазақстан. - 2007. - 16 тамыз

4.Наурызбаев Ж. «Алматы» Ана тілі 1995 «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» Оқушыларға мәдени- этникалық білім беру туралы

5 Айтмамбетова Б. Педагогика тағылымдары: мұғалімдерге арналған көмекші құрал . - Алматы : Рауан, 1993. - 87 б.

6. Атабаев А.С. «Кітап» 2006 ж. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы»



© 2010-2022